ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ АВТОР - AUTHOR Садуақас Н.А. Миров М.О. ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 2 Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 3 ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ COPYING THE KAZAKH ALPHABET IN LATIN KAZAK ALFABESİNİN LATİNCE’YE GEÇİŞİ ISBN: 978-625-7292-03-0 Редакторлар: Prof. Dr. D. Ali ARSLAN - ORCID iD: 0000-0002-5278-3911 Prof. Dr. Bekezhan AKHAN АВТОР - AUTHOR Садуақас Н. А. Миров М. О. Prof. Dr. Saduakas Nurbol Prof. Dr. Muhtar Mirov Abdullaevich Cover Design: Prof. Dr. D. Ali ARSLAN Layout-Offset Preparation: Prof. Dr. D. Ali ARSLAN © D. Ali ARSLAN Mer Ak Publishing House, 2021 This Book: It was prepared within the project of the "Cultural Treasures of the Turkish World - 7" in cooperation with TÜDBA The Academy Of Sciences Of The Turkish World - MER AK Mersin Academy - Baishev University-Aktöbe. Mer-Ak Mersin Akademi Yayınları (Mer Ak Publishing House) Adres: Çiftlikköy Mahallesi, 34. Cadde, Nisa 1 Evleri, No: 35, 6/12, Yenişehir/MERSİN - TÜRKİYE Web: https://merakyayinevi.mersinakademi.com.tr/ Tel: 0532 270 81 45 / 0553 666 06 06 Note: All administrative, academic and legal responsibilities of the chapters belong to their authors. Cover Photo: Миров М.О. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 4 TÜDBA TÜRK DÜNYASI BİLİMLER AKADEMİSİ (The Academy Of Sciences Of The Turkish World) Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 5 Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 6 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті С.Баишев университеті Садуақас Н.А., Миров М.О. ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ (Оқу құралы) Mersin - 2021 Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 7 Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.О.Тектіғұл филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Ә. Сұлтан Садуақас Н.А., Миров М.О. Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру. Оқу құралы. - Ақтөбе: С.Баишев университеті, 2021.- 136 б. Бұл оқу құралында қазақ тілі әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру бағытындағы тіл мамандарының атқарған жұмыстары, тарихи шаралардың өту барысы, латыннегізді қазақ әліпбиі мен жазуының емле ережелері, мемлекеттік тілдің болашағы мен қолданыс аясын кеңейте түсу бағытындағы іс-шаралар туралы баяндалған. Аталған оқу құралы мемлекеттік тіл, оқу-білім, ақпараттық-насихат саласы мамандарына, студенттер мен жалпы жұртшылыққа арналған. Баспаға С.Баишев университеті Ғылыми-әдістемелік Кеңесі шешімімен баспаға ұсынылған. ISBN: 978-625-7292-03-0 © Mer Ak Mersin Akademi, 2021. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 8 МАЗМҰНЫ беттер ТАРАУ МАЗМҰНЫ 8 АЛҒЫ СӨЗ 11 1 I. ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ 13 МӘСЕЛЕЛЕРІ Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 13 көшірудегі тарихи шешімдер Қазақ жазуын латын графикасына 22 көшірудің қажеттілігі Парламент депутаттарына таныстырылған 25 алғашқы әліпбидің нұсқасы Халық талқылауына ұсынылған әліпбидің 34 екінші нұсқасы Президент Жарлығымен бекітілген 36 алғашқы қазақ тілі әліпбинің нұсқасы Президент Жарлығымен өзгертілген жаңа 42 қазақ тілі әліпби туралы Латын негізді қазақ әліпбиінің құрамымен 44 танысу 2 II. ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ҚАТЫСТЫ 47 ДЕРЕКТЕР «Жаңа алфавит туралы қаулы» бойынша 47 1929 жылы қабылданған алғашқы латынға негізделген қазақ әліпбиі Профессор Қ.Жұбановтың латын негізді 48 қазақ әліпбиі мен жазу емлесін жетілдіру бағытындағы жұмыстары Қазақ жазуы тарихындағы емлені 51 жетілдіру мәселелері Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 9 Әліпби ауыстыруды жазу реформасына 53 айналдыру туралы Әліпби жасау ісі: « дыбыс – фонема – 56 графема – әріп» байланыстары және фонолог мамандар Кез-келген әліпбиге қойылатын басты 61 талаптар Мемлекеттік тіл –мемлекет тірегі 63 «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» 68 Латынға көшкеніміз дұрыс болды 71 Түрік, әзірбайжан, өзбек, түрікпен 75 жазуының латын әліпбиіне көшуі Латын халқы, оның тілі және классикалық 76 әліпбиі туралы Тіл маманы ретінде, өз ойымдағы әліпби 77 нұсқасын ұсынған едім Мәңгілік Ел: оның тілі, әліпбиі мен жазуы 81 3 III .ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ 84 ЕМЛЕ Әліпбиі мен емле: тіл үндесімінің негізі 84 Сөздерді бірге не бөлек жазудың мәселелері 91 Жаңа әліпби негізіндегі Қазақ тілі емлесінің 101 ережелері Кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік 108 сөздердің емлесі Жалпыхалықтық диктант туралы 116 Латынға көшу тарихы мен оның қазіргі 118 мәселелері Қорытынды 127 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 131 Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 10 Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 11 АЛҒЫ СӨЗ Әліпби мен жазу адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын рухани байлығымыз болып табылады. Қазіргі заман - жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген- тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас іс қағаздары, компьютер, интернет, агент т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тіліне, оның жазуына тікелей байланысты. Әлемдегі барлық ақпарат латын әліпбиіндегі ағылшын тілінен айналып өте алмайды. Сондықтан латын әліпбиі - өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек»,- деген болатын. Елбасының рухани жаңғыру бағытында баяндалған мақаласындағы қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы ұстанымдары мәңгі елдің болашағына, мемлекеттік тілдің келешегіне жасалған игі іс, маңызды тарихи оқиға ретінде халықтың зор ықыласына ие болды. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру турлары» №569 Жарлығы бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілді. Латын әліпбиі әлемдегі жазу құралдарын пайдалануды да бір-біріне жақындатып, әр түрлі графикадағы бір әріптен екіншісіне ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, басқа тілдерді де меңгеруге де оң әсер етеді. Осындай жағдайда латын әліпбиін қолдану білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға да, барлық мамандық иелеріне де, қарапайым адамдарға да әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдете түсуге ықпал етеді. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 12 Қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған кейбір қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіріп келген ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік туды. Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады екен. Ендеше әлем елдері игілігін көріп отырған латын әліпбиінің болашағы да зор екендігіне ешкім шүбә келтірмесі аян. Бұл еңбекте Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесі ережелерінің ерекшеліктері жөнінде де ғылыми талдау жасалған. Қазіргі таңда елімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру және Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесі ережелерін бекіту бағытында маңызды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Латын әліпбиінің артықшылықтарын түсіндіруден басталған алғашқы қадамдар қазіргі кезде латын негізді жаңа әліпбидің негізіндегі қазақ тілі емлесі ережелерінің ана тіліміздің, мемлекеттік тілдің, табиғатына үйлесімділігі, тіл заңдылықтарына сай келуі, әлемдік стандарттарға сәйкестігі сияқты толып жатқан мәселелермен байланысты қарастырылып жатыр. Латын әліпбиінің оқу-білім саласынан бастап, қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін кезең-кезеңмен атқарылатын шаралар да көп. Сондықтан латын негізді қазақ әліпбиі мен жазуы туралы бұл шағын еңбек ел өміріндегі қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бағытындағы тарихи шаралардың өту барысынан деректер келтіріп, мемлекеттік тілдің болашағы мен қолданыс аясын кеңейте түсер жаңалықтардан хабардар етіп, латын графикасына көшу, қазақ тілінің жаңа әліпби мен оның жазу емлесі туралы ғылыми-танымдық еңбек болып табылады. Аталған еңбек мемлекеттік тіл, оқу-білім, ақпараттық-насихат саласы мамандарына, студенттер мен жалпы жұртшылыққа арналған. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 13 I. ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудегі тарихи шешімдер Қазіргі таңда қазақ жазуын латын графикасына көшіру, латын негізді қазақ әліпбиін қабылдау мәселесіне байланысты атқарылатын жұмыстар қызу жүріп жатыр. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап, қазақ жазуын латын графикасына көшірудің артықшылықтары мен тіліміздің болашағы үшін қажетті шара екендігі туралы алғашқы пікірлер тілші ғалымдар арасында айтыла бастаған еді. Елінің болашағын тіліннің болашағымен байланыстыра қарайтын, «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», «Қазақ тілі- Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» деп мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ісін үнемі назарында ұстап жүрген ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет осы мәселе жөнінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2006 жылғы 24 қазанында өткен ХІІ сессиясында сөз қозғап: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген болатын[1]. Елбасының осы жиында жасаған «Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық.»атты баяндамасы қоғамда үлкен серпіліс туғызған еді. Осы кезден бастап ғылыми ортада латын әліпбиінің мүмкіндіктері мен оны қазақ әліпбиіне көшіру мәселесі жөнінде түрлі дәрежедегі талқылаулар болып, бірқатар басылымдарда маңызды-маңызды ғылыми мақалалар да жарияланған еді. Түрлі пікірталастарда әр түрлі көзқарастар ортаға ой тастап, «тақырып» жан-жақты талқыланып келді. Мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты шаралар өткізілген Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 14 тұстарда латын әліпбиі туралы, оның қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейте түсуге қосар үлесі де мол екендігі айтылып жүрді. Әр түрлі қиындықтарды алға тартып, әліпби ауыстырудың машақаты халықтың тұрмыс жағдайына да әсер етпес пе екен деушілер де болды. Бір әліпбиден екіншісіне көшу бір күнде болмайтын, латын әліпбиін әбден меңгерген кезде ғана латын әліпбиіне көшетінімізді біле тұра, таңертең ұйқысынан оянғанда ақшасы теңгеге ауысып кеткенін бастан кешірген елдегі кейбір адамдарымыз жаңа әліпбиді меңгере алмай қаламыз ба деген алаңдаушылығын да байқатты. ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан - 2050» «стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесін тағы да көтеріп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп атап көрсетті[2.73]. Бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми мәнді шара деп білеміз. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Сондықтан да болар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз оның қазақтар арасына қалай енгізілгеніне келіспейміз» деген сөзі көңілге көп ой салады. Себебі бұл сөз тілінің болашғын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кирилл-қазақ әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағытындағы игілікті қадам деп түсіндік. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясы одан әрі кеңейе түсуге мүмкіндік жасап, тілімздің ішкі табиғатына Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 15 әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым (орфоэпия) мен жазылым (орфография) талаптарын жүйеге түсіру деп түсінуіміз керек. Әліпби мен жазу адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған мақаласында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық»,- деп латын әліпбиіне көшуге кірісуді міндет етіп қойып, «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп, латынға көшудің маңыздылығына көңіл аударған болатын[3.2]. Қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы Елбасының рухани жаңғыру бағытында баяндаған бағдарламалық мақаласындағы терең мәнді ұстанымдарын халықтың ықыласына ие болып, қолдау тауып отырған мәңгі елдің болашағына, мемлекеттік тілдің келешегіне жасалған игі істердің, маңызды тарихи оқиғалардың бірі деп білеміз. Осы мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды»,-деп, қазақ әліппиі мен жазуының тарихына да тоқталып, алдағы кезде «біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керектігін» айтты[3]. Қазір латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп, Елбасы айтқандай, «уақыт ұттырмай», латынға көшу шарасын жеделдетудің маңыздылығына көз жетіп отыр. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 16 ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рухани жаңғыру бағытында баяндаған терең мәнді мақаласы халықтың ықыласы мен қолдауына ие болып, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне көшу бағытындағы істерге тың серпін берді. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобасы 2017 жылдың 11 қыркүйегінде алғаш рет Парламент депутаттарының талқылауына ұсынылды. Латынша қазақ әліпбиінің бұл жобасын Мәдениет және спорт министрлігіне қарайтын Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов таныстырды[4]. «Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасы» аталған латын негізді қазақ тілі әліпбиінде 25 әріп және 8 дыбысты таңбалайтын 8 диграф ұсынылған болатын. Диграф деген сөзді «бір дыбысты қос әріппен таңбалау» деп түсінген жөн. Әліпбиде «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымымен әр дыбысқа бір-бір әріп алынса да, бас- басына латынша жеке әріп жетіспегендіктен, қазақ тілінің Ә, Ө, Ү, Ң, Ғ, Ч, Ш, Ж дыбыстары қосарланған әріптермен (диграф-екі әріппен) таңбаланған еді. Сонымен қатар «і» және «и» екі түрлі дыбысымыз латынның бір ғана « Ii» әрпімен, «х», «һ» екі дыбысты латынның бір ғана «Hh» әрпімен, яғни «бір әріп – екі дыбыс» ұстанымымен таңбаланды. Сондықтан әліпбидің «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымы халықтың көңілінен шықса да, «бір әріп – екі дыбыс» ұстанымымен алынған «Ii», «Hh» әріптері, «бір дыбыс-екі таңба, диграф жүйесі» ұстанымымен алынған 8 диграф халықтың, соның ішінде тіл мамандары тарапынан толық қолдау таба алмады. Осы мәселеге байланысты өз пікірін айтқан ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев та қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі төл дыбыстарды таңбалауға ерекше мұқият қарауды ескертті. Қазақ жазуы тарихында болмағандықтан, бір дыбысты қос таңбамен, диграфпен, белгілеу жазуда біздің қалыптасқан әдетімізге біршама қолайсыздықтар туғызатын еді. Себебі европа тілдерінен өзгешелігі қазақ(түркі) тілдері құрылымы жағынан жалғамалы (агглютинативті) тілдерге жататындықтан түбір сөзден кейін жалғанатын қосымшалары да көп болады, соған байланысты қосымшалары арқылы сөз мағынасы да, сөздің тұрқы да ұзара түседі. Ал бір дыбысты екі әріппен(диграфпен) таңбаласақ, онда сөз құрылымындағы әріп саны Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 17 өсе түседі. Бұл жағдай жазуға да қосымша ауыртпалық түсірер еді. Ал европадағы роман, герман, славян сияқты тілдерді бір сөзбен флективті тіл, яғни сөздерінің сыртқы тұрқы қысқа келетін тіл, болып саналады. Олардың сөздері қанша өзгеріп құбылса да, тұрқы қысқа күйінде қалады. Сондықтан оларға , «бір дыбыс-екі таңба, диграф» ұстанымы оңтайлы, сондықтан бұл тілдер қосар әріпті пайдалана алады. Осыған байланысты тегі басқа ағылшын тілі мен оның жазуындағы «ерекшеліктерді» туыстығы жоқ, өзге тілдерге үлгі етуге болмайды. Көп ұзамай латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің тағы екінші нұсқасы да халық талқылауына ұсынылды. 2017 жылдың 9 қазандағы ҚР Президентінің арнайы сайтындағы Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратында «Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне ауыстыру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға қатысты жұмыс тобы Қазақстан Президентіне латын графикасындағы қазақ әліпбиінің біркелкі стандарты жобасын ұсынды» деп хабарланды[5]. Осы жұмыстардың барысын өзі тікелей бақылап отырған ҚР тұңғыш Президенті: «Әлемдегі ешқандай ел дәл біз тәрізді жаңа әліпбиді талқыламаған. Бізге әр адамның пікірі маңызды. Латын әліпбиіне ауысуға қатысты президент әкімшілігіне 300-ден астам үндеу жолданды. Жастардың бұл процеске қолдау көрсеткені қуантарлық жағдай»,-деп жастарға ерекше ризалығын білдірді[5]. Бұл екінші әліпби жобасында 32 әріп болды. Оның ішінде латынның «H» әрпі біздегі [х], [h] дыбыстарын, апострофпен(дәйекші) берілген латын «I’» әрпі [и], [й] дыбыстарын, яғни бір әріппен екі дыбысты таңбалап, «бір әріп – екі дыбыс» ұстанымына сай алынған еді. Бұған қоса, тағы да 7 дыбыс, Ә,Ң, Ө,Ш, Ч,Ү, У, апострофпен берілді. Әліпбидегі 32 әріптің осылай алынуына байланысты олар 34 дыбысты таңбалап, бұрынғы 42 әріптің ішінен 8 әріп (ё, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я) қысқартылды. Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиінің екінші жобасында 9 дыбыстың дәйекші(апостроф) арқылы таңбалануы, яғни қазақ тіліне тән 5 төл дыбыс (ә, ө, ү, ғ, ң) , 1 кірме дыбыс(ч) және екі тілге де ортақ 3 дыбыс(и/й, ш , у) апострофпен таңбалануы мамандарды да әр түрлі көзқарасқа әкеліп, халық арасында біраз талқыланды. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 18 Еліміздегі барлық адамдардың, әсіресе, әр түрлі мамандық иелерінің белсенділігі, халықтың қолдауы нәтижесінде ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру турлары» №569 Жарлығы бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілді[6]. № жазылуы дыбысталуы № жазылуы дыбысталуы 1 Aa [а] 17 N’ n’ [ң], [ңг] 2 A’a’ [ә] 18 Oo [о] 3 Bb [б] 19 O’ o’ [ө] 4 Dd [д] 20 Pp [п] 5 Ee [е] 21 Qq [қ] 6 Ff [ф] 22 Rr [р] 7 Gg [г] 23 Ss [с] 8 G’ g’ [ғ] 24 S’ s’ [ш] 9 Hh [х], [h] 25 C’ c’ [ч] 10 Ii [і] 26 Tt [т] 11 I’ I’ [и], [й] 27 Uu [ұ] 12 Jj [ж] 28 U’ u’ [ү] 13 Kk [к] 29 Vv [в] 14 Ll [л] 30 Yy [ы] 15 Mm [м] 31 Y’ y’ [у] 16 Nn [н] 32 Zz [з] Халық қолдауымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жетілдіре түсу бағытында елімізде маңызды басқосулар, түрлі талқылаулар жүріп жатыр. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында: «Қазақстандықтардың болашағы- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 19 Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет»,- деп маңызды міндеттерді атап көрсетті[7]. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығы бойынша «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізілді[8]: № Жазылуы дыбысталуы № Жазылуы дыбысталуы 1 Aa [а] 17 N’ n’ [ң] 2 A’a’ [ә] 18 Oo [о] 3 Bb [б] 19 O’ o’ [ө] 4 Dd [д] 20 Pp [п] 5 Ee [е] 21 Qq [қ] 6 Ff [ф] 22 Rr [р] 7 Gg [г] 23 Ss [с] 8 G’ g’ [ғ] 24 Tt [т] 9 Hh [х], [h] 25 Uu [ұ] 10 Ii [і] 26 U’ u’ [ү] 11 Ii [и], [й] 27 Vv [в] 12 Jj [ж] 28 Yy [ы] 13 Kk [к] 29 Y’ y’ [у] 14 Ll [л] 30 Zz [з] 15 Mm [м] 31 Sh sh [ш] 16 Nn [н] 32 Ch ch [ч] Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 20 Өзгеріс енгізілген бұл әліпбиде латын әріптерін барынша қазақ тілі дыбыстарына сәйкес таңбалауға, қазақ тілінің үндесім талаптарына бейімдеуге, «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын сақтауға назар аударылған. Дәйекші қолдану нәтижесінде тіліміздегі барлық дыбыстарды да қалдырмай таңбалау мүмкін болған. Президенттің қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бағытындағы атқарып жатқан барлық іс- шараларын көкірегі ояу, болашақты ойлаған халқы, әсіресе, тіл мамандары, қуана қолдап келеді. жаңа әліпбидің сәтті жасалуына ерекше назар аударып, оның жаңа нұсқаларының қайта-қайта халық алдына ұсынылып, талқылануына жағдай жасап, маңыз беруі Елбасымыздың парасатты шешімі деп білеміз. Әліпби мен жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол - өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Сондықтан қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру әлемдік талаптарға да сай келтіру деп түсіну керек. Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты семинар-кеңесте қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының жетекшісі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек: «Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақтылап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшуді сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлау, оның қолданыс аясын одан ары кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге жасалған мүмкіндік деп түсіну керек»,- деп, әліпбиді ауыстыру еліміздің болашағы үшін аса қажетті қадам екенін, оның маңызын әр адам терең сезіне біліп, ортақ іске өз үлестерін қосуы керектігін айтты[9]. Қазір қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруге байланысты шаралар барлық мекемелерде қызу жүріп жатыр. Ақтөбе облысы әкімдігінде де 2017 жылғы 15 қарашада мекеме басшылары, қоғам қайраткерлері, тіл білімі саласының ғалымдары, жоғары оқу Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 21 орындары басшылары және басқа да қызметкерлер қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу мәселесі» талқыланған жиын өткізілді. Осы жиналысқа төрағалық етуші, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: «Елбасы қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын атап көрсетті. Біз үшін бұл-үлкен міндет. Қазақ тілі әліпбиін латынға көшіру- мемлекеттік тілімізді әлемдік стандартқа сай келтіру. Сондықтан бұл істі жауапкершілікпен атқаруымыз қажет»,-деп, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты облыс бойынша атқарылатын шараларға байланысты талқылау жасады[10].Осы жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Т.Төлебаева, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС басшысы Р.Отыншин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті профессоры К.Қ.Садирова және басқалар өз ойларын ортаға салды. Қазақ тілі - мемлекеттік тіліміз болып табылады. Осы тұрғыда қарағанда, жазуымызды латын әріптеріне көшірудің мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге де қосар үлесі зор деп білеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміз керегесін кеңге жайып, егеменді елімізбен қатар дамып, мемлекеттік тілге деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай келуін күнделікті өмірдің өзі талап етіп отыр. Қазір шетелдермен әр түрлі саладағы байлданыстардың күшеюіне байланысты осы шараларды рәсімдеу құжаттарын жазуда латын әріптерінің қажеттілігі анық байқалады. Сондай-ақ Елбасының мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы сарабдал саясаты, оның шетелге барған сапарында түрлі жиындарда қазақ тілінде сөйлеуі қазір мемлекеттік қызметтегі адамдарға ерекше ықпал етті деп айта аламыз. Қазір шетелден келушілер саны көбейіп, Қазақстанға әлемнің назары ауып отырған тұста еліміздегі өзге ұлттармен қатар, шетел азаматтарының да мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы артып отыр. Қазіргі күнделікті өмірдің өзі, жаңа технологиялар заманы Қазақстанның өзін бүкіл әлемге танытып қана қоймай, әлем көз тіккен талай маңызды шаралардың ұйтқысы болуы, сыртқы елдермен байланысының күшейе түсуі, әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің қатарына қосылуға бағыт алуы, т.б. жағдайлар оның мемлекеттік тілі мен жазуының да әлемдік талаптарға сай болуын Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 22 талап етеді. Демек, қазақ тілін латын графикасына негізделген әліпбиіге көшіру- әлемдік стандартқа сай болу дегенді танытады. Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің қажеттілігі Қазақ жазуын латын әріптеріне көшірудің бірнеше қажетті себебі бар. Біріншіден, заман ағымына сай тіл де үнемі дамып, сөздік қоры мен сөздік құрамы толыға түседі. Күнделікті өмірде танылған барлық заттар мен құбылыстар сол тілде сөз арқылы қолданыс табады. Егер осы сөздер өз ана тілінде, немесе ана тілдің заңдылығына бейімделіп қолданылмаса, онда кез-келген тілдің сөздік қоры жұтаң тартып, ол тілдің табиғи заңдылықтары бұзыла бастайды. Уақыт өте келе бір кездері тілдің өз сөздерінен гөрі басқа тілдің сөздері көбейіп, өз тілінің табиғатына сай заңдылықтарын басқа тілдің сөздері ығыстыра бастайды. Сөйтіп бір тіл екінші тілді әлсіретіп, бара-бара «жұтып» қоюы да мүмкін. Тарих деректеріне жүгінсек, бір ел екіншісінің жерін жаулап алып қана қоймай, тілін де жойып жіберген. Әрине, бүгінгі таңда қазақ тіліне мұндай қауіп жоқ, дегенмен тілімізге еніп жатқан өзге тіл сөздеріне тоқтау салып, оларды өз сөзімізге кері әсер еткізбей өз тіліміздің заңдылығына сәйкестендіре қабылдаудың да жолдары бар екенін ескеру керек. Сондықтан орыс тілінен тасқын судай тоқтаусыз еніп жатқан сөздерді латын әріптерін алған кезде өз тіліміздің заңдылығына қарай қолдануға мүмкіндік туады. Екіншіден, қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріптің ішінде орыс тілінің он үш әрпі бар (в, ё, и, ц, ч, щ, ф, х, ь, ъ, э, ю, я), сондықтан өз тіліміздің заңдылығын бұзып, көп сөздерді орыс тілінің емле- ережелеріне бағынып жазамыз және орыс тілі заңдылығына бағынып айтамыз, яғни қазақ әліпбиі деген аты ғана, біздің әліпбиімізді қазақ- орыс әліпбиі деп атауға болады. Бұл өз кезегінде тілді шұбарлап, қазақ тілінің орысша акцентпен сөйленуіне жол берді. Әліпбиде әріптің көп болуы да дыбысталуға әсер етеді десек, ал дыбысынан әріп саны асып түсетін әліпби тілге тіпті қауіп төндіреді. Латын әліпбиіне көшу барысында осы мәселеле де шешілуге тиіс. Үшіншіден, біз айналамызды қоршаған ортаны, тіпті әлемді тілімізге енген орыс сөздері арқылы орыс тілінің «көзімен» танып келдік, енді қазіргі таңда егеменді ел ретінде Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 23 тіліміздің де егеменді болып, өз тіліміздің заңдылығына сай сөйлеп, өз тіліміз арқылы әлемге қарайтын кез жетті. Латын арқылы біздің сыртқы әлеммен қатынасымыз ешқандай арамыздағы көпір, орысшасыз бірден басталады. Ал бізде әзірге барлық ақпарат орыс тілі арқылы келеді. Шетелдік географиялық атау, адам аттары, терминдер, барлығы орысша ой арқылы келеді. Мысалы Партугалия емес Португалия, Галливуд емес Холливуд, Гейне емес Heine, Гюго емес Hugo т.б. Мысалы, орыс тілі заңдылығымен сөйлеген біздер немістің Гейне, Гюге, Гёте деген ақын-жазушылары бар деп білдік, ал шындығында олар «Хайне», «Хюге» деп айтылады, себебі орыста «Һ» дыбысы жоқ болғандықтан оны «г» дыбысымен айтады. Сол сияқты қазақтың «орал» деген сөзін «урал» немесе «арал» деп айтқанына еріп біздер өз сөздеріміз қайсы, өзгенің сөзі қайсы екенін ажырата алмай қалдық. Мысалға, қазақтың Жанар, Анар, Айнұр, Көркем, Өтеміс деген аттарын Жанара, Анара, Айнура, Куркема, Утемис деп айтуға үйреніп кеттік. Қазақтың үндесе айтылатын сөздерін Ысмайыл-Смайл, Ысқақ-Сқақ, Ырысты-Рысты деп тіліміздегі дыбыстар тіркесін, айтылым заңдылығын бұзып жүрміз. Мұндай мысалдар өте көп. Төртіншіден, қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін, қазақ сөзін сол дыбыстармен айтып-жазу керек екендігін де сақтамай, кейінгі ұрпақты шатастыра бастадық. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде «х» дыбысы жоқ. Сондықтан «қабар-хабар, қош-хош, қат-хат, қан-хан, гауқар-гаухар-гауһар» деген сөздерде қазақтың «қ» дыбысының орнына орыс тілінің «х» дыбысын жазғаннан сөздің мағынасы өзгеріп тұрған жоқ. Бұл бір дыбысты екі әріппен жазу деген сөз, басқаша айтсақ, бір адамның екі түрлі төлқұжаты бар дегенмен бірдей болады. Бұл тіл заңдылығын бұзу болып табылады, яғни грамматикалық және орфоэпия- орфография заңдылығы бұзылды. Бесіншіден, қазіргі қазақ тілінде бір текті жасалған сөздер болса да, мысалы, «аяқ киім», «бас киім» сияқты сөздерді орысшасына қарай (обувь, головной убор), бірін қосып, екіншісін бөлек жазу кемшілігі жиі кездеседі. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 24 Алтыншыдан, қазіргі жазуымызда негізгі басшылыққа алатын 1983 жылғы 25 тамызда қабылданған «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» 18-бабында: «Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы сақталып, орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады» деген қағида бар[11.9]. «Сөзіміз қазақтікі болғанмен, жазу ережеміздің жартысы орыстікі. Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде еліміздегі барлық мекеме, бүкіл сала-сала кәсіпорындар тәуелсіз елге тән өзінің жаңа заңы мен ережесін баяғыда қабылдап бітті»,-деп, тек тіліміздің жазуы саласындағы осы ережеле өзгермей отырғаны айтылып келді. Жетіншіден, қазіргі әліпбиімізде орыс тілі дыбыстары көп, сонымен бірге орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ дыбыстарды да орыс тілінің ыңғайына қарай айтуға бейім тұратындар бар. Сондықтан бұрынғы әліппиімізді қазақ әліпбиі емес, қазақ-орыс әліпбиі, немесе орыс әліпбиінің қазақы варианты деуге болады. Сегізіншіден, қазіргі заман - жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Адамның барлық әс- әрекеті жазумен байланысты. Жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасайды, яғни хаттама, түрлі қатынас іс қағаздары, интернет, компьютер, планшет, ноутбук , мобильді телефон, смартфондар, т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Латын әріптері- өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», -деп, бұл шараның маңыздылығын атап көрсетті[3]. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 25 Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өткізілген «Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты жиында филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ерден Қажыбек: «Бүгінде латын жазуына көшудің бірнеше себептері бар. Біздің елімізде нақты міндеттер айқындалып қойды. Атап айтқанда, латын графикасына көшудің түпкі мақсаты – ұлттық әрі түркілік бірегейлікті қалыптастыру, қазақ тілін әлемдік ақпарат кеңістігіне енгізу әрі мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту. Аталған айқын мақсаттарды ақпарат құралдары арқылы түсіндіру керек», – деген еді[12]. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің көтерілуіне түрткі болған осындай көптеген жағдайлар бар, сондықтан жазуымызды түзейтін мезгіл жетті. Парламент депутаттарына таныстырылған алғашқы әліпбидің нұсқасы Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің «Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасы» деп аталған алғашқы жобасы 2017 жылдың 11 қыркүйегінде Парламент депутаттарының талқылауына ұсынылды. Латынша қазақ әліпбиінің бұл жобасын Мәдениет және спорт министрлігіне қарайтын Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов таныстырды[4]. Парламент депутаттары алдында таныстырылған «Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасын» таныстырған алғы сөзінде мынадай мәселелер айтылған: «1). Сіздерге таныстырылатын нұсқада латынның төл таңбалары ғана алынды. Оның лингвистикалық та, қоғамдық та маңызы ерекше. Себебі латын әріптеріне әр түрлі диакритикалар қою , мұндай нұсқаны латын әліпбиі емес, әр түрлі қоспа таңбалардың нұсқасы етеді. 2). Ең бастысы диакритикалар төл дыбыстарымызды сақтауға толық мүмкіндік пен кепілдік бермейді. Себебі мобильді телефондар, смартфондар, планшеттер, ноутбуктар, компьютерлер бүгінде жазудың құралына айналғанда және олар бізге әлемнің түкпір- түкпірінен келетіндіктен, олардың пернетақтасында 26 таңбадан тұратын латын таңбалары ғана орналастырылады. Пайдаланушылар Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 26 осы бар таңбаларды ғана қолданады. Егер біз латын графикасындағы жаңа әліпбиге диакритикалы таңбаларды енгізетін болсақ, онда көпшілік көп қолданбағандықтан, қазақтың төл дыбыстарын жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде «Ә»-ні «А»-мен алмастыру, «Қ»-ны «К»-мен алмастыру, сол сияқты «Ғ, Ң, Ө, Ұ, Ү, І» дыбыстарын жазбау, әсіресе, жастардың арасында жиі байқалады. 3). Әліпбиімізді латын графикасына негіздеуіміздің үлкен себебі – халықаралық ақпараттық жүйеге ену, әлемдік технологияны игеру екенін Елбасы айтқан болатын. Ендеше, егер әлемнің жетекші елдері қолданатын классикалық латын әліпбиінің дыбыстарына әр түрлі диакритикалар қоятын болсақ, онда біз жоғарыда айтқан мақсатқа толық жете алмаймыз. 4). Диграфтарды қолдану арқылы біз сол дыбыстың төл табиғатын сақтаймыз. Ал кейбір әріптестер ұсынып жүрген диакритикалар арқылы ажырату ол дыбыстың табиғатын емес, өзара ұқсас әріптің тек шартты таңбалық суретін ғана береді. 5). Бір дыбысты екі таңбамен беретін диграфтар латынның төл таңбалары болса, ал ноқаттар арқылы берілетін диакритикалар – кейін пайда болған жасанды таңбалар. Осы жобаны жүзеге асыру барысында, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді»,-деп, соның нәтижесінде латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін жасауда «бір әріп – бір дыбыс, бір әріп – екі дыбыс және бір дыбыс – диграф жүйесі» принципі негізге алынды», - деп, орталық директоры Ербол Тілешов жаңа нұсқаны таныстырды[4]. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 27 Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасы: № Латын Кирилл № Латын Кирилл таңбасы таңбасы таңбасы таңбасы 1 Aa Аа 14 Nn Нн 2 Bb Бб 15 Oo Оо 3 Сс ц 16 Pp Пп 4 Dd Дд 17 Qq Ққ 5 Ee Ее 18 Rr Рр 6 Ff Фф 19 Ss Сс 7 Gg Гг 20 Tt Тт 8 Hh х/h 21 Uu Ұұ 9 Ii Іі / Ии 22 Vv Вв 10 Jj Йй 23 Ww Уу 11 Kk Кк 24 Yy Ыы 12 Ll Лл 25 Zz Зз 13 Mm Мм Қазақ тілінің 8 дыбысын таңбалайтын 8 диграф туралы: № Латын Дыбысталуы Транскрипциясы Мысалы таңбасы 1 Aе/ aе Әә [ ә] aelem-әлем 2 Ое/oe Өө [ ө] oerkeniet-өркен 3 Ue/ue Үү [ ү] uekimet-үкімет 4 Ng / ng Ңң [ың] tangba-таңба 5 Gh/ gh Ғғ [ ғы] ghylym-ғылым 6 Ch/ch Чч [ чы] chempion - чемпион 7 Sh/sh Шш [ шы] shyndyq - шындық 8 Zh/zh Жж [ жы] zhazw -жазу Депутаттарға таныстырылған осы «Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасы» деп аталған латын негізді қазақ тілі әліпбиінде 25 әріп және 8 дыбысты таңбалайтын 8 диграф(қосарланған таңба) ұсынылған болатын. Диграф деген сөзді «бір дыбысты қос әріппен таңбалау» деп түсінген жөн. Әліпбиде «бір Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 28 әріп – бір дыбыс» ұстанымымен әр дыбысқа бір-бір әріп алынса да, бас-басына латынша жеке әріп жетіспегендіктен, қазақ тілінің «Ә, Ө, Ү, Ң, Ғ, Ч, Ш, Ж» дыбыстары қосарланған әріптермен (диграф-екі әріппен) таңбаланған еді. Сонымен қатар «і» және «и» екі түрлі дыбысымыз латынның бір ғана « Ii» әрпімен, «х», «һ» екі дыбысты латынның бір ғана «Hh» әрпімен, яғни «бір әріп – екі дыбыс» ұстанымымен таңбаланды. Сондықтан әліпбидің «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымы халықтың көңілінен шықса да, «бір әріп – екі дыбыс» ұстанымымен алынған «Ii», «Hh» әріптері, «бір дыбыс-екі таңба, диграф жүйесі» ұстанымымен алынған 8 диграф халықтың, соның ішінде тіл мамандары тарапынан толық қолдау таба алмады. Бұл әліпбидің бір жетістігі компьютер пернетақтасына орналаса алатын, классикалық латын әліпбиіне сай жасалғандығы болып табылады. Ал қазақ тіліндегі кейбір дыбыстардың, әсіресе, төл дыбыстарымыздың, қосарланған әріптермен (диграф-екі әріппен) берілгендігі және екінші ұсынылған нұсқасында осы дыбыстардың дәйекше арқылы таңбалануы ойлануды өте қажет етеді. Шама келгенше, «бір әріп - бір дыбыс» деген ұстанымда тұрсақ, оқуға жеңіл болар еді. Қазақ жазуы тарихында әр түрлі графикадағы әліпбилер қолданылса да, оның барлығында да «бір әріп бір дыбысты таңбалау керек» деген ұстаным болған. Соған орай, қазақ халқының санасында ғасырлар бойы қалыптасқан «бір әріп – бір дыбыс» ұғымын өзгерте салу да дұрыс емес деп ойлаймыз. Бір дыбысты екі әріптің тіркесімен беру, яғни диграф қолдануды ағылшын жазуының жетістігі не кемшілігі деп біржақты қарауға болмайды. Егер бүгінгі күні жазу заңдылығын өзгерту мүмкіндігі болса, ағылшындардың өзі де диграфтан қашқан болар еді. Себебі, «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымындағы жазулармен салыстырғанда, диграф оқу-жазу әрекетіне көп салмақ түсіреді. Цифрлық технология деп компьютер пернетақтасының жағдайын алға ұстап, тілдің оқу-жазу мәселелерін одан кейін қоюға болмайды. Сондықтан ұсынылған жаңа әліпбиге қатысты төмендегі мәселелерге назар аудару керек деп ойлаймыз. 1). Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде 8 дыбысты таңбалайтын 8 диграф ұсынылған. Өзен суының алдына қанша қосымша арна салып қойсаң да, тасыған кезде арнасының осал тұсын бұзып кетіп жатады. Сол сияқты жазу емлесінің осал Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 29 тұстары да халықтың тілді бұзып сөйлеп, қате жазуына жол береді. Ал осы әліпбидің жобасындағы бұл осал тұстарымыз қосарланған әріптер (диграф) болып табылады. Түрік әліпбиі тарихына зер салсақ, олар «к-қ» дыбыстарына тек ортақ бір жіңішке «к» әрпі беріліп, оны жуан сөзде-«қ», жіңішке сөзде «к» деп оқу туралы емле болса да, оны жұрт барлық уақытта жіңішке түрде «к» деп айтуынан, қазіргі түріктер жуан «қ» дыбысын айтпайтын күйге жеткен дейді. Осындай кемшіліктерге біздің жаңа ұсынылған әліпби нұсқасындағы диграфтармен берілген таңбалар да жол беруі мүмкін. Мысалы, қазақ мектебін бітіріп келген балалар да, біріншіден, «ң» дыбысын «н» дыбысымен алмастырып айтуға, екіншіден, «аманкелді» деген сияқты сөздердегі позициялық жағдайда «н» дыбысын «ң» деп үндестіре айтуы керек болса да, жазылуы бойынша айтуға бейім тұрады. Ал қазақ тілін нашар меңгергендер «ң» дыбысын айта алмай, үнемі «н» дыбысымен айтатынын көріп жүрміз. Сондықтан аталған әліпбидегі диграф тіліміздің ерекшелігін танытатын төл дыбыстарымыздың бірі «ң» дыбысына қауіп төндіріп тұрғаны айдан анық. Сондықтан «қ» дыбысын жоғалтқан түрік ағайындар секілді болашақта біздің ұрпақтарымыз да «ң» дыбысын айта алмай қалмасына кім кепіл болады. Сондықтан ойды дәл бере алмай, әр түрлі оқуға жол беріп тұрған төмендегі сөздерге назар аударайық: «Ң» - [ng] , «Ғ»- [gh], «Г»- [g]: Үш таңба құрамында бірдей таңбалар болуы: Теңге – tengge: 1) теңге- tengge. 2) тенге- tenge. 3)теңе- te(ng)e . Таңға – tanggha: 1)таңға - ta(ng)(gh)a . 2)танға – ta(n)gha. 3)таңга– ta(ng)ga.( таңға- 5 таңба, tanggha -7 таңба; танға 5 – tangha 6 ). Тез жазуға деген асығыстық диграф салдарынан қатар келген бірдей таңбаның біреуін ғана жазуға итермелеп, ол қате оқуға жол беруі мүмкін. Сонымен қатар, «teginge» дегенді «тегіңе» деп оқимыз ба, әлде «тегінге» ме? 2). «Ә» – [ae], «Ө» – [oe ], Ү– [ue ], «Е»– [e ]: Төрт таңба құрамында бірдей таңбалар болуы. Қазақ тілінде дауыссыздарға дауысты дыбыстардың ықпалы күшті болады десек, сөз құрамында «а», «е» дыбыстары актив қолданылатынын ескерсек, оның диграфтар құрамында келуі бұл дыбыстарды жиі пайдалануды қажет Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 30 етеді. Бұл өз кезегінде өзімен бірге қиындықтарды ілестіре жүретінін ескеруіміз керек. Бірдей әріптердің жиі қолданысы жазу мен оқуға салмақ салады. 3). «Ii» – [Ii] / [Ии]; «Jj» –[Йй]. «И» таңбасына байланысты бұрыннан келе жатқан айтыстың жалғасы: «И» – Орыс тілінен енген сөздердегі дауысты дыбыс( институт, инженер). «И»– Қазақ тілінде дауысты дыбыстан кейін келген үнді дауыссыз( айна, ойна, көйлек, күй). «И»– Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстан кейін келген қос дыбыстың таңбасы( би-бій, тиын-тыйын, жиналыс-жыйналыс). Кезінде осы дыбыстарға қатысты дұрыс түсіндіру болмағандықтан оны бірде –дауысты, бірде дауыссыз деп жазылған оқулықтар жұртты шатастырды. Ал қазіргі таңда, біріншіден, қазақ тіліндегі үнді дауыссыздар - «й» мен «у», екіншіден, орыс тілінен енген сөздердегі дауысты -«и» мен «у», үшінші, сөз ішінде қатар келген «ұу, үу, ый, ій» тіркесімдерін де жазуда осы үш жағдайды да бірдей етіп, жалаң «и», «у» қаріптерімен таңбалау айту мен жазу арасында кейде қателікке жол беріп отырғаны да белгілі жай. Сондықтан өз кезінде Қ.Жұбановтай алыптар қолдаған латын әліпбиіне өту кезінде қиындық келтіріп отырған осындай жағдайлар ескеріледі деп ойлаймыз. 4). «Х / Һ»-- [ Hh ] ; Қазақ тілінің қазіргі артикуляциялық базасында жоқ дыбыстарды әліпбиге алу тіліміздің фонологиялық заңдылықтарына нұқсан келтіреді. Бір дыбыс екі түрлі әріппен таңбалануы (яғни, бір адамның екі төлқұжаты бар секілді) фонологиялық заңдылықтарына( сөз тану, сөз ажырату, сөз жасау) кері әсер етеді. «Х» таңбасына қатысты фонологиялық мәселелер: «Х» - химия, хлор, хоккей. (орыс тілінен келген сөздерде жазылды). «Х» - қабар-хабар, қош келдің-хош келдің, қат жазу-хат жазу; Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 31 «Х» - Хадиша-Қадиша; Хакім-Кәкім, әкім, Хамит-Қамит-Әмит; Хорлан-Қорлан; (араб тілінен келген сөздерде болғанмен қазақша игерілді). Һ- қаһарман, Гауһар, мәшһр, шаһар, жиһаз.(одағай-аһ, оһ, аһыла- үһіле). 5). Қазақ тіліне тән төл дыбыстардың жеке дара таңбаланбауы: Ә, Ө, І, Ү, Ұ, Қ, Ғ, Ң, Һ. Қазақ тіліне тән төл дыбыстардың үшеуіне ғана жеке әріп алынған, қалғаны диграф арқылы таңбаланған. Қазақ тілінің үндесіміне тән, төл әліпбиін жасаймыз деп отырып, оны басқа тілден ажыратып тұрған төл дыбыстарына жеке-жеке таңба берілмеуі- басты қателік, жаңадан ұсынылып отырған әліпбидің басты талапқа сай келмеуі деп есептеуге болады. «Қ» – [Q q]; Ұ – [U u]; «Ii» – [Ii] / [Ии]; (Ii – [Ии] -дауысты туралы жоғарыда айтылды). 6). Сөз бұрынғыға қарағанда ұзындау жазылады, бұл жағдай адамды кейде диграфтардан қашып, оны жалаң жазуға итермелейді. Мысалы, диграфпен берілген «ң» дыбысын «н» -мен алмастырып айту дағдыға айналуы мүмкін: «Ң-Н»: Жәңгір – Жәнгір- Zhae(n)gir (6- 8). Жәңгір – Жәңір- Zhae(ng)ir (6-8). Сөз бұрынғыға қарағанда ұзындау жазылады: Үш(2 әріп) - uesh ( 4 әріп). Әже –aezhe (3-5 ). Көше –koeshe (4-6 ). Шөже – shoezhe (4-7). Жәшік - zhaeshik (5-8 ). Шөңге – shoenggе (5-8). Шежіре – shezhire (6-8). Жәңгір –Zhaenggir (6-9). Кезінде Қ.Жұбанов өзі ұсынған әліпбиінде қазақ тілі дыбыстарына алынған әріп санын барынша үнемдеуге назар аударған Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 32 еді. Ғалым дәйекші арқылы бұрынғы әліпбидегі 13 әріпті(17 таңбаны) 7 әріппен(7 таңбамен) жазуға болатынын көрсетед: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, ұу, үу, ый, ій, е =13(17); а, о, ұ, ы, у, и, е =7(7) [13.344]. Сондықтан әріп пен дәйекші санын үнемдей отырып, жаңадан ұсынылатын әліпбиде тіліміздегі төл дыбыстардың әрқайсысының өз әріп-таңбасы болуына жағдай жасау керек. 7) Қазіргі әліпбиімізде орыс тілінің он үш әрпі бар(в, ё, и, ц, ч, щ, ф, х, ь, ъ, э, ю, я). Қазақтың төл әліпбиін, үндесімін ескерген әліпбиде «Ц» сияқты жат дыбыстар енбеуі тиіс. Жаңа әліпбиге осының алты әрпі (в, и, ц, ч, ф, х) енген: В – [V v]: вагон, волга, вокзал. Ц – [ C c ] :Цирк, цемент, циркуль цитрус; Ч – [ C h] : чемодан, чад, чех. Ф – [ F f ] : фантастика, ферма, фабрика, фотограф. Х – [ H h ] : хром, химия, хоккей, холдинг. И – [Ii] : Орыс тілінен енген сөздердегі дауысты дыбыс( институт, инженер, ипотека). 8). Диграфтар сөздің құрамы, түбірі, мағынасы, буынға бөлу, тасымалдауды қиындатады, оқушыларды қателесуге жетелеуі мүмкін: Жанға (жаңха) – zhanga: 1) жaнға – zha(n)gha. 2) жaңха – zha(ng)ha. (жан-ға, жаң-ха). Теңге – тенге-теңе : te(ng)ge – te(n)ge – te(ng)e 9). Кірме сөздерді оқуда диграфтардың кедергі болуы мүмкін. Мысалы, Ое – [ө], Ү– [ue ]: Қазақ тіліндегі мәтінде орыс тілінен енген «поезд», «иероглив» деген сияқты өзге тіл сөздеріндегі «ое», «ие» тіркесін «ө», «ү» деп шатастырмау үшін, аздап дайындықпен келу қажет болады. Сонымен бұл әліпби нұсқасының жетістігі түрлі диакритикалары жоқ болғаны және латынның 26 төл таңбалары ғана алынуы болса да, қазақ тіліне тән 8 дыбысты таңбалайтын 8 диграф(қосарланған таңба) ұсынылғанын мамандар қолдаған жоқ. Түйіндеп айтқанда, мүмкін болғанша, «бір әріп - бір дыбыс» деген ұстанымда тұрсақ, оқуға жеңіл болатыны айтылды. Қазақ жазуы Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 33 тарихында әр түрлі графикадағы әліпбилер қолданылса да, оның барлығында да «бір әріп бір дыбысты таңбалау керек» деген ұстаным болған. Соған орай қазақ халқының санасында ғасырлар бойы қалыптасқан «бір әріп – бір дыбыс» ұғымын өзгерте салу да дұрыс емес, ол оңай болмайды да деп ойлаймыз. Бір дыбысты екі әріптің тіркесімен беру, яғни диграф қолдануды ағылшын жазуының жетістігі деп қарауға болмайды. Егер бүгінгі күні жазу заңдылығын өзгерту мүмкіндігі болса, ағылшындардың өзі де диграфтан қашқан болар еді. Себебі, «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымындағы жазулармен салыстырғанда, диграф оқу-жазу әрекетіне көп салмақ түсіреді. Цифрлық технология деп компьютер пернетақтасының жағдайын алға ұстап, тілдің оқу-жазу мәселелерін одан кейін қоюға болмайды. Жаңа әліпбиге диграфтарды алмау керек, ал дәйекшіні қолдану өткен кезең үшін жетістік болғанмен, қазіргі графикалық лингвистика жетістіктері «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын жақтайды. Осындай тілдік мәселелерге байланысты алғашқы әліпби нұсқасына мамандардың көңілі толмады. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 34 Халық талқылауына ұсынылған әліпбидің екінші нұсқасы Қазіргі таңда мемлекеттік тілге деген сұраныс артып, керегесін кеңге жайып, егеменді елімізбен қатар дамып келеді. Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай мінсіз болып келуін күнделікті өмірдің өзі талап етіп отырғаны баршаға аян. Сондықтан осы мәселеге байланысты өткізілген шараларда түрлі кәсіп мамандары латын негізді қазақ тілі әліпбиіне алынатын әріптердің тіліміздегі дыбысқа сай келуін және қосымша белгілер алғанда ерекше мұқият болу туралы ұсыныстар көп айтылды. Олар қазақ әліпбиінің «бір әріп-бір дыбыс» ұстанымға сай жасалуын жақтап отырды. Мүмкіндігінше, «бір әріп - бір дыбыс» деген ұстанымда тұрсақ, оқу-жазуға жеңіл болатыны, цифрлық технология деп компьютер пернетақтасының жағдайын алға ұстап, тілдің оқу-жазу мәселелерін одан кейін қоюға болмайтыны туралы әр түрлі басқосуларда мамандар тарапынан айтылды. Кезінде Қ.Жұбанов өзі ұсынған латын негізді әліпбиінде әріп санын барынша үнемдеуге назар аударып, дәйекші арқылы бұрынғы әліпбидегі әріп санын азайтып, тіліміздегі төл дыбыстардың бас-басына жеке әріп-таңба беруге болатынын көрсеткен еді[13.522]. Ғалымның әліпби жасау барысындағы ұстанымдарын қазіргі заманға сай дамыта түсу керек. Себебі дәйекшіні қолдану жазу тарихындағы өткен кезең, сондықтан дәйекшіні қолданудың басқа жолын табу керек. Әліпбиге диграфтарды алмауға қалай қарсы болсақ, дәйекшіні қолдану да өткен кезең үшін жетістік болғанмен, қазіргі графикалық лингвистика жетістіктері «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын жақтайтынын тағы да баса айтамыз. Бүгінгі таңда әліпбиде әр дыбыстың өз таңбасы болмаса, олар жаһандану екпініне қарсы тұра алмай қалады. Жазу тарихына зер салсақ, диграф(қосарланған таңба) қолданатын ағылшын әліпбиі жазудың алғашқы кезеңіндегі түрі болса, одан кейін жазу жетілген кезеңде жазуын жетілдірген елдер диграфтан бас тартып, диакритикамен жазуға көшті. Себебі, екі әріппен бір дыбысты таңбалау оқу-жазуға салмақ түсірді, ал оған қарағанда түрлі қосымша белгілермен (диакритикамен) өзгертіп Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 35 алынған әріптер тиімді болды. Ал кейбір жерлерде әліпбиде апостроф(дәйекші) пайдаланылды. Бірақ бұның әріптен тыс белгі ретінде ұмыт қалатын кездері көп еді. Одан кейін «бір әріп-бір дыбыс» графикасын ұстанған нағыз жетілген әліпбилер дүниеге келді. Бұл жетістікке ие болғандар қатарында орыстың қазіргі кирилл әліпбиін айтуға болды. Кирилл таңбалары арқылы алынған біздің де төл дыбыстардың таңбаларындағы қосымша белгілері сол әріптермен жалғасып жатқандықтан олар бір бүтін ретінде танылды. Мысалы, «ө» дыбысына алынған «о» таңбасының ортасы сызылып, бүтін бір әріп болып тұр. Бүгінгі күні компьютерде жоқ таңбаны алмаймыз деп, төл дыбыстарымыздан айырылып қалмайық. Біздің латын графикалы әліпбиімізде де әр дыбыстың өз таңбасы болғаны жақсы болар еді. Ал апострофты(дәйекші) екінші қырынан қарағанда бір әріпті екі дыбысқа беріп, біреуіне өзгеше болуы үшін «қолына қамшы» беріп қойғандай болып тұрады. Бас-басына таңбасы болмағандықтан апострофпен жазылатын дыбыстар алдағы уақытта да қауіпті аймақта күн кешеді деп есептейміз. Осылай болса да, әрі тартсақ, компьютер пернетақтасына сыймаймыз, бері тартсақ, «бір әріп - бір дыбысқа» келмей қалады. Солай болғандықтан апострофқа(дәйекші) көнбеске шарамыз қалмаған да сияқты болады. Бірақ жаңа әліпби нұсқасында шама келгенше дәйекші (апостроф) қолданылмағаны дұрыс, не оған шектеу жасап қысқартуға назар аударған жөн деген ойлар айтылды. Халық қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірілуін қалай қолдаса, жаңа әліпбиді қабылдау сәті де тез жүзеге асқанын қалады, сөйтіп әліпбидің келесі жобасы ұсынылуын асыға күткендері де байқалды. Сондықтан көп кешікпей латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің тағы екінші нұсқасы да халық талқылауына ұсынылды. «Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің біркелкі стандарты жобасын» 2017 жылдың 9 қазанында Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне ауыстыру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға қатысты жұмыс тобы ҚР тұңғыш Президентіне ұсынды. Осы жұмыстардың барысын өзі тікелей бақылап отырған Президент: «Әлемдегі ешқандай ел дәл біз тәрізді жаңа әліпбиді талқыламаған. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 36 Бізге әр адамның пікірі маңызды. Латын әліпбиіне ауысуға қатысты президент әкімшілігіне 300-ден астам үндеу жолданды. Жастардың бұл процеске қолдау көрсеткені қуантарлық жағдай»,-деп жастарға ерекше ризалығын білдіргені туралы ҚР тұңғыш Президентінің арнайы сайтындағы Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратында да айтылды[5]. Көпшілік талқылауына ұсынылған бұл екінші «Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің біркелкі стандарты жобасында» апостроф(дәйекші) қолданылғанын көріп, бұрынғы әліпбиге айтылған ескертпелер назарға алынғанын сезіндік. Бұл әліпбиде қазақ тіліндегі барлық дыбысқа латын әліпбиіндегі 26 таңба жетіспегендіктен бұл жолы апостроф(дәйекші) қолданылғаны айтылды. Талқылауға ұсынылған екінші әліпби жобасы: «Латын графикасындағы қазақ әліпбиінің біркелкі стандарты жобасы» № әріптер дыбыстар № әріптер дыбыстар 1 Aa [а] 17 N’ n’ [ң] ,[нг] 2 A’a’ [ә] 18 Oo [о] 3 Bb [б] 19 O’ o’ [ө] 4 Dd [д] 20 Pp [п] 5 Ee [е] 21 Qq [қ] 6 Ff [ф] 22 Rr [р] 7 Gg [г] 23 Ss [с] 8 G’ g’ [ғ] 24 S’ s’ [ш] 9 Hh [х], [h] 25 C’ c’ [ч] 10 Ii [і] 26 Tt [т] 11 I’ I’ [и], [й] 27 Uu [ұ] 12 Jj [ж] 28 U’ u’ [ү] 13 Kk [к] 29 Vv [в] 14 Ll [л] 30 Yy [ы] 15 Mm [м] 31 Y’ y’ [у] 16 Nn [н] 32 Zz [з] Халық талқылауына ұсынылған бұл екінші әліпби жобасында 32 әріп болды. Оның ішінде латынның «H» әрпі біздегі [х], [h] Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 37 дыбыстарын, апострофпен(дәйекші) берілген латын «I’» әрпі [и], [й] дыбыстарын, яғни бір әріппен екі дыбысты таңбалап, «бір әріп – екі дыбыс» ұстанымына сай алынған еді. Бұған қоса, тағы да 7 дыбыс, Ә,Ң, Ө,Ш, Ч,Ү, У, апострофпен берілді. Әліпбидегі 32 әріптің осылай алынуына байланысты олар 34 дыбысты таңбалап, бұрынғы 42 әріптің ішінен 8 әріп (ё, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я) қысқартылды. Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиінің екінші жобасында 9 дыбыс дәйекші(апостроф) арқылы таңбаланды, яғни қазақ тіліне тән 5 төл дыбыс (ә, ө, ү, ғ, ң) , 1 кірме дыбыс(ч) және екі тілге де ортақ 3 дыбыс(и/й, ш , у) апострофпен таңбаланды. Бұл жағдайлар қазақ тіліндегі барлық дыбысқа латын әліпбиіндегі 26 таңба жетіспейтіндігіне тағы да көз жеткіздіртіп, сондықтан бұл жолы апостроф(дәйекші) қолданылғаны айтылды. Мамандар арасында біраз талқылаулар болып, бұл жолғы әліпбидің жақсы жақтары көрсетіліп, мүмкіндігінше әлі де жетілдіре түсуге болатыны айтылды. Сонымен бірге тіл мамандары арасында Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымымен қазақ тілінің төл дыбыстары қосымша белгілермен таңбаланған 32 әріптен тұратын әліпби нұсқасын дайындағаны, оны да талқылау керек деген ұсыныс сөздер де болды. …………Бұл екінші рет жаңартып ұсынылған латын графикалы қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында дәйекші қолданылғаны, ол компьютер пернетақтасының жағдайына келсе де, заман ағымына, ғылым талабына сай келмейді деушілер де болды. Олардың айтуынша, дәйекші арқылы «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымына сай келтірілген десе де, бірақ қазіргі кезде, жазудың күшейген кезеңінде, дәйекші қолдану - бір атқа екі адамның мінгескенімен бірдей болады деп есептеді. Әліпбиде 9 дыбыс дәйекші арқылы таңбаланған. Егер [Ш] дыбысын «C» арқылы, [У] дыбысын «W» арқылы таңбаласақ, дәйекші арқылы жазылатын әріптер саны қысқара түсер еді. Сонымен бірге жаңа әліпбиіміздегі [х] мен [h] дыбыстарын бір таңбаға матап қоймай, [х] дыбысына латынның осы бейнедегі «Х» таңбасын беруге болмас па еді. Тіпті қазақ тілінде [х] мен [h] дыбыстары жоқ болғандықтан, бұл екеуінен, реті келіп тұрғанда, бас тартып, өзіміздің «Қ» дыбысымызға басымдық беру керек. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 38 Осы кезге дейін қазақ жазуында өзіміздің төл дыбысымыз арқылы айтылатын кейбір сөздер орыстың «Х» және арабтың «Һ» дыбыстарымен жазылып келді. Енді алдағы уақытта да осы [х] , [h] дыбыстары өзіміздің төл «Қ» дыбысымен қапталдаса жарысуына шек қою керек. Қазақ тілінің қазіргі артикуляциялық базасында жоқ дыбыстарды әліпбиге алу тіліміздің фонологиялық заңдылықтарына нұқсан келтіретіндігі туралы айтылды. Сонымен бірге, әліпби құрамынан орыс тілінің «в, ф, ц, ч, э, ё , я, ю, ь, ъ, х» дыбыс-әріптерін шығарып тастап, ал енді бірінің таңбалануына өзгеріс жасау керек деген ұсыныстар да болды( Xx-[х], Hh-[h], C c-[ш], Ww- [у]). Сондықтан бұл шараны талқылауда тіл мамандарының білікті шешімдерімен қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай келетін, қазақ сөзінің әрбір үндес әуезін, дыбыстар тіркесі заңдылықтарын сақтайтын әліпби жасап, тіліміздің табиғатына сай ғылыми негізде емле ережелерін құрастырып, мемлекеттік тіліміздің одан әрі өркендей беруіне жол ашу керек деп есептейміз. Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірілуінің маңыздылығы туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Соның арқасында латын графикасы мемлекеттік тілімізді дамытып, оның заман талабынан қалмай, әлемдік стандартқа сай келуіне ықпал ететіні қалың жұртқа дұрыс жеткізілді. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жобаларын талқылауға, оның барынша дұрыс нұсқаларын таңдап, айтылған ұсыныстарды ескеріп отыруға Президенттің өзі ерекше мән беріп отырғанын атап көрсетуге болады. Шындығында да, осылай болуға тиіс еді, себебі тіл – халық қазынасы, сондықтан халық өзіне қажетті нұсқаны таңдауы керек болды. Сондықтан барлық жағдайда талқылау құқығын халыққа беріп, олардың ұсыныстарына құлақ түру Елбасының парасатты дұрыс шешімі болды деп айта аламыз. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 39 Президент Жарлығымен бекітілген алғашқы қазақ тілі әліпбинің нұсқасы Әліпби мен жазу адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Елбасының рухани жаңғыру бағытында баяндалған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы ұстанымдары мәңгі елдің болашағына, мемлекеттік тілдің келешегіне жасалған игі іс, маңызды тарихи оқиға ретінде халықтың зор ықыласына ие болған еді. Соған орай ғылыми қауым, жалпы жұртшылық арасында қазақ тіліне, оның жазуына сай келетін латын графикалы әліпби жобаларын талқылау жұмыстары ерекше белсенділік жағдайда жүргізілді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген Қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиін, жұртшылық сұранысына орай, ел арасында таныстыру жұмыстарына ерекше назар аударып отырмыз[6]. Елбасы Жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде 32 әріп бар. Оның ішінде қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонема (9 дауысты, 19 дауыссыз) және кірме сөздердегі 6 фонема (и, в, ф, һ, х, ч), барлығы 34 дыбыс таңбаланған. Сонымен бірге бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар Hh-[х], [h] және I’-[и], [й]. Әліпбиде 9 дыбыс дәйекші(апостроф) арқылы, яғни қазақ тіліне тән 5 төл дыбыс (ә, ө, ү, ғ, ң) , 1 кірме дыбыс(ч) және екі тілге де ортақ 3 дыбыс(и/й, ш , у) таңбаланған[6]. Оқып-үйрену мақсатында әріптер құрамына зер сала қарайтын болсақ, әліпбидегі 22 әріптің қай дыбысты таңбалап тұрғаны талас туғызбайды, сондықтан оны жалпы жұрт қателеспей оқи алады: Aa- [а], B b-[б], D d-[д], E e-[е], F f-[ф], G g-[г], Hh-[х]-[h], I i-[і], J j-[ж], K k-[к], L l- [л], M m-[м], N n-[н], O o-[о], P p-[п], Q q-[қ], R r-[р], S s- [с], T t-[т], V v-[в], Y y-[ы], Z z- [з]. Сонымен бірге осы таңбаларға дәйекші қойылып берілген төрт әріптің де қандай дыбысты таңбалап тұрғанын қиналмай білуге болады, олар A’a’-[ә]; G’ g’-[ғ]; N’ n’-[ң]; O’ o’-[ө]; Ал бұдан басқа 6 әріптің қай дыбысты таңбалап тұрғанымен танысу керек, сондықтан оны жалпы жұрт қателеспей оқуға үйренуі тиіс: I’ I’ - [и], [й]; S’ s’-[ш]; C’ c’ - [ч]; U u-[ұ]; U’ u’-[ү]; Y’ y’-[у]. Бұдан кейін әліпбидегі 8 әріп дәйекшімен берілген Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 40 сыңарларымен қосылап, 16 дыбысты беріп тұрған таңбаларға көз үйретіп, оқып-үйрену керек: Aa-[а], A’a’-[ә]; G g-[г], G’ g’-[ғ]; I i-[і], I’ I’ - [и], [й]; N n-[н], N’ n’-[ң]; O o-[о], O’ o’-[ө]; S s-[с], S’ s’-[ш]; U u-[ұ], U’ u’-[ү]; Y y-[ы], Y’ y’-[у]. Әліпбиімізде бірі дәйекшімен, бірі дәйекшісіз берілген қос әріптермен қатар, дәйекшісіз сыңары жоқ, тек дәйекшімен таңбаланған сыңары ғана алынған 1 әріп бар, ол C’ c’ - [ч]. Бұрынғы әліпбиімізде 42 әріп болса, енді одан 8 әріп( ё, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я) қысқарып қалды. Әліпбиде «ң» дыбысының жазылуы екі түрлі (N’ n’-[ң], [ng]) таңбаланып берілуі оның әлі нақтылау қажеттігін танытады. Бұл әліпбиде латын әріптерін барынша қазақ тілі дыбыстарына сәйкес таңбалауға, қазақ тілінің үндесім талаптарына бейімдеуге, «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын сақтауға назар аударылған. Дәйекші қолдану нәтижесінде тіліміздегі барлық дыбыстарды да қалдырмай таңбалау мүмкін болған. Ал әліпбидің жетілдіре түсер тұсы ретінде, мүмкін болғанша, апостроф(дәйекші) санын қысқарта түсу керек, қазақтың төл дыбыстарын шама келгенше дәйекшесіз берілетін әріптермен таңбалауға назар аударған жөн демекпіз. Себебі жазуымыздың өткен тарихында дәйекші ұтымды жол болса, қазіргі жаһандану заманында, көптілділік бәсекесінде, адамның тез жазуға сұранысы өскен қазіргі кезеңде, қауіпті аумақта қалғандай дәйекшімен берілген дыбыстар шеттеп қалуы мүмкін. Сондықтан дәйекшімен берілетін әріптерді әлі де қарап, жетілдіре түсу қажет, ал диграфтар жазуды қиындата түсетіндіктен оны қолданбау керек. Сондықтан әліпбидің осы тұстарын қайта қарауға уақыт та, мүмкіндік те бар. Бұрынғы әліпбиімізде қазақ тілінің қазіргі артикуляциялық базасында жоқ дыбыстардың көп болуы тіліміздің өзіндік фонологиялық заңдылықтарын бұзып келген еді. Мысалы, жаңа әліпбиіміздегі бір таңбаға матап қойылған Hh - [х] мен [h] дыбыстары өзіміздің төл «Қ» дыбысымен қапталдаса жарысып, қазақ жазуында «Қ» арқылы айтылатын кейбір сөздер орыстың «Х» және арабтың «Һ» дыбыстарымен жазылып келді. Мысалы, қабар-хабар, қош келдің-хош келдің, қат жазу-хат жазу(қазақ тіліндегі сөздерде); Хадиша-Қадиша; Хакім-Кәкім, әкім, Хамит-Қамит-Әмит; Хорлан- Қорлан (араб тілінен келіп, қазақша игерілген сөздер); «Һ» - Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 41 қаһарман- қаһарман, мәшһр- мәшқұр, шаһар - шақар, жиһаз- жиқаз; (аһ, оһ, аһыла-үһіле- одағай сөздер); Енді шама келгенше, әліпбидегі апостроф(дәйекші) арқылы берілетін әріптер аз болса деген ұсыныс айтамыз. Себебі апостроф(дәйекші) қазіргі таңдағы жазуға деген сұраныстың артып отырған кезеңнің талабын толық қанағаттандырмайтыны мамандарға белгілі жай. Латын графикасына негізделген қазақ тілі ӘЛІПБИІ Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген. № Жазылуы дыбысталуы № Жазылуы дыбысталуы 1 Aa [а] 17 N’ n’ [ң] ,[нг] 2 A’a’ [ә] 18 Oo [о] 3 Bb [б] 19 O’ o’ [ө] 4 Dd [д] 20 Pp [п] 5 Ee [е] 21 Qq [қ] 6 Ff [ф] 22 Rr [р] 7 Gg [г] 23 Ss [с] 8 G’ g’ [ғ] 24 S’ s’ [ш] 9 Hh [х], [h] 25 C’ c’ [ч] 10 Ii [і] 26 Tt [т] 11 I’ I’ [и], [й] 27 Uu [ұ] 12 Jj [ж] 28 U’ u’ [ү] 13 Kk [к] 29 Vv [в] 14 Ll [л] 30 Yy [ы] 15 Mm [м] 31 Y’ y’ [у] 16 Nn [н] 32 Zz [з] Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 42 Президент Жарлығымен өзгертілген жаңа қазақ тілі әліпби туралы Қазақ әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру-бұл қазақ тілін жаңғырту, мемлекеттік тілді әлемдік стандартқа сай келтіру деп түсінеміз. Қазіргі таңда елімізде қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына көшіру бағытында маңызды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Латын әліпбиінің артықшылықтарын түсіндіруден басталған алғашқы қадамдар қазіргі кезде латын негізді жаңа әліпбиді қабылдау, жазу емлесін дайындау сияқты толып жатқан мәселелермен байланысты қарастырылып жатыр. Латын әліпбиінің оқу-білім саласынан бастап, қоғамдық өмірдің барлық саласына енуі үшін кезең-кезеңмен атқарылатын шаралар да жоспарланып жатыр. Жаңа әліпбидің жаңа нұсқаларын қайта-қайта халыққа таныстырып, оны жұртшылықтың талқылауына ұсынып, жаңа әліпбиді халықтың өзі таңдауына жағдай жасап, маңыз беруі Елбасымыздың парасатты шешімі деп білеміз. Бұл туралы Президенттің өзі: «Әлемдегі ешқандай ел дәл біз тәрізді жаңа әліпбиді талқыламаған. Бізге әр адамның пікірі маңызды. Жастардың бұл процеске қолдау көрсеткені қуантарлық жағдай»,-деп жастарға да ерекше ризалығын білдірген еді[5]. Сондықтан қазір қазақ тілінің әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру бағытындағы атқарып жатқан барлық іс- шараларға еліміз болып назар аударып отырсақ, соның ішінде тіл мамандары ерекше белсенділік танытып келеді. Әліпби жасауға қойылған талап - классикалық латын әліпбиіндегі 26 әріптен ауытқымау. Бұл дұрыс талап, себебі тілдің дыбысталу, сөйлеу жағына ғана қарап қоймай, оның жазу жағынан да оңтайлы болуын қамтамасыз ету керек. Әліпби жасаудың қиыншылықтары да осында жатыр. Әліпбидің бұрынғы нұсқасын талқылау барысында оның жетілдіре түсер тұсы ретінде, мүмкін болғанша, апостроф санын қысқартып, қазақтың төл дыбыстарын, шама келгенше, дәйекшесіз берілетін әріптермен таңбалауға назар аударған жөн деген ой білдірген едік. Себебі жазуымыздың өткен тарихында дәйекші ұтымды жол болса, қазіргі жаһандану заманында, көптілділік бәсекесінде, адамның тез жазуға сұранысы өскен қазіргі кезеңде, Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 43 апострофтың тиімсіз тұстары да болады. Сондықтан дәйекшімен берілетін әріптерді әлі де қарап, жетілдіре түсуге уақыт та, мүмкіндік те бар екенін айтқанбыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығы бойынша «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізілді[8]: Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі № Жазылуы дыбысталуы № Жазылуы дыбысталуы 1 Aa [а] 17 N` n` ң` 2 A`a` [ә] 18 Oo [о] 3 Bb [б] 19 O` o` [ө] 4 Dd [д] 20 Pp [п] 5 Ee [е] 21 Qq [қ] 6 Ff [ф] 22 Rr [р] 7 Gg [г] 23 Ss [с] 8 G` g` [ғ] 24 Tt [т] 9 Hh [х], [h] 25 Uu [ұ] 10 Ii [і] 26 U` u` [ү] 11 II [и], [й] 27 Vv [в] 12 Jj [ж] 28 Yy [ы] 13 Kk [к] 29 Y` y` [у] 14 Ll [л] 30 Zz [з] 15 Mm [м] 31 Sh sh [ш] 16 Nn [н] 32 Ch ch [ч] Осыған дейін әліпбидің диграф, апостроф арқылы жасалған нұсқаларымен танысып, оны өздеріміз жазып байқаған болатынбыз. Ал қазір латын негізді қазақ тілі әліпбиінің өзгертіліп бекітілген екінші нұсқасымен танысып жатырмыз. Әліпбидің бұл нұсқасының ерекшелігі-апостроф орнына әріпүсті ноқат алынуы. Әріпүсті ноқат жазуға, қабылданымға оңтайлы екені байқалады. Бұл әліпбиіміздің Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 44 жетістігі деп білеміз. Әліпбиде бұрынғысынша 32 әріп алынған. Оның ішінде кірме сөздердегі 6 дыбыс (и, в, ф, һ, х, ч), және бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар H -[х], [h] және I-[и], [й], сонда барлығы 34 дыбыс таңбаланған. Әліпбидегі 6 дыбыс әріпүсті ноқат арқылы (ә, ө, ү, ғ, ң, у) таңбаланған. Сонымен бірге екі дыбыс қос әріппен (диграф) таңбаланған (Ch- [Ч] , Sh[ Ш]). Қазақ тілінде «Ш» дыбысы жазуда көп қолданылатындықтан, оны екі әріппен таңбалау жазуымызды қиындата түсуі мүмкін деп ойлаймыз. Кезінде профессор Қ.Жұбанов өзі ұсынған әліпбиінде «Ш» дыбысын таңбалау үшін латынның «С» әрпін қолданған екен. Әліпбидің бұрынғы нұсқасында I i -[и], [й] апострофпен берілсе, енді бұл жолы ешқандай белгісіз таңбаланған. Сонда әліпбиде 10-11 қатарда тұрған «і»және «и,й» әріптері ұқсас таңбаланған деуге болады. Бұл жағдай жазуда қиындық келтіруі мүмкін. Жалпы алғанда, әліпби талапқа сай, көңілге қонымды, жазуға ыңғайлы құрастырылған деп айтуға болады. Бұл әліпбиіміздің қазақ тілінің табиғатына сай жасалғандығының бір дәлелі ретінде кирилл жазуындағы әліпбиімізде 42 әріп болса, енді одан 8 әріп( ё, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я) қысқартылғанын атап айтуымыз керек. Жұртшылықтың қатысуымен өткізілген талқылаулар нәтижесінде әліпби нұсқалары жетілдіріле түсті. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, енді жаңа әліпбиіміз арқылы ғылыми талапқа сай жаңа емле ережелерімізді де дайындауға барлық мүмкіншілігіміз бар. Енді алдағы уақытта осы жаңа әліпби арқылы жазу емлесі де жүйелі жасалып, қазіргі жазуымызда қиындық келтіріп жүрген мәселелер оң шешімін табады деп ойлаймыз. Ендігі айтарымыз, осы әліпбиіміз мәңгілік елдің мәңгілік жазуына арқау болсын деп, әліпбиімізге сәттілік тілейміз. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 45 Латын негізді қазақ әліпбиінің құрамымен танысу 1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру турлары» 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығы бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілді. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығы бойынша «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізілді[8]. 3. Әліпбидің бұл нұсқасының ерекшелігі-апостроф орнына әріпүсті ноқат алынуы. 4. Бұл жаңа әліпбиде барлығы 32 әріп(34 дыбысты таңбалайтын) бар. Оның ішінде қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонема (9 дауысты, 19 дауыссыз) бар. 5.Бұған қоса, кірме сөздердегі 6 дыбысты (и, в, ф, һ, х, ч) таңбалайтын әріптер енгізілген. 6.Сонымен бірге бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар Hh-[х], [h] және I -[и], [й]. 7. Әліпбидің бұрынғы нұсқасында I i -[и], [й] апострофпен берілсе, енді бұл жолы ешқандай белгісіз таңбаланған екен. Сонда әліпбиде 10-11 қатарда тұрған «і»және «и,й» әріптері ұқсас таңбаланған деуге болады. 8. Әліпбиде 6 дыбыс әріпүсті ноқат арқылы таңбаланған. Оның ішінде қазақ тіліне тән 5 төл дыбыс (ә, ө, ү, ғ, ң) және қазақ-орыс тілдеріне ортақ 1 дыбыс(у) бар. 9.Әліпбидегі 22 әріптің қай дыбысты таңбалап тұрғаны талас туғызбайды, сондықтан оны жалпы жұрт қателеспей оқи алады(Aa-[а], B b-[б], D d-[д], E e-[е], F f-[ф], G g-[г], Hh-[х]-[h], I i-[і], J j-[ж], K k- [к], L l- [л], M m-[м], N n-[н], O o-[о], P p-[п], Q q-[қ], R r-[р], S s-[с], T t-[т], V v-[в], Y y-[ы], Z z- [з]). Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 46 10. Ал бұдан басқа 7 әріптің қай дыбысты таңбалап тұрғанымен танысу керек, сондықтан оны жалпы жұрт қателеспей оқуға үйренуі тиіс( I i-[і] ; I’ I’ - [и], [й]; U u-[ұ]; U’ u’-[ү]; Y’ y’-[у] ). 11. Бұдан кейін әліпбидегі 6 әріп әріпүсті ноқатымен берілген сыңарларымен қосылап, 12 дыбысты беріп тұрған таңбаларға көз үйретіп, оқып үйрену керек ( Aa-[а], A’a’-[ә]; G g-[г], G’ g’-[ғ]; N n-[н], N’ n’-[ң]; O o-[о], O’ o’-[ө]; U u-[ұ], U’ u’-[ү]; Y y-[ы], Y’ y’-[у]). 12.Әліпбиімізде екі дыбыстың әріптері алғашқы нұсқадан өзгертіліп, диграфпен таңбаланған(Ch/ch- [Ч] және Sh/sh-[ Ш]). 13.Әліпбиде сыңары жоқ, тек дара таңбаланған 16 әріп бар. 14. Сонымен жаңа әліпбиіміз бірі дәйекшісіз, бірі дәйекшімен берілген қос әріптермен қатар, дәйекшісіз сыңары жоқ, тек дәйекшімен таңбаланған сыңары ғана алынған әріптерден құралғанын көреміз. 15. Бұрынғы әліпбиімізде 42 әріп болса, енді одан 8 әріп( ё, ц, щ, ь, ъ, э, ю, я) қысқарып қалды. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 47 II. ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕРЕКТЕР «Жаңа алфавит туралы қаулы» бойынша 1929 жылы қабылданған алғашқы латынға негізделген қазақ әліпбиі Тарих деректеріне зер салар болсақ, 1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде өткен І-бүкілодақтық түркітанушылар құрылтайы қазақ тілінің табиғатына сай лайықталып жасалған төте жазуды тастап, латын жазуына ауыстыруға түрткі болған еді. Латын әліпбиін жақтап сөйлеушілер латын жазуының жаңалыққа, прогреске жетелейтінін, техникалық артықшылығын (әріптердің анық таңбалануы, жазу кезіндегі қолдың ыңғайы, көздің көруі, бас әріптің болуы, баспа жұмысына ыңғайлы болуы) сөз етеді. Бакуде өткен түркітанушылардың осы съезінен кейін сол жылы 6 наурызда жоғарғы жақтың нұсқауы бойынша қазақ жазуын латын графикасына көшіруге дайындалу туралы тапсырма беріледі. Содан кейінгі жылдары латынға көшіру мәселесін күшейтіп, ақыры қазақ әліпбиі мен жазуы 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдауына орай қазақ тілі әліпбиі латынға көшіріледі[3]. Содан кейін қазақ жазуының араб әліпбиінен латын графикасына көшірілгені туралы 1929 жылы «Жаңа алфавит туралы қаулы» жарияланады. Алғашқы латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде 9 дауысты, 2 жарты дауысты, 18 дауыссыз дыбысты таңбалайтын 29 әріп болды[14.131]: Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 48 реті әріп фонема реті әріп фонема 1 а а 16 в б 2 ь ы 17 d д 3 о о 18 g г 4 u ұ 19 ģ ғ 5 е е 20 z з 6 ә ә 21 č ж 7 і і 22 h һ 8 ө ө 23 m м 9 у ү 24 n н 10 р п 25 ŋ ң 11 t т 26 v у 12 k к 27 l л 13 q қ 28 r р 14 s с 29 j й 15 c ш Осы жаңа әліпби бойынша жазудың орфографиялық мәселелерін айқындау, талқылау және қазақ тілінің жаңа емле– ережелерін қабылдау үшін 1929 жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада ғылыми орфографиялық конференция шақырылады. Конференцияға Е.Д.Поливанов, Юдахин, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, Вундцетель, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Жұбанов қатынасады. Профессор Қ.Жұбановтың латын негізді қазақ әліпбиі мен жазу емлесін жетілдіру бағытындағы жұмыстары Қазіргі таңда қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы әңгіме қозғалып отырса, өткен ғасырдың 30-жылдарында-ақ латын әріптерін қазақ тілінің дыбыс жүйесіне бейімдеу және жазу емлесін жетілдіру жұмыстарына белсене араласқан ғалымдардың бірі профессор Құдайберген Жұбанов екендігі, оның ғылыми терең мәнді ұстанымдары еріксіз ойға оралады. Алғашқы латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру бағытында профессор Қ.Жұбанов ұсынған жобада 25 әріп, бір дәйекші көрсетілді. Оның қазақ жазуын жетілдіру бағытындағы ғылыми ұстанымдарының маңызы зор болды. Мысалы, алғашқы латынға негізделген қазақ әліпбиінде «g», «c», «n» қаріптерінің үстінде не құйрығында Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 49 қосымша белгісі болса - «ғ», «ж», «ң» дыбыстары, ал қосымша белгісі болмаса, олар «г», «ш», «н» дыбыстары деп оқылды. Сондықтан Қ.Жұбанов жазу кезіндегі қиындық тудыратын қосымша белгілермен таңбаланған «ғ» дыбысын танытатын «g» қарпін - «һ», ал «ж» дыбысын танытатын құйрықты «c» қарпін «белі сызылған» - «z» қарптерімен алмастыру керек деген ұсыныс айтты[13.510]. Қазақ тілінде «h» дыбысы одағай сөздерден басқа жерде жоқ болғандықтан, бұл қаріпті «ғ» дыбысын таңбалауға алуды ұсынады. Қ.Жұбанов өзі ұсынған әліпбиде дәйекші, яғни жіңішкелікті білдіретін белгі енгізуіне байланысты, «а», «о» қаріптері арқылы жуан-жіңішке «а-ә», «о-ө» егіз дауыстыларды бір «а», «о» қаріптері арқылы таңбалауға болатындығын, сондықтан «ә», «ө» дыбыстары үшін алынған қаріптердің қажетсіздігін айтады. Осындай жағдайда «ұ», «ү» дыбыстары үшін алынған латынның «u», «y» әріптерінің орнына латынның бір ғана «y» таңбасын қалдырып, екі дыбысты дәйекші арқылы ажыратып, ал латын «u» таңбасымен қазақ тіліндегі «y» дыбысын белгілеп, бұрын «у» дыбысын таңбалауға алынған «v» қарпін де әліпбиден шығаруға болатынын көрсетеді. Қ.Жұбанов өзі ұсынған әліпбиінде қазақ тілі дыбыстарына алынған қаріп санын барынша үнемдеу жолын көрсеткен екен. Ғалымның бұл ұстанымдары қазір де маңызын жойған жоқ. Қ.Жұбанов «ұу, үу, ый, ій» - қосынды дыбыстар екендігін көрсете отырып, оларды жазуда жалаң «у», «и» әріптерімен таңбалау туралы айтқан ұсынысы жазу сауаттылығын жақсарту бағытындағы сол алғашқы ізденіс кезеңі үшін маңызы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Ғалым дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігін екі әріппен емес, бір әріппен, яғни жуан-жіңішкелі 8 дауыстыны 4 әріппен таңбалауды ұсынды(a,ә > а; о, ө> о, ұ,ү> ұ; ы, і> ы;) Сонда бұрынғы әліпбиде дауыстыларды таңбалайтын 13 әріпті(17 таңбаны) енді жаңа әліпбиде 7 әріппен(7 таңбамен) жазуға болатынын көрсетеді: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, ұу, үу, ый, ій, е =13(17); а, о, ұ, ы, у, и, е =7(7) [13.522]. Ал қазіргі таңда, біріншіден, қазақ тіліндегі үнді дауыссыздар - «й» мен «у», екіншіден, орыс тілінен енген сөздердегі дауысты -«и» мен «у», үшінші, сөз ішінде қатар келген «ұу, үу, ый, ій» тіркесімдерін де жазуда осы үш жағдайды да бірдей етіп, жалаң «и», «у» Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 50 қаріптерімен таңбалау айту мен жазу арасында кейде қателікке жол беріп отырғаны да белгілі жай. Сондықтан өз кезінде Қ.Жұбановтай алыптар қолдаған латын әліпбиіне өту кезінде бірқатар қиындық келтіріп отырған осындай жағдайлар ескеріледі. Қ.Жұбанов қазіргі қазақ тілінде (әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда) әліпбиге енбеген тағы «f», «h», «x» үш дауыссыз дыбысы барын, оның алғашқы екеуі халықаралық қолданыста, ал соңғысы орыс тіліндегі сөздерде кездесетінін, тілдің болашақта термин және өзге тілдегі техника, мәдениет сөздері арқылы баю мүмкіндігіне байланысты бұл әріптерді әліпбиімізге енгізу керектігін айтады[13. 510]. Сонымен латын графикасына негізделген алғашқы қазақ әліпбиінде 33 әріп болса, профессор Қ.Жұбанов өзгертіп ұсынған жобада 25 әріп, бір дәйекші болды[13. 504]: Реті Латын Қазақ Реті Латын Қазақ әріптері дыбыстары әріптері дыбыстары 1 Aa а/ә 14 Oo о/ө 2 Bb б 15 Pp п 3 Cc ш 16 Qq қ 4 Dd д 17 Rr р 5 Ee е 18 Ss с 6 Gg г 19 Tt т 7 Hh ғ 20 Uu у 8 Ii и, й 21 Yy ұ/ ү 9 Kk к 22 Хх х 10 Ll л 23 Zz з 11 Mm м 24 Z’z’ ж 12 Nn н 25 Ьь ы/і 13 Ŋŋ ң ’ дәйекші Қ.Жұбанов әліпбиінде дәйекшінің қолданылуы, 34 әріпті 25 әріпке дейін қысқарту техникасын көрсетуі оның зерттеулері А.Байтұрсынұлы ісімен ғылыми жалғастығын және оның әліпбиін жаңғыртқанын, яғни қазақ әліпбиін жасаушылардың бірі болғанын танытады. Сондай–ақ, дәйекшіні өз әліпби жобаларында Х.Досмұхамедұлы, Н.Төреқұлов, Ж.Аймауытов сияқты Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 51 оқымыстыларымыз да қолданғанын ескерсек, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов көзқарастары бір-бірін толықтырып тұрғанын байқатады. Қазіргі таңда қазақ жазуын латын графикасына көшіруде туындаған кейбір маңызды мәселелер кезінде Қ.Жұбанов ұстанымдарына да назар аударған жөн. Қазақ жазуы тарихындағы емлені жетілдіру мәселелері Қазақ жазуындағы емле тарихына зер салсақ, «ы», «і» әріптерін қысқартып жазу мәселесіне көбірек назар аударылғанын байқаймыз. Кезінде А.Байтұрсынұлы «ы» жазылмағанда сөздің мағынасы бұзылып, кемшілік келер болса, жазылып, оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағынасына кемшілік келмесе, жазуға жеңілдігі болса, «ы» дыбысының харіфін жазбағанда не залал көреміз» деп, «ы», «і» әріптерін барынша қысқартып жазу принципін ұсынған еді [15.386]. …………….. Ол «ы» - жаны, малы, тары деген сөздерде «н, л» - дың, «р» - дың соңынан естілетін дыбыс белгісі. Сөздің басында, ортасында қысқа һәм көмескі естіліп, бар жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы, «қын, қыр, жылым, қырын» деген сөздердің ішіндегі «ы»-ның барлығы сезіледі, хатта сезілмейді деп айтуға болады. Бұл сөздерді «ы»-ны жазғанда да, жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда оқуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. «Қаны, жаны, малы» деген сөздерде «ы»-ны жазбай, солай оқи алмаймыз, сөздің аяғында «ы»-ны жазу қажет»,-деп, «ы» әрпі бас буында, барща бітеу буында жазылмайды, ал ашық буында қалмай жазылады деген ұстаным да болды [15.327]. Демек, өз кезінде А.Байтұрсынұлының фонемалық мәні болса да, оқылуға қиындық келтірмейтін позицияда фонеманы да арнайы әріппен таңбаламауға да болатындығын таныта білген бұл ұстанымын маңызды ғылыми жаңалық деп білеміз. Қ.Жұбанов та өз кезегінде А.Байтұрсынұлының көзқарастарын одан әрі дамыта жалғап, оны ғылыми тұрғыда жүйелей түседі. Ол 1935 жылғы жазған қазақ жазуы мен әліпбиіне өзгеріс енгізу туралы жобасында жазу барысында нағыз қажеттігі болмаған жағдайда Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 52 қысаң «ы» дауысты дыбысын таңбаламау арқылы оның қолданысын шектеу керектігі туралы ережелер ұсынады: а) кейінгі буында дауысты «а, о, е, і» дыбыстары келсе, сөз басындағы ашық буында «ы» дауысты дыбысын таңбаламау (бұрынғы жылан, жылау, білек, піризма, т.б. сөздерді жлан, жлау, блек, призма деп жазу); Ал кейінгі буында да «ы» дауысты дыбысы келетін болса, алғашқы буындағы «ы» дыбысын түсірмеу: cьrm, bьlm, cьlk, qьrq, sьrq, zьrq, zьgr ; б) барлық тұйық және бітеу буындарда: zgar, qral, balq, ‘cetm, ‘bork, qrman, brde, cуms, blmpaz; в) жазуда «ы» әрпінің жоқтығы барлық ашық буындарда басқа мағынада оқылмаса: asra(asьra), azraq (azьraq), cagna (cagьna), baqla (baqьla), batraq(batьraq), alnadь (alьnadь); г) сөз мағынасына әсер етпесе, сөз басындағы «r, u, і, ь» алдында жазылмауы: ru – род, уru – бить (ruv емес), ret(іret емес), ‘ьretu (retu емес) [13.523]; Қ.Жұбановтың «ы, і» дыбыстарына қатысты айтылған осындай ұстанымдарының кейбірі қазіргі қазақ жазуында пайдаланылады. Мысалы, сөз басындағы «р» дыбысынан кейін «ы, і» дауыстыларынан басқа дауыстылар келсе, сөз басындағы «ы, і» әріптері жазылмайды(рақмет, рұқсат, рас, ру, рет, рең), ал «р» дыбысынан кейін «ы, і» қысаң дауыстылары келсе, олар сөз басында да жазылады(ырыс, ырық, ырым, ырыл, ірі, іріткі, ірілік). Сонымен бірге тек ілу, іліну, ілесу, ілім сияқты сөздерден басқа «л»-дан келетін сөздерде сөз басында «ы, і» таңбаланбауы Қ.Жұбанов ұстанымдарынан бастау алады. Қазіргі кезде де бір ұстаным мағынаға әсері жоқ жағдайда қысаң «ы, і» әріптерін мүмкіндігінше шектеуді ұсынса, екіншісі қысаң «ы, і» әріптерін қысқарту салдарынан сөз ішінде бірнеше дауыссыз дыбысты қатар жазуға тура келетіндігін, сондай-ақ сөз, буын аяғында келмейтін кейбір ұяң дауыссыздар емлесіне қайшы келетінін айтып, тіліміздің үндесе айтылымына әсер ететіндігін алға тартады. Қысаң «ы, і» дауыстылардың таңбалану емлесіне қазіргі кезде де ғалымдар мен жұртшылық бірдей келісе бермейтіндігін ескерсек, Қ.Жұбанов ұстанымдарының әлі де ғылыми өзектілігі жоғары екендігін біле түсеміз. «Қазақ жазу ережесінде ерекше көзге түсіп жүрген кемшіліктер» деп Қ.Аманжолов та «ы, і» әріптерінің таңбасын өте көп қолданып жатқандығымызды, «жыйылысымызды» деген сөздің өзінде алты «ы» бар. «Ы, і»-ні неғұрлым аз жазуға тырысушылықты Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 53 екінің бірінің жазуынан көруге болады» деген ой айтқан еді. Қ.Жұбанов бір мағына беретін күрделі біріккен сөздерді бірге жазуды ұсынған: cermai (cer –жер, mai-май), bescьldьq (bes-бес, cьldьq-жылдық), yiqoian (yiqoian-үй қоян), qolqap (qol-қол, qap-қап); Алдындағы дыбысталымға бағына айтылатындықтан шылау сөздерді бірге жазу керектігін де көрсеткен(son, ma ?): barama ? barganson, kelgesn; [13.523]; Қазіргі кезде қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшірілуі кезеңінде жазу емлесіне ерекше назар аударудың маңыздылығы туралы айтып, осы «ы», «і» дауыстылары үстемеленіп жазылған сөздерді көрсетіп, емле мәселелерін сөз етіп жүрген ғалымдардың бірі С.Бизақов жазуда жарыспа тұлғалар мен әдеби норма арасын да дұрыс түсінуге, жазудағы бірізділікті сақтауға, сондықтан емлені ескеруге шақырады[16.4]. Сондықтан қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары тек әліпби қабылдаумен аяқталмайды, ол жазу емлесін қайта қарап, жетілдіре түсу бағытындағы шаруалармен жалғасады. Әліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру туралы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Әлімхан Жүнісбек: «Қазіргі әліпбиімізді қазақ әліпбиі деп атаудың еш реті жоқ. Өйткені, ол қазақ-орыс, тіптен, ақиқатын айтсақ, орыс-қазақ әліпбиі десе де болады. Әліпбиіміз бір тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің әліпбиі болып орнығып алды. Бүгінгі қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек болып тұр. Реформа бір ғана әліпби ауыстырумен тынбайды. Дыбыс, әліпби және емле-ереже реформасы керек», – дейді. Ғалым «әліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек» деген пікір айтады[17].Ендеше қазіргі жазуымыздың осал тұстарына байыппен қарап, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов сияқты арыстардың мұрасына назар аударуды ұмытпау қажет деп ойлаймыз. Ғалымдар арасында «қазіргі тіліміздің орфоэпиялық талаптары дегенде езу үндестігі басты фонетикалық заңдылық болғанымен, аралас буынмен айтылатын сөздердің де естілімі әуезді, әсем ырғақты, ал ерін үндестігіне ерекше мән беру тілдің қазіргі дамуына сәйкес келе Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 54 бермейді, сондықтан тілдің табиғатына тереңірек үңіліп, алға басушылық пен ауытқушылықты зерделей білген жөн» деген де көзқарас та бар. Қазіргі кезде тілімізге өзгеріссіз енген жат сөздерді үндесім бойынша қазақы дыбыстаушылар да, оны тілді жетік меңгермегендіктен сол күйінде қолданушылар да бар. Осы мәселеге қатысты «Ана тілі» газетінде ой қозғаған тіл маманы Б.Жексенгалиев: «Ғасырлар бойы тілді өзге тілдер ықпалынан қорғап келген үндесім заңы латын графикасы негізіндегі ұлттық жазудың да тірегі болғанда ғана тілдің ажары кіріп, сөздің сәні келер еді»,- деп тілімізге өзгеріссіз енген жат сөздерді үндесім заңы бойынша қолдануды жақтайды[18.5]. Ауызша сөйлеу тілімізде «спорт - ыспорт», «форма-пормы», «цемент- семент», «журнал- жорнал» деп айтылатынын, сондықтан осылай жазуды емледе заңдастыруды ұсынады. Ғалым С.Бизақов «сөздерді үндесімге бағындырып жазу керек дегенді алға тартып, жазылуы қалыптасып кеткен «құю, сою, күю, сүю, үю, ию, ою» секілді сөздерді төрт-бес әріппен таңбаласақ, сауаттылықты кері кетірмейміз бе?» деп, жазу емлесіне ерекше жауапкершілікпен жіті қарауға шақырады[19.4]. Ал Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры Қ.Б. Күдеринова: «Біз бұл әліпби арқылы орыстың ойлау жүйесін, орфографиясын айна-қатесіз көшіріп алдық. Орыс тілін қазақ тіліне бейімдеп сөйлейтіндерге жата қап күлетінді шығардық. Ал қазақ тілінің орфоэпиясы бұзылып жатса мән бермейтін болдық», – деп, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруде графикалық және фоно- логиялық заңдылықтарға сүйену қажеттігін, кирилл әліпбиі қазақты орыс тілінде акцентсіз сөйлеуге үйреткенін, сондықтан енді өз әліпбиімізді қазақ тілінің үндесім заңдылығына сай етіп жасау қажеттігін айтады [20]. Ғалым Қ.Б. Күдеринова латын негізді ұлттық әліпбиге көшу үшін қазақ жазуының фонологиялық негізін, фонемографиялық тегін, фонематикалық принципін сақтау қажеттігін, яғни сөз мағынасын ажырататын бір дыбыс бір ғана таңбамен берілуін, бір дыбысқа бір әріп принципін барынша сақтау қажеттігін, себебі ұлттық әліпби ұлттық дыбыстарымызға қиянат етпеуі керектігін ғылыми тұрғыда баяндап, түсіндіріп келеді. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 55 Латын жазуына көшу-бұл қазақ тілін жаңғырту, әлемдік талаптарға сай белсенді тіл ету мақсатында жасалып жатқан маңызды шаралардың бірі. Қазіргі орфографиямызды жетілдіру, сөзіміздің қазақ тілінің табиғи үндесіміне сай жазылуын қамтамасыз етуді көздейді. Заман ағымына сай тіл де үнемі дамып, сөздік қоры мен сөздік құрамы толыға түседі. Күнделікті өмірде танылған барлық заттар мен құбылыстар сол тілде сөз арқылы қолданыс табады. Егер осы сөздер өз ана тілінде, немесе ана тілдің заңдылығына бейімделіп қолданылмаса, онда кез-келген тілдің сөздік қоры жұтаң тартып, ол тілдің табиғи заңдылықтары бұзыла бастайды. Барлық уақытта да тілдің өзіндік заңдылықтарын ескеріп, үнемі жетілдіріліп отыруы керек. Қазіргі жазуымызда басшылыққа алатын негізгі емле ережелеріміз 1983 жылы қабылданды, одан бері тілімізге енген сөздер де көбейді. Сондықтан сөзіміздің қазақ тілінің басты заңдылығы-үндестік заңына сай жазылуына назар аударған жөн. Мысалға, қазақтың Жанар, Айнұр, Орал, Өтеміс деген аттарын Жанара, Айнура, Урал-Арал, Утемис деп айтуға үйреніп кеттік. Қазақтың үндесе айтылатын сөздерін Ысмайыл-Смайл, Ысқақ-Сқақ, Ырысты-Рысты деп тіліміздегі дыбыстар тіркесін, айтылым заңдылығын бұзып жүрміз. Мұндай мысалдар өте көп. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін, қазақ сөзін сол дыбыстармен айтып-жазу керек екендігін де сақтамай, кейінгі ұрпақты шатастыра бастадық. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде «х» дыбысы жоқ. Сондықтан қабар-хабар, қош-хош, қат-хат, қан-хан, гауқар-гаухар-гауһар деген сөздерде қазақтың «қ» дыбысының орнына орыс тілінің «х» дыбысын, араптың «һ» дыбысын жазғаннан сөздің мағынасы өзгеріп тұрған жоқ. Бұл бір дыбысты екі әріппен жазу деген сөз, басқаша айтсақ, бір адамның екі түрлі төлқұжаты бар дегенмен бірдей болады. Бұл тіл заңдылығын бұзу болып табылады, яғни грамматикалық және орфоэпия-орфография заңдылығы бұзылды. Сондықтан әліпби ауыстыру мен жазу заңдылықтарын қайта қарастыратын тұстарға тіл мамандарының да түсіністікпен келіп, мұқият қарағанын жөн деп білеміз. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 56 Әліпби жасау ісі: « дыбыс – фонема – графема – әріп» байланыстары және фонолог мамандар Әліпби мен жазу емлесін жасау кез-келген қарапайым адамның, тіпті кез-келген тіл маманының да қолынан келе беретін оңай шаруа емес. Оған арнайы ғылыми дайындығы бар маман адамдар қажет. Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өткізілген «Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты жиында филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ерден Қажыбек: «Ең үлкен қасірет – ауылда өскен қазақтың қара баласы ана тілінде акцентпен сөйлей бастауы. Мұндай қауіптің бетін латын қарпіне тез арада көшкенде ғана қайтарамыз. Қазіргі таңда қырық екі әріпті кирилл әрпінің кесірінен қазақ тілінде бірізділік жойыла бастады. Әр ғалым, әр газет, әр адам өз бетінше грамматикалық, орфографиялық ереже қалыптастырып алды. Бір сөзді бірнеше нұсқада таңбалайтын республикалық басылымдарды, түрліше жазу ережесін ұсынған орфографиялық сөздіктерді бір ізге түсіру де әліпби ауыстырған соң шешілуге тиіс», – деп, бұл жұмыстарға нағыз білікті мамандардың тартылуын айтқан еді[12]. Шынында да, әліпби жасау ісі кез-келген адамның тек әр дыбысты таңбалап көрсете салуы емес, сөзді арнайы таңбалармен жазу мәселесін, яғни «дыбыс – фонема – графема – әріп» байланыстарын, терең білетін фонолог мамандарды қажет етеді. Латын қаріпке негізделген көптеген еңбектер жазылып, әліпби нұсқалары ұсынылып жатыр. Солардың арасында латын қаріптерін қазақ әліпбиіне икемдеу бағытында өзінің салмақты ойлары мен ғылыми маңызды зерттеулерін көп талқысына ұсынып жүрген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, білікті ғалым Әлімхан Жүнісбектің еңбектерінің маңызы зор деп білеміз. Ә. Жүнісбектің әліпбиі жүйелі, ғылыми негізде жасалған, өзінен бұрынғы Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі сингармофонологиялық ұстанымдармен жалғастық тапқан. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі 9 дауыстыны 5 қаріппен таңбалап, оның жуан-жіңішкелігін арнайы дәйекші арқылы ажырататын болса, Ә. Жүнісбек те егіз дауыстыларды бірдей таңбалап, олардың жіңішкесінің үстіне қосымша таңба(екі нүкте) қою Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 57 арқылы ажыратуды ұсынған. Ол да «н-ң, г-ғ, к-қ, с-ш» сияқты егіз дауыссыз дыбыстарды да бірдей таңбалап, оларды ажырату үшін қосымша белгілер ұсынған. Қазіргі таңда Ә.Жүнісбек қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонеманы (9 дауысты, 19 дауыссыз) латын әрпімен таңбалап, бұған қоса, кірме сөздердегі «в», «ф», «һ» сияқты қаріптерді таңбалаудың да жолдарын қарастырып, жаңа қазақ әліпбиін талқылауға ұсынып, өз көзқарасын айтып келеді. Ғалым бұл шараны одан әрі қазақ жазуын реформалау (қайта қарастыру) ісімен байланыстыру бағытын ұсынған еді[17]. Әліпби ауыстыру мәселесі туралы ғалым Ә.Жүнісбектің көзқарасы, қысқаша баяндасақ, төмендегідей: Біз бұрын түркітілдес халықтардың кітабын қиналмай оқи беретін едік. Сондықтан ортақ әліпби керек. Қазір латын қарпіне өту мәселесі екі сатыдан тұру керек. Бірінші саты – қолымыздағы жазуымызға реформа жасап алу керек. Бүгінгі жазудың емле-ережесі – орыс-қазақ әліпбиіне келеді. Қазақтың сөзінің әрбір үндес әуезін сақтайтын және морфем құрамын, буын тұрқын, тасымал ережесін бұзбайтын әліпби жасау қажет. Екінші, проф. Байынқұл Қалиевтың есептеуі бойынша, төл сөзімізге кіріп кеткен кірме таңбалардың емле-ережесін түсіндіру үшін 40 бап керек екен. Демек, қазақтың тіліне шын жанымыз ашыса, оның үндесін, әуезін, морфемін бұзбайтын әліпби жасау керек. Осы қалпында өтсек, былық-шылықтан арылмаймыз дегенді айтады. Ғалым Ә.Жүнісбек өзінің төмендегідей жаңа әліпби жобасын да (кестеде бірдей қаріптер бар, олардың үстіне қосымша белгілер қойып, ажыратқан) ұсынған еді[17.3]: Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 58 № Кирил Лат № Кирил Лат № Лат Кирил 1 Аа Аа 11 Ққ Qq 20 Рр Rr 2 Әә Ää 12 Кк Кк 21 Сс Ss 3 Бб Вв 13 Лл Ll 22 Шш Šš 4 Д д Dd 14 Мм Mm 23 Тт Tt 5 Е е Е е 15 Нн Nn 24 Ұұ Uu 6 Гг Gg 16 Ңң Ňň 25 Үү Üü 7 Ғ ғ Ğğ 17 Оо Оо 26 Уу Ww 8 Ыы I i‘ 18 Өө Öö 27 Йй Yy 9 Іі Ii 19 Пп Pp 28 Зз Zz 10 Жж Jj Кірме таңбалар: 29. Ф ф—F f. 30. В в.—V v. 31. h— Н h Ғалым Ә.Жүнісбек «әліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек» деген пікір айтады. Ендеше қазіргі жазуымыздың осал тұстарына байыппен қарап, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов сияқты арыстардың мұрасына назар аударуды ұмытпау қажет деп ойлаймыз. Ғалым Ә.Жүнісбектің айтуынша, «көпшілік жұрт әліпби ауыстыру дегенді бір таңбаны екінші таңбаға алмастыра салу деп түсінеді. Қазірдің өзінде латын әліпбиіне қатысты 100-ге тарта жобаның үлгісі бар. Оны кім жасамай жатыр дейсіз? Ерінбеген адамның бәрі жоба ұсынып жатыр. Сенсеңіз, қазақ тілінде қанша дыбыс бар екендігін білмей-ақ жоба ұсынып жатқандар кездескен. Ол ол ма, әріп пен дыбысты айыра алмайтындар да бар екен. Компьютердің 26 түймешесіне 42 әріпті қайтсек сыйдырамыз деп әлек болғандар да жетерлік» екен[17]. Әліпби жасаушылар арасында, пернетақтадағы таңбалар ғана болуы керек дегенге байланып қалғанымыз болмаса, ғалым Ә.Жүнісбеков ұсынып жүрген әліпбидің артықшылығы өте көп, ғылыми тұрғыда жасалған деп білеміз. Ғалым Ә.Жүнісбек қазақ тілінде қанша дыбыс барын білмейтін, тіпті әріп пен дыбыстың айырмашылығын білмей, дыбыс пен әріпті шатастырып жатса да, жоба ұсынып жатқандарды айтады. Олардың қазақ тілінде 9 дауысты, Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 59 19 дауыссыз дыбыс, барлығы 28 дыбыс бар екенін білмейтінін, сондықтан да олар 42 әріптің айналасында жүргенін айтады.Тіпті кейбіреулері қазақ тілінде тек 9 дыбыс бар, қалғаны орыс тілінен келген деп те ойлайтынын, мұндай ой тууына қазіргі оқулықтардағы деректер де дұрыс берілмеуін сынайды. Ғалымның айтуынша қазіргі латын әліпбиіне өту жұмыстары «тек әліпби ауыстырумен бітпейді, қазақ жазуына түбегейлі реформа керек». Бұл реформа үш мәселені, яғни «дыбыс, әліпби және емле- ережелерін» бірдей қамтиды, Сондықтан «бірімен байланысты осы үш мәселе қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды» дейді. Әліпби ауыстыру мәселесі туралы ғалым Сейдін Бизақовтың да көзқарасы да маңызды деп білеміз: «Профессор Қ.Жұбанов ұсынған «ф, х, ч, э, ц, я, ю» әріптерінің термин сөздерді жазуда да, төл сөздеріміздің тұлғалық даралығын сақтап жазуда да игі әсері болғаны анық. Несібеміз кемімей, есеміз кетпесін десек, тіл саясатын кемелдендірейік. Қазақ тілі әліпбиінің құрамындағы қыруар әріпті төртін өгейсітіп, жат дыбыстарға жатқызып, әліпби құрамынан шығарып тастау, соның ішінде «в, х, ф, ч, э, ю, я» деген дыбыс та, әріп те жоқ деп, оларды бүтіндей орыс тіліне теліп, шетқақпайлау шындыққа жанаспайтын, жартыкеш, жан-жақты дәлелденбеген, емлені шешуі қиын өте күрделі түйінге айналдыратын шешім демеске лаж жоқ»,-деген пікір айтады [19.4]. Ғалым Сейдін Бизақов сауатты жазу мәселесі туралы: « Тағы бір айта кететін жайт, сауаттылықты қиындататын бір дыбысты бірнеше таңбамен берудің еш қажеттігі жоқ. Латын әрпімен мүмкін болмайтын кирилл әліпбиіндегі кейбір әріпті қосар әріп, диакриптикалық таңбамен бермей, сол күйінде қалдырған немесе қосымша таңба ойластырған ұтымды болмақ. Кирилл әліпбиінің бір артықшылығы таңба үстінен ешқандай да ноқат қойылмайды. Ноқат пен дәйекше дыбысты анықтайтын таңба табылмаған жағдайда амалсыздан қойылады»,-дейді. Ғалым Сейдін Бизақов екі әріпті ь мен ъ таңбаларын есептемегенде 40 әріпті құрайтын төмендегідей жаңа әліпби жобасын (кестеде бірдей қаріптер бар, олардың үстіне қосымша белгілер қойып, ажыратқан) ұсынған екен[19.4]: Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 60 № Кирил Лат № Кирил Лат № Лат Кирил 1 Аа Аа 11 Ққ Qq 20 Рр Rr 2 Әә Ää 12 Кк Кк 21 Сс Ss 3 Бб Вв 13 Лл Ll 22 Шш Šš 4 Д д Dd 14 Мм Mm 23 Тт Tt 5 Е е Е е 15 Нн Nn 24 Ұұ Uu 6 Гг Gg 16 Ңң Ňň 25 Үү Üü 7 Ғ ғ Ğğ 17 Оо Оо 26 Уу Ww 8 Ыы I i‘ 18 Өө Öö 27 Йй Yy 9 Іі Ii 19 Пп Pp 28 Зз Zz 10 Жж Jj Кірме таңбалар: 29. Ф ф—F f. 30. В в.—V v. 31. h— Н h Ғалым Сейдін Бизақов тілдің үндесімі мен жазу мәселесі туралы былай дейді: «Сөздің үндестігіне сәйкестендіріп, жаңа қазақ жазуына емле-ережені қоса қамтитын түбегейлі реформа керек дегенге де қарсы айтар уәжіміз бар. Өйткені өткендегі қазақ сөзінің үндесімі мен қазіргі үндесімінің арасында елеулі өзгешелік бар. Бұл – тіліміздің дыбыстық құрылымының күрделеніп, жетіле түсу барысында сөздің әуезділігі мен естілім жағымдылығын арттырған құптарлық өзгеріс. Тілдің даму диалектісі мен жазудың сөйлеу тіліне тигізетін әсерін ескеріп, мәселені «қазақ тілінің үндесін бұзбайтын» деп емес, қазақ тіліндегі сөздің әуезділігін сақтап, оған нұқсан келтірмеу тұрғысынан қарастырғанымыз анағұрлым нәтижелі болмақ. Әлемдегі ең таңбасы аз жазу, оның бетін ары қылсын, сөздің әуезділігі мен жағымды естілімін нашарлатып, тілімізді кері кетіреді демеске лаж жоқ. Ең өкініштісі сөздің айтылуын дәл береміз деп жүріп, оның графикалық бет-пішімін тым ауырлатып жіберу ата-бабамыздың аманаттаған асыл қазынамыз ана тіліміздің әрі қарай дами, кемелдене, көркейе түсуіне қойылған үлкен тосқауыл болар еді» [19.4]. Қазақ әліпбиін қабылдап, одан кейін осы әліпби арқылы жазу емлемізді де жетілдіріп, әліпби мен емленің қазақ тіліне сай келуіне көз жеткізгенде ғана қазіргі атқарып жатқан жұмыстарымыздың оң нәтиже бергеніне көз жеткіземіз. Сондықтан ғалымдарымыздың жоғарыда аталғандай айтқан сөздерін назарға алып, ғылыми тұрғыда Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 61 негізделген әліпби мен емле жасауға барлық жағдай жасалып жатырғаны баршаға аян. Кез-келген әліпбиге қойылатын басты талаптар Жаңа әліпбиге көшуге байланысты ел арасында айтылған пікірлерге құлақ түретін болсақ, «осы әріптің әріптен несі артық», «араб әріптері мен төте жазуды ата-бабаларымыз пайдаланды ғой», «Қ.Жұбанов кезіндегі дайын латын әліпбиін неге алмаймыз», т.б. пікірлерді естиміз. Қ.Жұбанов та өз кезінде қолданылған латын әліпбиіндегі қосымша белгілер(диакритика), дәйекші(апостроф), емле мәселелерін шешу жолында еңбектенді, бірақ қазіргі компьютер пернетақтасының талабы басқа болып тұр. Сол сияқты, А.Байтұрсыновтың жасаған «төте жазу» деп аталған әліпбиінің де еш кемшілігі жоқ, бұл жердегі мәселе тек араб әріптеріне қарағанда латын әріптерінің графикалық мүмкіндігі жоғары, қолданыс аумағының артықшылығына байланысты болып тұр. Сондықтан әліпби таңдау мүмкіндігі болып тұрғанда, сол мүмкіндігімізді пайдаланып, мәңгі Ел үшін лайықты ең тиімді әліпбиді таңдауға құқығымыз бар. Сондықтан барлық әліпбиге қойылатын қандай ортақ талаптар бар, оған қай әліпби сай болады деген мәселеледі білуіміз керек. Кез-келген әліпбиге қойылатын басты талаптар: 1) әлеуметтік жағы(көпшілікке тиімді, көп елдердің қолдануы, олардың қолдауына ие болуы, т.б.), 2) графикалық жағы (әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазуға оңтайлы болуы), 3 )техникалық жағы (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б. әр түрлі салада қолданысы), 4) лингвистикалық жағы (тілді дәл жеткізуі, дыбысталу-оқу-жазуға икемділігі) т.б. талаптарға сай болуы керек. Қазіргі таңда латын әліпбиі осы талаптар биігінен көрініп, үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Сондай-ақ, графизация (әріп таңбалау) заңдылықтары әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптарына сай келуін қажет етеді. Адамның жасы ұлғайған сайын немесе жарықтың әр түрлі түсуіне, қағаздың сапасына тәуелді болып т.б. көптеген жағдайларда көру қабілеті де кеми түсетіні белгілі. Осындай саластырмалы Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 62 жағдайда да латын әліпбиінің артықшылығы байқалады. Яғни, латын әріптері «көру-қабылдау-тану» талаптарына сай. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлде қайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады. Жазуға қойылатын басты талап лингвистикалық (тілді дәл жеткізу) бағытта ғана емес, техникалық жағдайларға (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) да сай болуы керек. Бүгінгі таңда латын әліпбиі осы талаптар биігінен көрінеді, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеруіміз қажет. Қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіріп келген ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік туды. Сондықтан латын әліпбиіне көшу бағытындағы жұмыстарға еліміз болып белсене араласып келеміз. Латын әліпбиі – өркениеттің жазуы, оқу құралы, өмір талабы, тек дамудың кілті ғана емес, рухани жаңғырудың басты бір баспалдағы, әлемдік ақпарат кеңістігінің тура жолы, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады. Қазіргі жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Еліміз тәуелсіздігін алған кезден бастап ғалымдарымыз бен тіл жанашырлары латын әліпбиіне көшудің пайдасын сөз ете бастаған еді. желтоқсанда «Қазақстан - 2050» «стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесін тағы да көтеріп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 63 кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп атап көрсетті[2.73]. Латын әріптері - әлемдік талаптарға сай жазу, латын әліпбиі өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Сондықтан Президентіміз бастап, халықтың қолдауымен қазақ жазуына латын графикалы әліпбиді таңдап отырмыз. Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз. Жаңа ғасырда жаңа әліпбиімізді меңгеріп, жазуымызды түзесек, тіліміздің де болашағы жарқын болады деп білеміз. Мемлекеттік тіл –мемлекет тірегі Елімізде тіл саясатының дұрыс жолға қойылуына, мемлекеттік тіліміздің бүгінгі жеткен биікке көтерілуіне ерекше зор ықпал етіп отырған Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Біз бүкіл Қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – мемлекеттік тіл, қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», «Мен мемлекеттік тілде сөйлеп, сол айтқанымды барша жұрт түсінетіндей күнге жетуді арман етемін» деген т.б. ұлағатты сөздері мен тілді дамыту бағытындағы ақыл-кеңестері мемлекеттік тілді одан әрі нығайта түсудің негізі болып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолданыс аясын кеңейту бағытында біраз шаруа жасалды деп айтуға болады, сонымен бірге алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар одан да көп екенін білеміз. Қазір ғылым мен техника заманында, жаһандану кезеңінде тілімізге сыртқы жағдайдың әсері өте күшті сезіліп отыр. Шетелден келген әр техника, әр товар атаулары өзі шыққан елдің тіліндегі терминдерді бірге ала келіп, тілімізге көптеп еніп жатыр. Ана тілімізге өзге тіл сөздерінің көптеп енуі тіл мәдениетіне де кері әсер етіп, тілімізді шұбарлап, сөйлеу әрекетін ауырлатып жіберді. Тасқын судай қаптаған өзге тіл сөздеріне дер кезінде тосқауыл қойып, өз тілімізде сөйлету бір Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 64 күннің ісі емес, оған да уақыт керек. Бірақ біздің баяу қимылымызды уақыт көтермейді, күннен-күнге тілімізге еніп жатқан өзге тілдегі жаңа сөздер алдымызды орап, мемлекеттік тілдің қарыштап дамуына белгілі дәрежеде әсер етіп отыр. Күнделікті тұрмыста ұялы телефон, банкомат, терминал, интернет сияқты т.б. техникалық құралдар желісіндегі тілдің қолданысы тіл жанашырларының алаңдаушылығын туғызып отыр. Сондықтан мемлекеттік тілімізді ақпараттық технология тіліне айналдырып, интернет желісінде де өміршеңдігін арттыру бағытында көптеген игілікті шаралар, соның ішінде латын әліпбиіне көшу мәселесі, жүргізіліп жатырғаны баршаға аян. Елбасының 2006 жылдың 24 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында жасаған баяндамасында: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс»,- деп, мемлекеттік тіл мәселесінің маңыздылығын атап көрсеткен еді[1]. Бүгінгі жастардың өмірі компьютер, ғаламтор, ұялы телефонмен тікелей байланысты өтіп жатыр. Олардың ой-танымы, бүкіл дүниетанымы, тілді меңгеруі осы техникалық құралдар арқылы алынатын ақпараттар ұштасады. Сондықтан өзге тілдегі ақпараттар, өзге тілде «сөйлеп тұрған» құралдар белгілі дәрежеде адамның танымына да әсер етеді. Себебі өзге тілде алынған бүкіл ақпарат ұлттық танымға сәйкес келе бермейді. Интернет, компьютердің бүкіл құрылым-жүйесінің орысша не ағылшынша болуы, мемлекеттік тілдегі сапалы контентті дамыту қажеттілігін алға тартып отыр. Қазақ тілін біле тұра техникалық құралдарды көбіне орыс тіліндегі нұсқада қолдану әдетке айналғандай. Оның басты себебі алғашқы кезеңде техникалық құралдарда қазақ тіліндегі нұсқа болмады. Сол себепті осы құралдарды алғаш қолданғанда орыс тілінде пайдаланып меңгерген бала кейін қазақша нұсқаны пайдаланбай, өзі үйреніп қалған орысша нұсқаны пайдалана береді екен. Ендеше, бұл жерде тілімізге деген адалдықты жоғары ұстау әр адамның өзіне байланысты, осы бағытта тәрбие де қажет сияқты. Қазір қазақша сөйлеушілер, қазақ мектептері Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 65 көбейді десек те, интернет, компьютердің бүкіл құрылым-жүйесінің орысша не ағылшынша болуы жастарымыздың өзге тілді қолдануына итермелеп отыр. Бұл жағдай өз кезегінде олардың дүниетанымына да әсер етеді. Ғаламтор -тек жылдам ақпарат алмасу ғана емес, оқу-білім, ғылым, өзара тәжірибе алмасу т.б. мақсаттарда да белсенді қолданылатын құрал. Бірақ ғаламтор желісінде қазақ тілінің қолданысына толық жағдай жасай алмай отырған жағдайда қазіргі жастарымыз мобилді интернеттің бір ғана мүмкіндігі- таныс, достарымен хабар алмасумен ғана шектеліп отыр. Ал өздеріне керекті барлық материалдарды өзге тілде ғана іздеуіне тура келеді. Осындай жағдай олардың күнделікті тілдік қолданысына да әсер етіп, тілді шұбарлап сөйлеуіне ықпал етіп отыр. Мысалы, компьютерге загрузка жаса, файлды удалит ет, курсифпен выделит ет, осы жерге вставить ет, агентте отыр, мой мирді аш, онлайн семинарға қатыстым, айфон алдым, завтрак іштім, звонить етті, встреча болды, т.б. сөз тіркестері күнделікті өмірімізде жиі-жиі қайталанып жатады. Тіл - халықтың жаны, ділі, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Халқымыз «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деп, ана тіліне ерекше мән беріп, ұрпағын сөз қадірін білуге үйреткен. Сондықтан күнделікті өмірімізде барлық салада да қазақ тілінде сөйлеуге жағдай жасалуы керек. Кезінде алаш қайраткері А.Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады», - деп, ана тілі ұлттың тірегі екенін ескерткен еді[15]. Ал Халел Досмұхамедов: «Тіл-жұрттың жаны.Өз тілін білмеген ел-ел болмайды... Тілінен айрылған жұрт- жойылған жұрт»,- деген екен[21]. Халел Досмұхамедұлы өзі өмір сүрген кезңде–ақ сингармонизмнің түркі тілдері үшін маңызы ерекше екендігін танып, 1922 жылы «Шолпан» журналында «Қазақ – қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген мақаласын жариялаған болатын. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 66 Х.Досмұхамедұлының бұл мақаласында қазақ(түркі) тілдері үшін сингармонизмнің маңызы жан-жақты баяндалды. Сондықтан жазылғанына 100 жылға жуық уақыт өтсе де өз мәнін жоймаған бұл еңбек тасқа жазылған «Күлтегін» ескерткішіндегі алғашқы түркі жазуымен, «Оян, қазақ!» деп жырлаған Міржақып Дулатовтың рухты сөздерімен ыңғайлас асыл мұрамыз деуге болады. Сондықтан бір кездерде біз орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Игор полкі туралы сөз» жырының жазылған жылын санап, атап өткен болсақ, ал қазақ руханияты үшін Халел Досмұхамедұлының «Қазақ – қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген мақаласының мәні де өте зор екенін ескеруіміз керек[21]. Басқа сөздерді сол күйінде ала беру тілдің лексикалық жүйесінде өзге сөздердің салмағы арта түсуіне, өз сөзіңнің азая беруіне себепкер болады. Мұндай әрекеттер тілді өшірмесе, өсірмейді. Сондықтан да болар, өткен ғасыр басында осындай жағдайды болжаған Х.Досмұхамедұлы: «Тілінен айрылған жұрт-жойылған жұрт» деп айтып кеткен екен. Оның әр сөзінің маңызы өте зор, оған көз жеткізу үшін төмендегі сөздерін мысал етеміз: «Топан суындай қаптап, тілімізді жат сөздер басып бара жатқан мезгілде ескерілмей ұмытылуға айналған тіліміздің бір негізгі заңын еске салғымыз келеді». «Қара халық өте сақ болады. Тұрмысына, салтына, елдігіне зиянды нәрселерді қабылдамайды. «Қара қарын ел бұзады» деп жат рулардың адамдарын арасына өте сақтықпен кіргізгеніндей, шет сөздерді де сынап, тергеп, тексеріп, екшеп, өзгертіп, өз тілінің әдетіне ылайықтап кіргізеді». «Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгеруге жол басшы болады». «Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды». «Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай хәлге келуі керек. Бүйтпесе жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын бұзады, тілге зиян береді». Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 67 «Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге ылайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады. Бұл туралы Аурупа тілдерінен алдымызда үлгі келтіреміз.Жат сөздерді өзгертпестен алып, бастапқы жат қалыбымен тілге сіңіреміз дегендік – шатасқандық. Бұ жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді. Жат сөздерді өзгертпейінше жүргіземіз деп қазақтың тілін бұрағандар да, «мәдениетке үйретеміз, өнер шашамыз» деп арақ пен шылым, жұқпалы ауру таратқандар да бір есеп. Арақ, шылым, аурулар адам денесін бұзса, зорлықпен кіргізген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады. Қайсысының күнәсі көп?!» «Араб-парсы сөздері тілімізге дінмен бірге кіре бастады. Молдалар қаншама дін сөздерін дұрыс айтқызамыз деп, [тіл] бұраса да ел болмады. Жат сөздерді өзінше айтып, тілінің заңына ылайықтап қолданатын болды. Дін тілімізді бұза алмады. Бұған себеп – көшпелі салтымыз һәм елге тым кәдірлі болған орасан бай ауыз әдебиетіміз. Көшпелі елге жазу-сызу оңайлықпен таралмады. Жазба әдебиет жоқтық бізді сақтады». «Молдалар қазақ арасына араб-парсы сөздерін бұлжытпай айтуды жазу арқылы үйрете бастады, ана тілін бұзып, ноғайшылап, сартшылап сөйлеуді, жазуды шығарды. «Хұрметлу ғизатлу қадырменде зияда көргуші ағамызға көп-көп саламлар бағыдунда біз тарафтан хал-ахуал сұрасаңыз алхамдилла сағ саламат тұрадырмыз» секілді әдебиет тілі болған шатақ тіл пайда болды. Бұл тілді күні кешеге дейін молдалардан басқа да ел ішіндегі сөз жазған кісілердің бәрі қолданып жүрді». «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілді еліктей беруі зор хата. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек» [21]. Демек, бүгінгі таңда мемлекеттік мәртебедегі қазақ тіліне бұрынғыдан да ерекше жағдай жасалуы тиіс. Еліміздің әр азаматы, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер және халықпен тікелей қарым- қатынаста жұмыс жасайтын түрлі кәсіптегі бизнес саласының өкілдері т.б. мемлекеттік тілді жетік білуге міндетті деп білеміз. Қазақ Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 68 тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде қазіргі таңда күнделікті өміріміздің барлық салаларына терең бойлап, керегесін кеңге жайып келеді. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі беріліп, оның беделінің өсіп, қолданыс аясының кеңеюі тәуелсіздікпен тікелей байланысты болса, тәуелсіздіктің іргесін мықтап бекіту ісінде мемлекеттік тілдің де алар орны жоғары екендігін күнделікті өмір дәлелдеп отыр. Сондықтан мемлекеттік тілімізді дамытып, оның қолданыс аясын кеңейте түсу және әлемдік стандарттарға сай келуін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда еліміз латын әліпбиіне көшу мәселесіне жұмыла кірісіп, латын әліпбиін талқылау, латынға байланысты Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындау жұмыстарын бірлесе атқарып жатыр. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» Ана тілінде сөйлесу-анаға құрмет көрсету. Адам баласының дүние есігін ашқанында оны мейрімін төге алақанана алып, құшағына тартатын алғашқы адамы, ол – оның анасы. Оның ес білгенінше құлағына жететін ең таныс үн- анасының дауысы, сөз түсінер шамаға келгеніндегі оның жүрегіне ең жақыны - анасының тілі, болашағы туралы жастық шақтан басталар үлкен ой-армандары да, басқа да ішкі толғаныстары мен күнделікті өмірі ана тілімен үндесіп жатады. Ана тілі адамға сөйлеуді үйретті, ана тілі адамды оқып, білім алуға жетеледі, ана тілі адамды бірігіп еңбек етуге үйретті, ана тілі адамға қорғануды, бірігіп қауіп-қатерден құтылуды үйретті, ана тілі адамға бірігіп ел болуды, ана тілі адамды халық, ұлт болуға жеткізді, ана тілі адамның отбасы болып, мемлекет болып, бақытты өмір сүруіне қол жеткізді. Ал осы айтылғандарға кері қарай іс жасасақ, ана тілде сөйлемесек, ана тілді білемін ғой деп,оны қолданбасақ, өзге тілде сөйлесек, күнделікті дастарханымыз, оқуымыз, жұмысымыз, баламызға айтқан ақылымыз, қағаздағы нақылымыз, алыс пенен жақынымыз, алу менен беруіміз, бәрі-бәрі өзге тілде болса, бәрінен шеттеп қалған ана тілге не қалады!?. Ана тілде сөйлемесек, оның жазуы неге керек, ана тілде жазбасақ, латынға өтіп не керек!?. Сондықтан, ағайындар, ана тілінде сөйлеу керек, сөйлеген үстіне сөйлей түсу керек, сонда ғана тіліміз дамиды. Ал ана тілімді білемін Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 69 деп, өзге тілде сөйлей берсек, ана тіліңді тек тіл үйренушілер ғана қолдана ма, бұл дұрыс емес. Кезінде сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл үшеуінің бір-біріне көңіл аудармауы ең үлкен қылмыс», — деген еді. Әрине, бұл өзге тілді білме, өзге тілде сөйлеме деген сөз емес. Ата-бабамыз ұрпағына «жеті жұрттың тілін біл» десе, Елбасымыз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуді міндеттеп отырғанын білеміз. Ақын Қ.Мырзалиевтың: «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген сөзінде терең мән жатыр. Ендеше, біздің ана тіліміз-қазақ тілі. Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» деген тағылымды сөзінде қаншалықты мән-мағына жатқанын, бұл сөздің өзіміз үшін, ұрпағымыз үшін, болашағымыз үшін қажетті екенін, әр кез жадымызда ұстап, оны мүлтіксіз орындауымыз керек[22]. Ел алдында сөйлеген бір сөзінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»,-деген еді. Өткен тарихымызға зер салсақ, халқымызды қанаған патша заманы, одан кейінгі қызыл саясат орнатқан кеңес кезеңінде қазақ тілі қоғамдағы орнынан бірте-бірте шеттетіліп, өзге тілдің әліпбиіндегі барлық әріптерді алып, өзге сөз, өзге терминдермен «байып», тілдік қызметі күңгірттене бастаған еді. Бұл туралы профессор Қ.Жұбанов өзінің «Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» деген мақаласында патша өкіметіне қарағаннан кейін қазақ халқының барлық билігі кеткенімен қоса, оның тіліне де қауіп туғанын айтады. «Бұрын мал бағып, малы мен басын қорғауға қоғам болып, қоғам санасы бар қазақ енді малшы болды. Өз малы мен өз басының қамынан басқа оған ойлайтын нәрсе қалған жоқ. Сүйтіп, азаматтық санасы кеміді»,-деп, халықтың адам ретіндегі бірлігі мен ойлауына да кедергі тап болғанын, «Қазақтың жері кесіліп, көш жолы үзіліп, әр ру, әр ауыл, әр үй жерге арқандала бастады. Қатынас тоқтады. Әр жердегі қазақ әр түрлі жағджайда күнкөріс жасап, өз бетімен кетуге, мәдениет бірлігін сөгуге айналды. Қазақ тілінің диалектілері дейтініміздің бір қатары мәне, осы дәуірде, осы ыдыраудың нәтижесінде туды. Сүйтіп, қазақ тілі ыдырауға айналды. Сол жолмен кете барса, қазақ тілі деген тілдің бір жола құруы шексіз Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 70 еді»,-деп, тіл тағдырын ел тағдырымен байланыста зерттеген еді[13.328]. Ғалым бұл мақаласында патша заманы туралы айтқан, ал кеңес кезеңі туралы ол кезде айта алмайтыны белгілі гой. Енді егеменді ел болып, өз билігіміз қолға тиген кезеңде ана тілімізді құрметтеп, қазақ тілінің болашағы үшін қызмет етуіміз керек. Қазақша сөйлеп, қазақ жазуын латын әріптерімен жазуға үлес қосу міндетіміз. Қазақ халқы ғасырлар бойы талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірсе де, елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында аянбай күресіп, армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Бұл жолда ел тарихында есімдері алтынмен жазылар талай ардақты ұл-қыздары бар, ұрпаққа үлгі етер дәстүр-салтымыз бен данышпан халқымыздың даналық сөздері мен ұлағатты тәрбиесі бар. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 12 сәуірде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы мақаласында: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», - деп, «елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алып», «халқымыздың тағылымы мол тарихын алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген парасатты сөз айтқан болатын[1]. Елбасының рухани жаңғыру бағытында баяндалған бағдарламалық мақаласындағы ұлттық код, ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық бірегейлік, ұлттық салтдәстүр, білімнің салтанат құруы, ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытпау, жаһандану кезеңінде жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістерге дайын болу, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру т.б. туралы ойлары мәңгі елдің болашағы үшін айтылған, алдағы үлкен міндеттерді айқындаған маңызды тарихи оқиға ретінде халықтың зор ықыласына ие болды. Қазақ - қанша қиындықты көрсе де барлық құндылықтарын көшкен жұртта қалдырмай, бүгінгі ұрпағына жеткізіп, ата-бабалардан қалған барлық рухани байлығын кейінгі ұрпағына аманаттап келе жатқан тағылымы мол халық. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 71 Елбасы Н.Ә.Назарбаев рухани жаңғыру бағытында айтқан сөздерінде: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», - деген еді[1]. Ата-бабамыздан мұраға қалған құндылығымыздың бірі-ана тіліміз, оның бүгінгі таңда мемлекеттік тіл мәртебесінде қызмет етіп, ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімін сақтап, елімізді мекендеген басқа да ұлттардың бір-бірімен жақындасып, достық жағдайда өмір сүруінің кепілі болуы мемлекеттік тіл саясаттың жемісі деп білеміз. Бұл бабаларымыздың «тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұстанымы бүгінгі таңда да жалғасып келе жатқанын танытады. ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан - 2050» «стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс» деген еді[2.73]. Бұл міндетті орындау бағытында қазіргі таңда барлық мүмкіндігіміз бар, ең бастысы Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек» деген тағылымды сөзін жүрегімізге жеткізе білейік. Латынға көшкеніміз дұрыс болды Латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылаудың алғашқы кезеңдеріндегі пікір айтушылар арасында «кейбіреулер латынмен жазуды қиын көріп, балаларын орыс мектебіне беруі мүмкін» деп жорамал айтушылар да болды. Жоқ, қазір мұндай пікірлерді ешкім де қолдамайды. Себебі қазіргі ата-аналар - қоғамның даму бағытын байқай алатын білімді, еліміздің саясатынан хабары мол жандар. Олар тек орысша білсе жағдайы жақсы болатын кездің өтіп бара жатқанын, алдағы уақытта мемлекеттік тіл мен латын негізді қазақ жазуының емле ережелерін толық меңгерген, қазақ тілінде сауатты жазып, дұрыс сөйлей алатын қоғамда өмір сүретіндеріне толық көздері жетеді. Мәңгілік ел өзінің мәңгілік тілімен қуатты, Президентіміз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екендігін, сондықтан латын графикасына көшірілген қазақ әліпбиі мен жазуын Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 72 меңгеру Қазақстанда тұратын әр адамның өзіндік қажеттілігіне айналатындығына күмән келтірмейді. Осы жағдайды алдын-ала сезінген озық ойлы адамдар, онымен қоса өзге ұлт өкілдерінің өзі балаларын қазақ мектебінде оқытып жатыр, себебі отбасында өз тілін білетін бала, мектепте қазақша үйренсе, оның мүмкіншіліктері арта түсетінін біледі. Бұл жерде балаларды орыс мектебіне бермеу керек деген ой тумауы тиіс, ата –бабамыз ұрпағына әлемнің жеті тілін меңгеруді аманаттаған, ал Президентіміз жастарға қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілін оқытуға барлық жағдай жасап жатыр. Сондықтан үйдегі ата-анасы да, өзі де қазақ тілін жақсы меңгерген бала қай тілді оқыса да, өз тамырынан ажырап, адасып қалмайды. Ал отбасындағылар қазақша білмесе, баласы орыс мектебінде оқыса, ол бала болашақтағы мемлекеттік тіл өз күшіне енген қазақ тілді ортада қалай жұмыс жасайды!?. Осы мәселелерді түсінетін бүгінгі көзі ашық, көңілі ояу әр адам латын негізді қазақ әліпбиі мен жазуын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды қолдап, бүгінгі таңда мемлекеттік тілде сөйлеушілер санының арта түсуіне үлес қосып келеді. «Жаңа әліпби қабылданған кезде қандай қиындықтар болады, халықтың жаңа жазуды меңгеруі, оқып-жазуы төмендеп кетеді» деп алаңдаушылар болды. Қандай іс қыласң да, ол оңай бола қоймайды, оның қиындығы да қоса еріп жүреді. Сондықтан «Шегірткеден қорққан егін екпейді» дегендей, қиындықтан қорықпау керек. Тілдің болашағы-елдің болашағы. Жазуымызды латын әліпбиіне көшіру бір күннің ісі емес, ол осы жазуымызбен қатар жүріп, елдің көзі үйреніп, көңілі орнына түсіп, жаңа әліпбиді әбден меңгеріп кетуіне мүмкіндік жасайды. Қазірдің өзінде жастар ұялы байланыс кезінде бір-біріне осы латын әріптермен хабарлама жіберіп жатқандарын көріп жүрміз. Айналадағы түрлі мекемелер, банктер, машина маркалары, көше жарнамалары, т.б. латын әріптерімен жазылған сөздерді барлығымыз да жатсынбай оқып, түсініп жүрміз. Ал жастарымыздың барлығы да мектептегі ағылшын сабағынан латын әріптерін жақсы меңгергенін білеміз. Әр істің өз қиындығы бар дегендей, орыс мектептерінде оқитындар бұрынғы жазумен жүретін болса да, осы елдің азаматтары ретінде олар да латын әріптерін меңгеруге тиіс. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 73 Ал кейбір пікір айтушылардың латынға көшкен кезде «орысша оқығандар латын әріптерін меңгермей қалады, қазақша оқығандар орыс тілінен алыс қалады» деген сөздері ешбір қисынға келмейді. Қазір біздің жастарымыз ағылшын тілін аз уақытта қалай меңгеріп алса, орыс тілін де солай тез меңгереді. Себебі елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқуға ерекше қамқорлық жасалып отырғаны баршаға аян. Латын әліпбиі тек қана қазақ тіліне, қазақ жазуына қатысты. Біз ағылшынды кириллицамен жазбайтынымыз сияқты, Қазақстандағы орыс тілінің оқулығы да кириллицамен жазылады. Орыс мектептеріндегі балалар орыс тілін кириллицамен, қазақ тілін латынмен оқиды. Орыс тілі қазақтар үшін шет тілі болып қалады. Бірақ Қазақстанның әр азаматы елде болып жатқан шаралардан тыс қала алмайтынын, сондықтан латын негізді қазақ әліпбиі мен оның жазуын, мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс екенін «біледі. Қазақ жазуын латын әріптеріне көшірудің артықшылықтары өте көп. Қазір шетелдермен әр түрлі саладағы байлданыстардың күшеюіне байланысты осы шараларды рәсімдеу құжаттарын жазуда латын әріптерінің қажеттілігі анық байқалады. Сондай-ақ, Елбасының мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы сарабдал саясаты, оның шетелге барған сапарларында қазақ тілінде сөйлеуі қазір мемлекеттік қызметтегі адамдарға да ерекше ықпал етті деп айта аламыз. Қазір шетелден келушілер саны көбейіп, Қазақстанға әлемнің назары ауып отырған тұста еліміздегі өзге ұлттармен қатар, шетел азаматтарының да мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы артып отыр. Мысалы, кешегі Қытай жерінде өткен ән додасында жерлесіміз Димаш Құдайбергеновтың қазақ тілінде ән айтып, елді аузына қаратуы, әншінің шетедік жанкүйерлерінің қазақша ән айтуға, қазақ тілін үйренуге деген ықыласын оятқаны баршаға аян. Қазіргі Қазақстанның дамып, әлем көз тіккен талай маңызды шаралардың ұйтқысы болуы, оның мемлекеттік тілі мен жазуының да осы биіктен көрінуіне түрткі болып отыр. Осындай көптеген жағдайлар, күнделікті өмірдің өзі, жаңа технологиялар заманы қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің қажеттілігін алға тартты. Сонымен бірге қазақ жазуының латын әріптеріне көшірілуі ел болашағы - жас ұрпақтың оқу-білім және ғылым жолындағы ізденістеріне де жол Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 74 ашады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Латын әріптерімен жазу арқылы басқа тілді де меңгеру, оны жазу да бір- біріне жақындап, бір әріптен екінші әріпке ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, тілдің қолданысына да оң әсер етеді. Осындай жағдайда білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдете түсуге ықпал етеді. Ендеше латын әліпбиінің болашағы да зор. Мемлекеттік тіл мен оның латын негізді әліпбиін, қазақтың жазуын меңгеру-латынға көшу саясатының негізі. Кешегі кеңестік кезеңде біздер, қазақтар, орыс тілін өз ана тіліміздей еркін меңгеріп, сөздерді араластырып айта беруге де үйреніп, тіпті кейде қай тілде сөйлеп, қай тілде тыңдап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалатын дәрежеге жеткен едік. Екі тілдің әріптері де бірдей болғандықтан орыс тіліндегі сөздер де ешқандай кедергісіз ене берді. Сонымен қатар кирилл әріптері арқылы біз әлемге орыс тілінің көзімен қарап келсек, енді өз әліпбиіміз арқылы тілімізді өзіндік табиғатына сай қолдануға мүмкіндік аламыз. Бір елден екіншісіне өткен кез келген адам да, түрлі бұйым заттар да кеден арқылы рәсімделетін болса, осы сияқты тілден тілге өтетін сөздер де еш кедергісіз өтуі тиіс емес. Сондықтан латынға көшкен кезде өзге тілден келген кірме сөздер әліпбиі мен жазу емлесіндегі өзіндік ерекшелігіне ерекше маңыз берілген басқа тілге кедергісіз, арнайы рәсімделусіз өтіп кете алмайды. Осы жағдай кірме сөздерді тіліміздің табиғи ерекшеліктеріне бейімдеп жазып, қазақы дыбыстауға мүмкіндік береді. Әліпби өзгерту мәселесі тек кірме сөздерге ғана қатысты емес, өз тіліміздегі төл сөздерімізді де жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектеседі. Қазіргі заман — жазу заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 75 отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас іс- қағаздары, компьютер, интернет, агент т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Осы жазулар бүгінгі ұрпақтың орфоэпия (айталым) заңдылықтарын ұмытып, айтуы да, жазуы да орфография (жазылым) заңдылықтарымен жүруіне итермеледі. Яғни, жазу айтылымға әсер ете бастады, ал дұрысы жазылым айтылымға қызмет етуі тиіс еді. Бұрынғы әліпбидегі кирилл әріптерінде қалсақ, осы әліпбидің емле- ережелері де қапталдай жарыса, тілімізге кедергі келтіруін қоймайтын еді. Сондықтан латынға көшкеніміз дұрыс болды, себебі латын графикасына көшу арқылы өзге тілідің ықпалынан құтыламыз, бауырлас түркі халықтарымен бір жазуға өтеміз, әлемдік өркениетпен жақындасамыз, бұл біздің болашағымыз, ұрпағымыз үшін өте маңызды болып табылады. Түрік, әзірбайжан, өзбек , түрікпен жазуының латын әліпбиіне көшуі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанованың Білім және ғылым министрлігінің жанынан латын қарпіне көшкен түркі тілдес Түркия, Әзірбайжан және Өзбекстан республикаларының тәжірибесін зерттеп, қарастыру үшін 2007 жылдың көктемінде ғылыми іссапарға барған мемлекеттік комиссияның деректері негізінде жазған мақаласынан көптеген мәлімет алуға болады [23.8]. Қазіргі латынды қолданатын елдердің әліпбилеріне зер салсақ, барлығы бір әліпбиді пайдаланса да, әліпбилеріндегі әріптер бәрінде бірдей емес, кейде бір дыбысты екі- үш әріппен біріктіріп таңбаласа, енді бірде классикалық латын әліпбиінде жоқ, басқа әліпбилерден алынған әріптермен де таңбалауға тура келгенін көруге болады. Латын әліпбиіне түрік тілі 1928 жылы, әзірбайжан тілі 1991 жылы, өзбек тілі 1993 жылы көшірілген. Әліпби жасалған тұста дыбыс саны толық анықталмауы салдарынан түрік әліпбиіне енбей қалған «қ», «ң» , «у» әріптері кейінгі кезде ғана қарастырылған екен. Ал өзбек тілінің әліпбиін жасауда тілші ғалымдарға қарағанда компьютерлік техника саласы мамандарының Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 76 ұсыныстары басымдық алып кеткен, сондықтан қазіргі өзбек әліпбиі интернет желісіне икемді болғанымен, ұлттық тілдің мүддесінен шықпай отыр деген көзқарастар бар. Кейбір кемшілік жіберілуінен өзбек тілінің әліпбиінде екіұшты оқылуларға жол берген әріптер де болған. Әліпбиде «ң» дыбысы латын әліпбиінің «ng» әрпінің тіркесі арқылы белгіленуі де кей жағдайда дұрыс оқымауға әкеліп соқтырады екен. Әзірбайжан әліпбиінде классикалық латын әліпбиінен тыс, кирилл әліпбиінен де алынған әріптер бар. Әзірбайжан тіл мамандарының айтуынша, тілдерінде өте жиі қолданылатын «Ә» дыбысын кирилл әліпбиінің «Ә» графемасымен таңбалаған, себебі өте жиі қолданылатын болғандықтан оны латынның «А» әрпінің үстіне екі ноқат қойып таңбаласа, жазу кезінде мәтін үстінде нүкте таңбалары жыпырлап, мәтінді оқу - жазу қиындап кетеді екен. Қазіргі кезде біздің ғалымдарымыз бауырлас түрік халықтарының латын жазуына көшу кезіндегі жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерімен жете танысып болды. Енді жазу емлесінде осы мәселелер негізге алынады. Латын халқы, оның тілі және классикалық әліпбиі туралы Латын әріптері туралы айтқан кезде латын халқы, оның тілі және әліпбиі туралы да айта кеткеніміз жөн. Латын тарихы өте терең, оны қысқаша айтсақ, олардың мекені Италия жеріндегі Лациум деген жазықтықта орналасқан б.з.д. VIII ғ. латын тайпасы негізін қалаған Рим қаласы болды[24.8]. Б.з.б. I ғасырдың аяғында көп жерлерді жаулап алған Рим үлкен мемлекет боп V ғасырға дейін өмір сүрді, бүкіл Жерорта теңізі, Испаниядан Грецияға, Кіші Азия мен Египетке дейінгі және қазіргі Франция территориясы, Англия мен Германияның кейбір бөліктері т.б. жерлер Римнің қол астында болып, римдік мемлекеттің тұрғындары латын тілінде сөйлеген. Осы уақытта билік жүргізген империялық Рим мемлекетінің ресми тілі де латын тілі болғандықтан оның тілі мен жазуы бүкіл антик әлеміне тарап, еуропалық өркениетінің негізі болған. Кейіннен Рим мемлекеті ыдыраған кезде оның құрамындағы түрлі ұлттар да бір-бірінен алшақтап, олардың тілдері де өз жолдарын тапты. Сондықтан қазір Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 77 латын халқы жоқ, лингвистикалық классификация бойынша латын тілі өлі (яғни, қазіргі кезде қолданылмайтын) италийлік тілдерге жатады. Латын тілінің негізінде ұлттық тілдер, яғни романдық тілдер - итальян, француз, испан, португал, румын және молдаван т.б. тілдері өз алдына қалыптасқан екен. Латын әліпбиінің қазіргі бізге жеткен таныс түрі б.з.д VI-ІІІ ғ.ғ. қалыптасқан[24.9]. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады, олар 6 дауысты, 20 дауыссыз дыбысты таңбалайды: Аa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss,Tt, Uu,Vv,Ww, Xx,Yy, Zz. Латын әріптері роман, герман және басқа да тілдердер жазуына негіз болған. Бірақ барлығы да латын әріптерін алғанмен, әр халықтың әліпбиіндегі әріптердің бәрі де бірдей фонемаларды таңбалай бермейді, әр әліпбидің өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Әріптің аз болуы әр тілдің дыбыстар санына сай келмегендігінен, бір дыбысты бірнеше әріппен біріктіріп таңбалау қажет болған. Бір дыбысқа бір таңба ұстанымы толық сақталмады. Әріп тіркестері алынып, бір дыбысқа екі әріп ұстанымы қоса жүрді. Барлығы да латын әріптерін қолданса да, Европа халықтарының әліпбиінде өзгешеліктер бар. Мысалы: «Х» фонемасы: неміс тілінде - Ch, ағылшын тілінде -Kh, француз тілінде - Kh, ал «Ш» фонемасы; неміс тілінде - sch, ағылшын тілінде - Sh, француз тілінде – sz таңбалары арқылы жазылады. Француз тілінде 17 дауысты, 18 дауыссыз, неміс тілінде 16 дауысты, 21 дауыссыз, ағылшын тілінде 15 дауысты, 15 дауыссыз және дифтонгтар бар. Сондықтан латынға өткен біздің туысқан түркі халықтарының әліпбиінде де өзгешеліктер болуы заңды құбылыс деп білеміз.Біздің латын негізді әліпбиімізде де ана тіліміздегі дыбыстарға байланысты өзіндік ерекшелігі болады. Тіл маманы ретінде, өз ойымдағы әліпби нұсқасын ұсынған едім Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіруге байланысты құрылған Ұлттық космиссияға латын әліпбиіне қатысты 100 жоба түскен екен[9]. Еліміз болып жаңа әліпбиге өтуге бір кісідей үлес қосып, осы бағытта жүргізіліп жатқан шараларға Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 78 белсене араласып келеміз. Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2017 жылғы 20 қазанда «Латын әліпбиі: тарихы мен мәселелері» тақырыбында онлайн- конференция өтті. Осы жиында осы кітаптың авторының бірі, Н.А.Садуақас «Латын графикасы және төл дыбыстарымыз» атты баяндама жасады. Халық даналығында «келісіп пішкен тон - келте болмас» дегендей, латын негізді қазақ әліпбиінің жобасын ел болып талқылап, оның мінсіз жасалуына өз үлесін қосып жатқан жағдайда Н.А.Садуақас та , тіл маманы ретінде, жоғарыда аталған баяндасында өз ойындағы әліпби нұсқасын ұсынған болатын[25]. Қазіргі түркі халықтары жазуында түрік әліпбиіндегі әріп үсті қос нүктелі әріптер қолданысы дұрыс деп ойлаймын. Бірақ жаңа әліпбиіміздегі әріптерді компьютер пернетақтасының жағдайына келетін етіп жасау және «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымында тұру үшін дәйекші(апостроф) қолданудан қашып кете алмайтын сияқтымыз. Сондықтан автор қазақ тіліндегі 9 дауысты, 19 дауыссыз, барлығы 28 фонеманы басшылыққа алып, оған қоса басқа тілден келген сөздерді жазуға керекті әріптерді екінші бөлек қатарға қойып, төмендегі латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиінің нұсқасын ұсынған болтын: Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 79 № әріптер дыбыстар № әріптер дыбыстар Aa [а] [н] A’a’ [ә] [о] [б] ’ o’ [ө] [ш] [п] [д] [қ] [е] [р] Ff [ү] [с] [г] [т] [ғ] [ұ] [і] Vv [й] [ж] Ww [у] [к] Xx [ң] [л] [ы] [м] [з] ’ ’ [ Бұл ұсыныста қазақтың 28 дыбысы негізгі бөлікте орналасқан, ф ал кірме дыбыстар дәйекші арқылы екінші бөлікте орналасқан. Төл ] дыбыстарымыздан тек «ә» және «ө» ’ дыбыстарына ғана, ал кірме «ф», «в», «х», «h» дыбыстарын жазғанда‘ дәйекші қолданылатын болады. Ал бұл дәйекшілер кейде қойылмай қалатын кезде де қазақтың төл сөздеріне нұқсан келмейді. Мысалы, [ «P’ p’» - [ф] деп жазғанда дәйекші қалып қойса, оны «ф» емес, в «п» деп(фабрика-пабрика), Q’ q’ - [h] деп жазғанда дәйекші қалып] қойса, оны «h» емес, «қ» (жиhаз- H (вагон-бәгөн) «б» деп айтады. жиқаз) деп, ал «B’b‘»- [в] дыбысын ’ Сондықтан басқа тілден келген сөздерді жазуға керекті бұл әріптерді h екінші бөлек қатарға көрсетіп қойды. Әліпбидегі «Vv»- [й, и] мен ’ сөздерге бірдей алынады. Латын- «W w»- [у] қазақ-орыс тілдеріндегі ағылшынның айтуына сай келмесе де, әліпбидегі мынадай төрт қана дыбыстың «F f» -[ү], «X x»- [ң], [ «V v», - [й, и] , «Hh» -[ғ] сияқты х берілуіне жұртшылықтың көзі біртіндеп үйреніп кетеді деп есептелді. ] ’ ’ Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House [ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 80 Өз кезінде Қ.Жұбанов та жазу кезіндегі қиындық тудыратын қосымша белгілермен таңбаланған «ғ» дыбысын танытатын «g» әріпін - «һ», ал «ж» дыбысын танытатын құйрықты «c» әріпін «белі сызылған» - «z» әріптерімен алмастыру керек деген ұсыныс айтты. Қазақ тілінде «h» дыбысы одағай сөздерден басқа жерде жоқ болмағандықтан, бұл әріпті «ғ» дыбысын таңбалауға алуды ұсынған екен. Осы төрт дыбысты меңгерсек, қазақ тілінің табиғатына сай әліпбиіміз болады, дәйекші де азаяды, кірме сөздердегі өзге дыбыстар да қазақ тіліне қарай бейімделіп тұрады. Бұл әліпбидің жетістігі қазақ тіліндегі төл дыбыстарымыз толығымен өз алдынга бөлек кестеге орналасқан. Дәйекшімен жазылатын төл дыбыстарымыз саны барынша азайтылған. Кірме сөздердегі дыбыс таңбалары бөлек кестеде дәйекшімен берілген. Егер кірме сөздерде дәйекші қойылмай ұмыт қалатын кездерде қазақ сөзіне нұқсан келмейді. Бұл жағдайда кірме сөздердің қазақ тіліне бейімделіп, үндесімге сай игерілуіне әліпбидің өзі тікелей жағдай жасап тұрады. Сонымен бірге қазіргі жазу тасқыны өршіп тұрған кезеңде әліпбиде дәйекшіні қолданудың тиімсіздігін де айта кеткенді жөн санаймыз. Дұрысы, түрік ағайындар сияқты қос ноқатты пайдаланған жақсы болады. Жазылған сөздің қос ноқатының бірі көрінбей қалса да, сақтық шарасы сияқты екіншісі көрініп тұрады. Сондықтан әліпбиімнің екінші нұсқасын да жасап, көпшілікке ұсынамыз. Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы төмендегідей болсын деген ниетпен осы кітапшаның авторының бірі Н.А.Садуақас екінші жобасын төмендегідей етіп ұсынады: Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 81 № Жазылуы Дыбысталуы № Жазылуы дыбысталуы 1 Aa [а] 17 Ňň [ң] 2 Ää [ә] 18 Oo [о] 3 Bb [б] 19 Ӧ ӧ [ө] 4 Dd [д] 20 Pp [п] 5 Ee [е] 21 Qq [қ] 6 Ff [ф] 22 Rr [р] 7 Gg [г] 23 Ss [с] 8 Ğğ [ғ] 24 Š š (Сс) [ш] 9 Hh [h] 25 Tt [т] 10 Ii [і] 26 Uu [ұ] 11 Iı [ы] 27 Üü [ү] 12 Jj [ж] 28 Vv [в] 13 Kk [к] 29 Yy [и], [й] 14 Ll [л] 30 Ww [у] 15 Mm [м] 31 Zz [з] 16 Nn [н] 32 X x [х] Šh šh (Сh сh) - [ч]; Sh sh - [ц]; Бұл ұсыныстар тіл жанашыры ретінде өз ойын білдіргенім деп қана санап, сондықтан латын жөніндегі ұлттық комиссия құрамындағы білікті мамандардың тілімізге лайық әліпби жасап, жазу емлемізді дұрыс жолға салатындарына сенім білдірді. Мәңгілік Ел: оның тілі, әліпбиі мен жазуы Елбасымыз мемлекетімізді мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсетіп, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасап, ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл, сондықтан «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екендігін айтып, еліміздегі тіл саясатының бүгіні мен болашағын айқындап берді. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтарда «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 82 Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ –Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым»,-деген болатын[26]. Осындай Мәңгілік елдің тілі, әліпбиі мен жазуы әлемдік стандартқа сай болуы керектігі, бұл талаптарды латынға көшу арқылы орындауға болатынына көз жеткізіп отырмыз. Дүниедегі барлық жаңа технология, ақпараттар тасқыны, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. латын әліпбиі мен осы әріптерге сүйенген ағылшын тілімен ұштасып жатыр. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын жариялады[7]. Жолдауда Мемлекет басшысы «қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде», «орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізіліп» жатқаны, «егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажеттігі», «соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылғаны» туралы айтып, «Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді» деп сынап, оған күнделікті қолданыстағығаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «к үйсандық» (фортепиано) сияқты деректерді мысалға келтірді. Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керектігін, латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік беретіндігін, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттігін, орыс тілін білу маңызды болып қала беретіндігін атап көрсетті. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 83 Қазіргі таңда Елбасымыздың өзі тікелей бақылап, елдің әліпбиді талқылауы мен өз ойларын білдіруіне, ойлануына уақыт беріп, ғылыми ұстанымдарға байланысты әр түрлі пікірталастар туған кезде де парасатты шешімдер қабылдай білуіне байланысты қазақ жазуы мен әліпбиін латын графикасына көшіру бағытында маңызды істер атқарылды. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, қазіргі таңда әліпби түзудің теориясы мен практикасын назарға алып, ақылдаса отырып, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай келетін жаңа әліпбиіміз бен тіліміздің үндесіміне сай келетін жазу емле заңдарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар ел көңілінен шығып жатыр. Сондықтан бүгінгі ұрпақтың қазақ жазуы мен әліпбиін латын графикасына көшіру бағытында бірлесе еңбектеніп, Мәңгілік елдің тілі, әліпбиі мен жазуын дайындап, келер ұрпақ алдында игілікті тарихи істер атқарып жатқанын мақтан етеміз. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 84 III .ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ЕМЛЕ Әліпбиі мен емле: тіл үндесімінің негізі Қазіргі заман - жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Әліпби мен жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап, қазақ жазуын латын графикасына көшірудің артықшылықтары мен тіліміздің болашағы үшін қажетті шара екендігі туралы алғашқы пікірлер тілші ғалымдар арасында айтыла бастаған еді. Латын әріптері - өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі. Сондықтан ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланған мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық»,- деп латын әліпбиіне көшуге кірісуді міндет етіп қойып, «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп, латынға көшудің маңыздылығына көңіл аударған болатын[3.2]. Қазақ жазуын латын қарпіне көшіру туралы Елбасының рухани жаңғыру бағытында баяндаған бағдарламалық мақаласындағы терең мәнді ұстанымдары халықтың ықыласына ие болып, қолдау тауып отырған мәңгі елдің болашағына, мемлекеттік тілдің келешегіне жасалған игі істердің, маңызды тарихи оқиғалардың бірі деп білеміз. Бұл туралы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек: «Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақтылап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшуді сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлау, оның қолданыс аясын одан ары кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге жасалған мүмкіндік деп Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 85 түсіну керек»,-деген еді[9]. Әліпби мен жазу адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Сондықтан қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру әлемдік талаптарға да сай келтіру деп білеміз. Адамның барлық әс-әрекеті жазумен байланысты. Жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасайды, яғни хаттама, түрлі қатынас іс қағаздары, интернет, компьютер, планшет, ноутбук, мобильді телефон, смартфондар, т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы мақаласында айтылған қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырыла бастады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми- практикалық орталығы әліпбиімізді латын графикасына көшіру реформасын ұйымдастыру жұмыстарына жауапты мекеме ретінде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін құрастыру міндетін атқарған болатын[8]. Ал осы уақытта А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты да латыннегізді қазақ орфографиясының негізгі Ережелерін дайындап, алғашқы жобасын Орталыққа ұсынды. Осы жаңа емле Ережелерінің пилоттық жобасын сараптамадан өткізу бағытында Көкшетау, Қарағанды, Семей, Өскемен, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында сынамалар жүргізілді[27.1-4]. Қазір латын негізді қазақ әліпбиі қабылданған соң, енді жаңадан ұсынылған қазақ тілі емлесінің Ережелері жобасын талқылау жұмыстары қызу жүріп жатыр[28]. Жаңа мазмұнды Қазақ емлесінің негізгі ережелерін дайындау барысында біртуар ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбановтың, латын графикасына ауысу Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 86 идеясының көшбасында болған академик Ә.Қайдар, қазіргі қазақ жазуының ғылыми ортологиялық негізін қалаған көрнекті ғалым академик Р. Сыздықтың, сонымен қатар түркітектес халықтардың тәжірибесі жан-жақты ескерілген. Емле ережелері ұлттық тіліміздің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуына, тіліміздің дыбыстық қорының мүмкіншілігін толық қамтуына ерекше назар аударылған. Жаңа емле жобасында ғалым Р.Сыздықтың «Қазақ тілінің анықтағышы» атты еңбегіндегі қағидалар, сөздерді біріктіріп жазу тәртібі, ғылым мен техниканың әртүрлі саласына қатысты терминдік мағынаға ие болған сөз тіркестерінің жазылуы, адам аттарының емлесі, кейбір жарыспалы тұлғалардың емлесі, өзге тілден келген сөздерді қазақтың сөйлеу тіліндегі айтылуынша жазу туралы, т.б. мәселелер айқын көрініс тапқанын байқауға болады[29]. Осы орайда, жаңа емле ережелерін құрастыруда жазу тарихымызда құнды ғылыми ойларын қалдырған А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов, т.б. туматаланттар мен олардың соңынан осы салаға еңбектерімен өзіндік үлестерін қосқан М.Балақаев, І.Кеңесбаев, А.Аманжолов, Р.Сыздықова, Н.Оралбаева, Н.Уәли, Қ.Күдеринова, Г.Мамырбекова, сияқты т.б. ғалымдар зерттелуінің маңызы зор болды деп есептейміз. Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сай жүйелі, ғылыми тұрғыда құрастырылғандығымен ерекшеленеді. Емледе бұрынғы жазылуы әртүрлі болып келген орфограммалар бір ізге түсірілгені анық байқалады. Бұрынғы жазылымда сөздiң соңғы буынындағы екi дауыссыз арасындағы «ы», «i» әрiптерi бiрде жазылып, бiрде жазылмай, қиындық келтіретін тұстары болды. Мәселен, «халық- халқы», «көрiк-көркi» сөздерiнде қысаң «ы», «i» дыбыстары көмескiленсе, осыған ұқсас «ауыл-ауылы/аулы», «дауыс- дауысы/даусы» сөздерiндегi «ы», «i» дыбыстарының айтылуы мен жазылуы әртүрлі болды. Жаңа емледе бұрынғы жазылуы әртүрлі болып келген орфограммалар бір ізге түсірілген (шегара емес, шекара; көгөніс емес, көкөніс, қыргүйек емес, қыркүйек; дауысы емес, даусы, ауылы емес, аулы) [28.12]. Бұрынғы Емлемізде шеттілдік сөздердің түп нұсқасы сақталуы басты орфографиялық талап болса, енді оларды қазақ тілінің ішкі Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 87 табиғи ерекшеліктеріне бейімдеуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен бірге халықтың қазіргі жоғары сауаттылығына байланысты шеттілдік сөздерді көп өзгеріске түсірмей, халықаралық терминдер мен атаулардың тұрпатын сақтау арқылы жазу заңдылықтарын тым күрделендіріп жібермей, сол арқылы шетел тілдерін оқып- үйренуге де оңтайлы болу жағы ескерілгені байқалады. Мысалы, rejısor, valy`ta, dızaın, y`chılıshe, pıesa, fılm, sement, pa`rol, pitsa, komersıa, moderator; Ағылшын тіліндегі сөздің нұсқасында келген «w» әрпін қазақ жазуында «y`» әрпімен жазуды ұсынған: y`eb-saıt, y`atsap, y`ıkeıpedıa; Шетел тіліндегі танымал бренд, марка, тауар, т.б. атаулар түпнұсқа тұрпатында да, сондай-ақ қазақша игерілген түрінде де таңбаланатыны көрсетілген. Мысалы, Coca – cola / Koka – kola, Air astana /Eirastana; Өз ана тіліміздің табиғатына сай жазу емлесін қалыптастыруды мақсат еткен бұл ережелер жобасындағы шеттілдік сөздер мен кейбір кирилл әріптерінің емлесі туралы жазылған қағидалар да жұртшылық көңілінен шығады деп ойлаймыз. Себебі шығыс тілдерінен енген сөздердегі «х», «һ» әріптерінің жазылуы, орыс тіліндегі сөздерде келетін «ё, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ » әріптерінің орнына жазылатын баламалары ғылыми тұрғыда дұрыс берілген. Әліпбиден шығарылып тасталған өзге тіл әріптерінің таңбалану ерекшеліктері дұрыс, қазақ тілінің табиғатына сай айтылған. Емле ережесінде кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі тарауындағы «ё» әрпі «о́» әрпімен таңбаланады, оларға қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады (manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler)», «ц» әрпі және «сц» әріп тіркесі «s» әрпі арқылы жазылады (sırk, sıfr, sılındr, sırkýl; desımetr, medısına, proporsıonal, abzas;. Қатар келген «ц» әрпі «ts» тіркесі арқылы таңбаланады (pıtsa, Nıtsa), «-тч» дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі «т» әрпі түсіріліп жазылады ( skoch, skech, mach), «щәрпі төл сөздерде «shsh» әріп тіркесімен, ал шеттілдік сөздерде «sһ» әрпімен таңбаланады(ashshy, tushshy, keshshe), «э» әрпі «е» әрпімен жазылады(element, elevator, epopeıa), «- оэ» әріп тіркесімен аяқталатын сөзде «э» әрпінің орнына «ı» жазылады(aloı, kanoı), «ю» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен(aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala) ал дауыссыз дыбыстан, айыру Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 88 белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен таңбаланады (parashút, absalút, glúkoza), т.б. баптар қазақ тілінің табиғатына сай жазылған ережелер деп есептейміз[28.25]. «Сөз ортасындағы қайталама «сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу» дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылуы», «сөз мағынасы өзгеретін жағдайда олардың әріптері сақталып жазылуы» қазақы жазу талабынан туындаған дұрыс шешім болып табылады. Осы кезге дейін басшылыққа алынған бұрынғы емле ережесінде «қазақ тiлiнiң заңдылығы бойынша «к», «п» дауыссыз дыбыстарына бiткен сөздерге қосымша дауыстыдан басталып жалғанса, бұл дауыссыздар ұяңдап «г», «б» дыбыстарына» айналатыны, ал «орыс тiлiнен енген сөздерде «п», «х» дыбыстарына аяқталған сөздер бұл ережеге бағынбай, «окоп-окопы», «тип-типi», «цех-цехы», «альманах- альманахы» т.б.» болып қолданылатыны айтылатын. Ал қазіргі жаңа емледе осы баптар толықтырылып, «(§94) «p», «h» әріптеріне аяқталған шеттілдік сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, «p», «h» ұяңданбайды: arhetıp - arhetıpi, stereotıp - stereotıpi, ketchýp – ketchýpy, sheıh - sheıhy, shtrıh - shtrıhy. Сондай-ақ «h» әрпіне аяқталған сөзге қосымшалар жуан жалғанады: seh – sehty, -qa, -tar, sheıh – sheıhty, -qa, -tar, shtrıh – shtrıhty, -qa, -tar»,- деп, өзіміздің айтылымымызға қарай бейімдеп жазылған екен[28.29]. Емле ережесінде (§92) «шеттілдік сөздердің соңындағы «а» әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: gazet (-tiń, -i, -ke, -ter), mınýt (-tyń, -y, -qa, -tar), sıfr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), kordınat (-tyń, -y, -qa, -tar), kapsýl (-dyń, -y, -ǵa, -dar), kardıogram (-nyń, -y, -ǵa, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады»,-деп жазылған[28.28]. Кейбір жағдайда сөз соңындағы «а» дыбысы қазақы айтылымда жуан-жіңішкелі «ы-і» (касса-кассы, клеёнка-кілөнкі, плёнка- пілөнкі) болып қолданылатынын да ескеру керек деп ойлаймыз. Сондай-ақ, емледе (§13) «айтуы бойынша игерілген түрде жазылады» деп мысалға келтірілген сөздер арасындағы «poshta-пошта» сөзі де «пошты» деп қазақы айтылуы тиіс. Жақсы емле болу үшін алдымен әліпбиіміз жақсы құрастырылған болуы тиіс. Сондықтан латыннегізді жаңа әліпбиіміздің ұтымды тұстарымен қатар, өз көзқарасымыз бойынша, Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 89 әлі де ойланатын тұстарын көрсеткіміз келеді. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығы бойынша «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізілді [8]. Бұл әліпбиде латын әріптерін барынша қазақ тілі дыбыстарына сәйкес таңбалауға, қазақ тілінің үндесім талаптарына бейімдеуге, «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын сақтауға назар аударылған. Әліпбидің бұл нұсқасының ерекшелігі- акутта әріпүсті бір ноқат алынуы. Әріпүсті ноқат жазуға, қабылданымға оңтайлы екені байқалады. Ал түрік жазуында әріп үстінде біреу емес, қос ноқат тұрады. Бұл жазу барысында ноқаттың бірі көрінбей қалса да, екіншісі көрінетіндіктен түрік ағайындар жазуының бір жетістігі деуге болады. Әліпбиімізге 34 дыбыс алынып, олар 32 әріппен таңбаланған. Оның ішінде қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонема (9 дауысты, 19 дауыссыз) және кірме сөздердегі 6 фонема (и, в, ф, һ, х, ч), және бір әріппен екі дыбысты таңбалап тұрған екі әріп бар, олар Hh-[х], [h] және I-[и], [й], сонда барлығы 34 дыбыс таңбаланған. Әліпбидегі 6 дыбыс әріпүсті ноқат арқылы (ә, ө, ү, ғ, ң, у) және екі дыбыс қос әріппен (диграф) таңбаланған (Ch- [Ч], Sh[ Ш]). Қос әріппен берілген «pasha» сияқты сөздерді «пасха», «пасһа», «паша» деп үш түрлі оқуға жол беретін sh(ш) диграфын сөз ішінде дәл тану да оңай бола бермейді. «ILE» сөзін «іле», «иле» деп екі түрлі оқуға болады. Сол сияқты «Асхат», «асхана» (Ashat, ashana) деген сөздерді «Ашат», «ашана» деп те оқуға жол береді. Әліпбиде Iı -[и], [й] таңбасы үстінде нүктесі жоқ екен. Сонда әліпбиде 10-11 қатарда тұрған «і»және «и,й» әріптері ұқсас таңбаланған деуге болады. Бұл жағдай жазуда қиындық келтіруі мүмкін. Жалпы алғанда, әліпбидің бұл нұсқасы талапқа сай, көңілге қонымды жасалған, дегенмен әліпбиді әлі де жетілдіре түсу үшін төмендегідей ұсыныс айтқым келеді. Әліпбидегі әріптер дыбыстардың өзіндік фонетикалық ерекшеліктеріне сай жүйелі таңбалануы тиіс. Әліпбиде өздерінің жуан-жіңішкелігімен бір-біріне қарама-қарсы қойылатын дауысты дыбыстар «А» мен «Ә», «О» мен «Ө», «Ұ» мен «Ү» тек әріпүсті белгілермен ажыратылып, бірдей әріптермен берілуі өте дұрыс жасалған деп есептейміз. Бірақ жуан-жіңішкелі «Ы» мен Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 90 «І» дауыстыларының I i -[і], Y y- [ы] болып екі түрлі таңбамен берілуі осы жүйеге сай келмей тұр. Сондықтан бұл екі туыс дауысты да Y y- [ы], Y`y`-[і] болып, бірдей әріппен таңбаланып, басқа дауыстылар сияқты жүйемен, тек әріпүсті белгілермен ажыратылуы тиіс. Егер осылай алсақ, қазақ тіліндегі барлық тоғыз дауысты да жүйелі таңбаланар еді: A а - [а], A`а`- [ә]; O o - [о], O`o` - [ө]; U u- [ұ], U`u`-[ү]; Y y- [ы], Y`y`-[і], Ее-[е]; Сонымен қатар дауыссыз дыбыстар жүйесінде бір-біріне жақын дыбыстар да бірдей әріптермен таңбаланып, тек әріпүсті белгілермен ажыратылуы тиіс. Бұл талапқа сай N n - [н], N`n`- [ ң] және G g-[г], G` g` -[ғ] әріптері де дұрыс алынған деп есептейміз. Ал дауыссыз «й», «у», «ш», «ғ», «х», «ч», «Һ» дыбыстарын таңбалауға төмендегі графемаларды қолдануды ұсынамын: I i - [й]; W w- [у]; S`s`-[ш] немесе Cc-[ш], C`c`- [ч]; H h- [h]; X x - [x ]; Латын әліпбиіндегі барлық әріптердің қызметі барлық елде бірдей емес, әр ел әріптерді өз тілдерінің дыбыс жүйесіне қарай бейімдеп таңбалаған. Жалпы алғанда, әліпбидің бұл нұсқасы көңілге қонымды жасалған, әлі де жетілдіре түсуді қажет етеді. Латын қарпі – өркениеттің жазуы, өмір талабы, сондықтан әліпбиіміздің өміршеңдігі тіліміздің мәртебесін өсіре түседі [30]. Әліпбиіміз мәнді болса, жазуымыз сәнді, айтуымыз әнді болады. Қорыта айтқанда, Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері Жобасы осы салада жұмыс жүргізген топ құрамындағы ғалымдардың және осы іске атсалысқан өзге де мамандардың тынымсыз еңбегі мен ғылыми дұрыс бағыттағы зерттеулерінің жемісі деп білеміз. Латыннегізді Қазақ емлесінің негізгі Ережелерінің жобасын негізінен қолдай отырып, қазақ жазуында қолдануға, оны қолданысқа енгізуге болады деп есептейміз. Дегенмен әлі де жетілдіріле түсетіндігіне сенеміз. Латын әріптері - әлемдік талаптарға сай жазу, латын әліпбиі өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Сондықтан ҚР тұңғыш Президенті бастап, халықтың қолдауымен қазақ жазуына латын графикалы әліпбиді таңдап отырмыз. Қазіргі жаңа әліпби мен емлемізде тіл үндесімінің негіздері басшылыққа алынған, сондықтан латыннегізді ұлттық әліпбиіміздің болашағы зор деп сеніммен айтуға болады. Жүйелі талқылау нәтижесінде әліпбиіміз бен жазу емлеміз ғылыми талаптарға сай, дұрыс құрастырылды деп айта аламыз. Енді Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 91 латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз. Жаңа ғасырда жаңа әліпбиімізді меңгеріп, жазуымызды түзесек, тіліміздің де болашағы жарқын болады деп білеміз. Сөздерді бірге не бөлек жазудың мәселелері Жаңа мазмұнды Қазақ емлесінің негізгі ережелерін дайындау барысында біртуар ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбановтың, латын графикасына ауысу идеясының көшбасында болған академик Ә.Қайдар, қазіргі қазақ жазуының ғылыми ортологиялық негізін қалаған аса көрнекті ғалым академик Р. Сыздық, т.б. ғалымдардың ғылыми тұжырым-пікірлері басшылыққа алынып отырғаны құптарлық жай [27]. Сонымен қатар қазақ жазуының тарихындағы ғылыми қисындары мен жазу практикасы, латыннегізді әліпбиді қолданған және қолдана бастаған түркітектес халықтардың тәжірибесі, қазақстандық қоғамдағы қазіргі жазуға қатысты шешімін күткен мәселелер жан-жақты зерделенген. Ережелер жобасында емле ұлттық тіліміздің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуына, тіліміздің дыбыстық қорының мүмкіншілігін толық қамтуға, тілдің ұлттық сипатының сақталуына және қазіргі таңдағы қолданыс ерекшеліктерін ескеруге ерекше назар аударылған. Осы орайда, жазу емлесіндегі қиын мәселелердің бірі ретінде сөздерді бірге не бөлек жазу, оның ғылыми ұстанымдарын айқындау деп білеміз. Қазақ тіл білімінде күрделі сөз сыңарларының әртүрлі мағыналық жағына қатысты мәселелері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, К.Аханов, М.Балақаев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз етілген болса, сөздердің бірге, бөлек тұлғалану жайы, яғни күрделі сөздердің тұрпат межесі туралы Р.Сыздықова, Б.Қалиев, Н.Уәлиұлы зерттеулерінде талданған екен. Күрделi сөздердiң жазылу емлесi туралы алғашқы айтылған пікірлерге назар аударсақ, кезінде Қ.Жұбанов «кiрiккен сөздер» деген атпен «қарақұс», «сармай», «қолғап» сияқты бiрiккен сөздерді мысал ете отырып, оның өзіндік белгісі туралы жан-жақты талдау жасағанын білеміз. Ол қiрiккен сөз болудың төрт шартын (семантикалық, морфологиялық, синтетикалық, фонетикалық) анықтағанына көз жеткіземіз [13.244]. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 92 Сөздерді біріктіріп, тұтас тұлғалану үшін, алдымен екі компоненттің байланысына назар аудару керек. Кейде ғылымның әр саласындағы сөздердің мағынасын түсіну үшін де сол сала мамандарына жүгініп, содан кейін ғана екі компонент бір-бірімен қандай мағыналық қатынаста тұрғанын дәл анықтауға мүмкіндік болады. Орыс тілінде сыңарлар сабақтасып тұрса сөздер бірігеді, салаласып тұрса компоненттер қосаралық арқылы бөлінеді. Басқаша айтқанда, композиттің бір сыңары жартылай мағыналы сөз болса, сөздер бірігеді. БС жасалуының соңғы стадиясы ретінде орыс әдебиеттерінде БС-дің бір екпінге байлаулы болуы көрсетіледі екен. Жаңа емледе бірге жазылатын сөздердің заңдылықтары жан- жақты көрсетілген. Күрделi сөз сыңарының бiрiктiрiлiп жазылу себебін айқындау, оның нақты критерий қандай болатындығы туралы ғалымдар Р.Сыздық, Н.Уәли, Қ.Күдеринова еңбектерінде айтылған тұжырымдар осы емледе де жалғасын тапқан. Сондықтан бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы туралы толығырақ мағлұмат алу үшін ғалым Қ.Күдеринова зерттеулеріне ерекше назар аудару керек деп есептейміз[31]. Емледе: «Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы бірге жазылады: jertóle, baǵdars ham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.), ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.) »,- деген ереже бар[28.15]. Тіркескен сөздердің бір сыңарының мағынасы көмескіленсе, немесе атау мәнде жұмсалса бірігеді екен. Жазу емлесіндегі қиын мәселелердің бірі сөздерді бірге не бөлек жазудың басты ұстанымдарын айқындау десек, ғалым Қ.Күдеринованың «Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы» деген монографиясында қазіргі таңдағы құрама сөздердің жазылу емлесі жайындағы әртүрлі мәселелер жан-жақты талданған [31]. Ғалым сөздердің бірге, бөлек таңбалануын анықтау мақсатында әуелі құрама сөздерді тұрпат межесі тұрғысынан босаралықсыз, босарлықпен және қосаралықпен тұлғаланатындар деп үш топқа бөліп, босаралықпен тұлғаланатын кұрама сөздердің өз ішіндегі ерекшеліктерін таныту мақсатында лексикаланған тіркес пен синтаксистік тіркестің айырмашылығы, синтаксистік сөз тіркесі мен күрделі сөзді бір-бірінен ажырататын өлшемдер, олардың атаулық мәнде қолданылу белсенділігі туралы мәселелерге талдау жасап, күрделі сөзге анықтама беріп, күрделі сөз бен біріккен сөздің айырым Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 93 белгілерін көрсетеді[31.82]. Бөлек таңбалауды қажет ететін тілдік бірліктердің дербес сөз екенін білдіретін синтаксистік кұрылымның ерекшеліктерін бес сатыға бөліп көрсетеді: 1) сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы; 2) синтаксистік сөз тіркесі деңгейіндегілердің бөлек; 3) түйдекті тіркестердің бөлек тұлғалануы); 4) фразеологиялық тіркестердің бөлек тұлғалануы; 5) лексикалық синтагмалардың, яғни КС-дердің бөлек тұлғалануы; [31.82]. Күрделі сөздер табиғаты, орфографиялық сөздіктердегі жазылуы туралы әртүрлі пікірлер, олардың біріккен сөздер сатысының алдында тұрғандығы туралы мәселелерге ғылыми тұрғыда анықтама түсінік берілген. Қазақ тіліндегі құрама сөздердің бірге, бөлек тұлғалану негіздерін арнайы зерттеу нысанына алған ғалым Қ.Күдеринова тіркесті сөздердің құрамындағы сыңарлардың тұрпат межесі мен мазмұн межесін тұлғаланудың негізі ретінде қарастырады. Құрама сөз сыңарлары арасындағы қатынасқа, кемінде екі сөзден тұрып, бір ғана зат не құбылыстың атау бірлігі болып жұмсалу ерекшеліктеріне қарай отырып, бірігуге сұранып тұрған сөздерді, автордың өз сөзімен айтқанда, «босаралықсыз жазылатындарды екі белгісіне – формалды және семантикалық белгілеріне – қарай» топтастырады. Тіркесті сөздердің құрамындағы сыңарлардың жазба түрінің мазмұн межесі ретінде оның фонема, морфема және морфемалардың универб, предикаттық катынас мазмұнын, ал тұрпат межесі әріп, олардың босаралықпен, қосаралықпен, босаралықсыз таңбалануын танытатынын айта келіп, БС бен КС-ді тұрпат межесі тұрғысынан босаралықпен таңбаланатыңдар, босаралықсыз таңбаланатындар деп екіге бөліп қарастырады. Формалды белгі ретінде сөздерді біріктіруге жетелеу қызметі бар қосымшаларды «ұластыруыштар» деп, ал мағынасының дерексіздігі, дербес қолданысының сиректігі, талғап жалғануы, жұрнаққа тән сипаттың болуына қарай «аффиксоид құрастыруыш», ортақ стандарт мағына үстеуімен, сандық жағынан өнімділігімен танылатын «стандарт құрастыруыш», бүтіннің бөлшегі ретінде басқа көп сөздермен ортақ байланысып, жалпы мағынада жұмсалатын ұғымды жинақтау қызметін атқаратын «жинақтаушы құрастыруыш» деп үш түрлі «құрастыруыштарды» талдап көрсетеді. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 94 Құрама сөздер құрамындағы сыңарларының тура мағыналары(денотат) мен ауыспалы мағыналарын(коннотат) сөздердің бөлек, бірге жазылуын негіздеуде басшылыққа ала отырып, осы сөздерді уәжді-уәжсіз-идиомалану сипатына қарай эндоцентрлі, экзоцентрлі БС-дер деп екіге бөліп талдайды. Тіркеске түскен сөздердің сыңарлары Д2,Д1 қатынастағы «сарымай», «құрбақа», «көлбақа», «жерошақ» сияқты сөздер КС тобына тән болғанмен, олардың универбтенуі терминдік мән алуына байланысты деп көрсетеді. Ал «жертөле», «жертөсек», «қонақүй» сияқты сөздер Д1Д2 қатынаста тұрғанын, мысалы, «жертөле» – «уақытша мекендеу үшін жерден қазылып, төбесі жабылған баспана» немесе «әскерлердің уақытша баспанасы» болса, «баспасөз» – «баспадан шығатын газет, журнал» мағынасында болып, олар бірігіп жазылатынын айтады. Сонымен қатар, бүтіннің орнына бөлшек жұмсалатын синекдохалық қолданыстағы «қосауыз», «ақиық», «дөңмаңдай» сияқты сөздер атаулық қызметінде жұмсалуына байланысты бірігетінін көрсетеді. Бұл жерде Д1,Д2 қатынастағы универб формасына көшкен «қосауыз» сөзінің алғашқы сыңары тура мағынада -Д1, соңғы сыңары «ауыз» емес, «тесік» мағынасында болып, біріккен «қосауыз» сөзі өзінің «мылтық» сыңарынсыз қолданылу дәрежесіне жеткен екен. К1,К1 қатынастағы «ақсақал», «ақсүйек», «бойкүйез», «бақталас», «төлтума», «қолтаңба» сияқты метафора негізінде пайда болған БС- дерді, «аққұс», «ақлақ», «ақжүрек», «ақбикеш», «күлдәрі» (үлбіреген жібек мата), «итсабын»(өс.), «итсандық»(өс.) сияқты К2,К2 қатынастағы сөздердің бірігу себебін талдап түсіндіреді. Ғалым сөздің тұрпат межесі мен мазмұн межесін назарға ала отырып, құрама сөздің сыңарларының тура мағынасы мен ауыспалы мағынадағы қолданыстары арқылы оларды бірге не бөлек таңбалаудың тиімді жолдарын ғылыми тұрғыда көрсетіп берді. Тіркесті сөздердің ішкі мазмұн межесі сөздің бірге немесе бөлек жазылуын айқындайды, яғни сөздің сыртқы тұлғасын (тұрпат межесін) анықтайтынын айтады. Шындығында да, сөздің мазмұн межесіне назар аударып, сөздің жасалуына түрткі болатын мағына мен ұғымға бірінші кезекте көңіл бөлінуін дұрыс деп ойлаймыз. Ұғымсыз, мағынасыз ешқандай сөз жасалмайтыны аян. Мәселен, «ақ аю» сөзінің орфографиялық сөздікте бөлек жазылып тұрған себебі – Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 95 ондағы «ақ» тура мағынада тұр. Ал «ақбөкен» сөзіндегі «ақ» өзінің тура мағынасынан алшақтап, көмескіленіп кеткен. Сондықтан бұл сөздер бірігіп жазылады екен. Бірге немесе бөлек жазу үшін тіркесті сөздердің жалпылай алғандағы мағыналық ерекшеліктеріне, сыңарлар арасында синтаксистік қатынастың бар, жоқтығына және сөздердің қолданылу қызметтеріне қарау керек екен. Демек, сөздердің бірге, не бөлек жазылуын айқындау үшін ойлана әрекет жасау керек болады. Тіркес келген сөздер құрамындағы сыңарлар денотативті мағынада (тура мағына-Д) да, коннотативті мағынада (ауыспалы мағына-К) да қолданыла береді. Ғалым Қ.Күдеринова: «Кәрі жілік, мойын омыртқа дегендер К2К1 немесе К1К2 қатынасқа жетпеген сөздер. Сондықтан олар бөлек жазылады. өйткені бұлардың екі сыңары да тура мағынада тұр» дейді[31.59]. Ал осы тіркестердегі «кәрі» сөзі «жілік» сөзінің ыңғайымен жіңішке айтылып кеткенін, ол сөздің «қолым талды», «қарым талды», «қарынан егілу» деген қолданыстардағы «қол» мағынасындағы, яғни тура мағынада тұрған сөз екенін бүгінгі жастарымыз байқауы керек. Мәселенің осы түсіну жағын қиынсынып, сөздерді бірге не бөлек жазудың ұстанымдарына өкпе айту орынсыз болар еді. Сондықтан латыннегізді жаңа емле жобасын талқылауда сөздерді бірге не бөлек жазудың басты ұстанымдарын айқындау жолындағы ғалым Қ.Күдеринованың зерттеулерінің маңызы зор екендігін атап көрсетпекпіз. Сол сияқты, «беторамал», «қолорамал» деген тіркестерде, біздің ойымызша, «бет», «қол» деген сөздер өзінің тура мағынасынан алшақтап, «кіші», «үлкен» деген мағынада, яғни орамалдың көлемін анықтап, бірігіп жазылуға сұранып тұрғанын байқаймыз. Мысалы, «Мынауың беторамал емес, қолорамал ғой, қалтама қалай саламын, сыймайды ғой». Ал бұл тіркестердің арасында анықтауыштық қатынас болғандықтан қазіргі кезде бөлек жазылып жүргенін де еске сала кетпекпіз. Бұл «беторамал», «қолорамал» деген сөздер лексикаланған тіркес пе, сөз тіркесі ме, күрделі сөз бен біріккен сөздің айырым белгісі, коммуникативтік бірлік пен номинативтік бірліктің қай жағын танытады деген мәселелер мамандарды да ойлантып тастайды. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 96 Бұрынғы орфографиялық еңбектерде сөздердің бірге не бөлек жазылуында орын алып келген өзгешеліктерді бір ізге түсіру бағытында ғалым Қ.Күдеринова зерттеулеріне ерекше назар аудару керек деп есептеймін. Оның еңбектерінде сөздерді бірге жазудың теориялық ұстанымдары айқындалып, өзіндік ерекшеліктері мен белгілері нақтыланған болатын. Ғалым бірге жазылатын сөздердің «сөзұластыруыш» және «сөзқұрастыруыш» деп екі белгісін көрсетеді[32.10]. Сөзұластыруыштарға екі сыңар соңынан жалғанатын қосымшасы бар тіркестерді, ал сөзқұрастыруыштарға жартылай жұрнақ, жартылай сөз қызметіне ауысқан аффиксоидтар(сөзсоңы сыңарлар) мен префиксоидтар(сөзалды сыңарлар), стандарт және жинақтаушы құрастыруыштарды жатқызады. Сонда құрастыруыштарды дерексіз-жалпы-нақты сипатына қарай аффиксоид, стандарт, жинақтаушы деп бөледі. Қосымшалардың сөз біріктіретін қасиеті бар екендігін сөзұластыруыштар деп көрсетілген -лар/лер, дар/дер (ағашкеміргіштер, есекаяқтылар, қосжыныстылар, балыққоректілер, түзуқанаттылар) «сөзұластыруш жалғаулары», -лық/лік, дық/дік (ауызбірлік, араағайындық, дүниежүзілік, ортағасырлық, ақкөңілділік), -лы/лі, ды/ді(қазақтілді, ағылшынтілді, қолжетімді, құскқоректі, басыбайлы, қамкөңілді, қаражүзді), -ар/ер (ауызашар, тұсаукесер, құдатартар, атқамінер, алыасатар, ұйқыашар, оққағар), -қыш/кіш (сабынсалғыш, өнертапқыш, қолжуғыш, суөлшегіш), -ты/ті (атсоқты, желқақты, пышақкесті, әлімжетті, күнқақты), -ма/ме(елкезбе, иекартпа, ақжайма, жерқойма, жолжазба, қолжазба, күнтізбе,суырыпсалма, сөзтізбе), - ыс/іс (құлаққағыс, беталыс, бетбұрыс, көзтаныс, көкөніс, күншығыс), ық/ік/қ/к (бөріойнақ,сақинасалмақ, ойтамызық, мұзойнақ, бөріойнақ,), қы/кі (мұзқатқы, көзтүрткі, ойтүрткі) «сөзұластыруш жұрнақтары» жалғанған сөздердің бірігіп жазылуы арқылы көрсетеді. Ал алдыңғы жағы негізгі мағыналық жүкті арқалап тұрған сөздің соңына «хана» (асхана, баспахана, дәмхана, ғибадатхана, емхана, кітапхана), «құмар» (атқұмар, атаққұмар, әзілқұмар, әңгімеқұмар, сәнқұмар, ойынқұмар, өсекқұмар), «аралық» (ауданаралық, мектепаралық, еларалық, пәнаралық, салааралық,), «тану» (абайтану, адамтану, әдебиеттану, тілтану, өлкетану, өнертану театртану), «жай» (әуежай, жылыжай, Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 97 егінжай, жағажай, мекенжай, саяжай, қоражай), «жанды» (ақынжанды, балажанды, әйелжанды, дүниежанды, малжанды, итжанды, ержанды) сияқты «сөзқұрастыруыштар» жалғанып, алдындағы сөзге қосымша, көмекші мән үстеп тұратынын айтады[32.14]. Ғалым Қ.Күдеринова зерттеуінде сөздердің бірге жазылуының келесі бір маңызды белгісі ретінде «стандарт құрастыруыштар» деп атап, кейбір толық мағыналы сөздердің тіркестің соңғы сыңарында келіп, тура мағынадан ауып, көмекші сөздердей, жалпы мағына үстеп, бірге жазылуға сұранып тұратыны көрсетілген. Осындай стандарт құрастыруыштар қатарында «хат» (алғысхат, ашықхат, сенімхат, үндеухат, жолдаухат), «қап» (аяққап, шашқап, шынықап, қолғап, орындыққап, құлаққап), «шөп» (арпашөп, арамшөп, өлеңшөп, өгейшөп, сағызшөп), «гүл» (азагүл, ақгүл, анаргүл, шегіргүл, інжугүл, себетгүл), «от» (ақот, аюоты, сабынот, семізот, киікоты), «жегі»(ағашжегі, алмажегі, тісжегі, тұқымжегі, шыбынжегі), «балық» (айбалық, ақбалық, атбалық, тікенбалық, итбалық, қызылбалық табанбалық), «ауру» (сарыауру, жіңішкеауру, құртауру, өкпеауру, итауру), «той»(алтынтой, күмістой, бесіктой, қоныстой, сүндеттой, мүшелтой, мерейтой), «ақы»(көзақы, қолақы, сүтақы, сыйақы, кіреақы, зейнетақы, өтемақы, төлемақы, пәтерақы, жолақы, қаламақы), «басы» (елбасы, көшбасы, отбасы, қолбасы, топбасы, рубасы, әскербасы) сияқты сөздердің бірге жазылатынын көрсеткен [32.22]. Сөздердің бірге жазылуына ұйытқы болатын келесі бір маңызды топты -бүтіннің бөлшегі ретінде сөз жасайтын тұлғалар, «бас» ( атбас, арпабас, ақбас, теңгебас, тауықбас, қалжыңбас, маубас, шүйкебас, қаңғыбас, қылжақбас), «тікен» (әнектікен, бозтікен, бүрметікен, жалбызтікен, шағыртікен түйетікен), «тамыр» (алтынтамыр, жертамыр, кіндіктамыр, қаратамыр, белтамыр, жылантамыр), «жапырақ» (ақжапырақ, балажапырақ, бақажапырақ, бесжапырақ, түйежапырақ, ужапырақ), «құрт» (алақұрт, бауырқұрт, бүйенқұрт, қауынқұрт, есекқұрт, миқұрт), т.б. «жинақтаушы құрастыруыштар» деп атап, оның құрамындағы соңғы сыңарлары өздерінің тура мағынасында емес, жанама мағынада жұмсалып, біріккен сөз жасайтынын айтады[32.28]. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 98 Ғалым Қ.Күдеринова өз зерттеуінде ұғымды жинақтау қызметін атқаратын, бір денотативке байлаусыз, көп денотативке ортақ сөздер ретінде «аяқ», «сөз», «тас», «ағаш» сыңарлы біріккен сөздерге де талдау жасап көрсетеді. «Аяқ» сыңарлы біріккен сөздерге «саптыаяқ», «жүкаяқ», «итаяқ», «шоқаяқ», «мамаяқ», «ысқаяқ», «үшаяқ», «шотаяқ», сияқты құрал атаулары, «алаяқ», «қоңылтаяқ» сияқты ұғым атаулы сөздерді мысалға алған екен. «Алаяқ» (адам) тіркесі тұтас идиомаланып, әрі дерексіз мән алуына байланысты бірге тұлғаланса, «жалаң аяқ» тіркесінің бөлек берілуі оның экстралингвистикалық мәнділікпен Д1Д1 қатынаста тұруынан, әрі «жалаң» сөзімен тіркесетін «бас, бұт, қабат, төс» сыңарларының болуынан деп түсіндіреді. «Алайда «жалаң» сөзі- күшті валенттілік иесі. Бұл жерде «жалаң» болып тұрған «бас, бұт, төс, аяқ» екені мәнді болмай, әйтеуір оның жалаңданып, кеміп қалғаны маңызды мәнге ие болып отыр. Аталған сыңарларға қарағанда «аяқ» сыңарында мағыналық жылжу бар. Және «жалаң аяқтың» «кедейлену», «күні төмендеу» деген дерексіз мағыналары бар. Егер көптік жалғауын қоссақ, тіркес тұтас идиомаланады. Сондықтан «жалаң аяқ» тіркесінің БС жасамының соңғы процесінде жүргені анық»,-дейді ғалым[31.54]. «Сөз» сыңарлы біріккен сөздерге «баспасөз», «жарыссөз», «келіссөз», «қарасөз» т.б. жатады. Мұнда «баспасөз» – баспадан шығарылған газет-журнал, «келіссөз» – екі жақтың өзара келісім шарты» деген ауыс мағынада тұр. Ал «алғы сөз», «соңғы сөз», «қаратпа сөз», «төл сөз», «төлеу сөз», «қос сөз», «құрама сөз», «біріккен сөз», «қысқарған сөз», «өлең сөз», «жұмбақ сөз», «шаршы cөз», «жалпақ cөз», «көркем cөз», «жел сөз» күрделі атаулары Д1Д1 қатынаста тұр, яғни тура мағынада тұр[31.52]. «Тac» сөзі өзінің тура мағынасынан ауытқып, белгілі бір заттың атауы, термин, бір заттың атын білдіріп, біріккен сөз жасап, бірге жазылады («ұлутас», «теміртас», «көктас», «құбылтас», «анартас», «кеспетас», «көбіктас», «малатас», «ләуліктас», «тақтатас», «бортас», «зертас», «сынтас», «құлпытас», «обатас», «тұмартас», «есектас», «шаңтас», «құмтас», «қойтас», «жартас», «шағылтас»). «Ал «mac» сөзі өзінің тура мағынасында келіп, алдыңғы сөз оның түрлі сын-сипатын білдірсе (малта mac, дөңбек mac, жақпар mac, мұрыншақ mac, найза тас, серек mac, қой mac, үңгір mac, тектұр mac) алдыңғы компонент осы Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 99 мағынасында жеке айтылатын болса (қайрақ, шақпақ, меруерт, маржан, лағыл), бөлек жазылады» екен [29.55]. «Ал «тамақ ішуге арналған ыдыс» мағынасындағы «аяқ» сөзінің түр сынын, сыр сынын даралап, саралап, нақтылап көрсету қажеттілігінен туындайтын «шара аяқ», «шыны аяқ», «ағаш аяқ» құрама атаулары «қарын аяқ», «сары аяқ» тұрақты тіркестері бөлек жазылады. Ал адам, жан-жануардың жүретін дене мүшесі мағынасындағы «аяқ» сөзімен тіркескен «жалаң аяқ», «тобан аяқ», «сыңар аяқ» күрделі атауларының екі сыңары да тура мағынасында жұмсалғандықтан анықтық-танықтық қатынаста құрамдары ажыратыла көрсетілуі орынды»,-деп көрсетеді Қ.Күдеринова[31.54]. Ағаш сыңарлы біріккен сөздер қатарында «әулиеағаш», «астықағаш», «балауызағаш», «барқытағаш», «жұпарағаш», «қарағаш», «кызылағаш», «маржанағаш», «рауғаш», «сарағаш», «тасағаш» сияқты өсімдік, шөп атауларын және «белағаш», «жерағаш», «жүкағаш», «қолағаш», «құсағаш», «мамағаш», «тісағаш», «мойынағаш», «иінағаш», «азуағаш», «ақырағаш», «арысағаш» сияқты құрал атауларын көрсеткен. «Мұнда, әсіресе екінші жағдайда, ағаш сөзінің экстралингвистикалық мәнділікпен Д1 қатынаста тұрмауы (мойынағаш Д2Д2; мамағаш Д2Д2) ортақ компонент біріктіруге әкелген» дейді ғалым [31.54]. Толық мағыналы сөздердің алдына қосылатын жарты мағыналы сөздер орыс тілінде префиксоид деп айтылса, қазақ тілінде бірнеше сөз алдынан қайталанып келетін жартылай мағыналы сөздерді осы префиксоид қызметінде деп тануға болатынын алғаш Р.Сыздық, Н.Уәли көрсеткен екен. Осы қазақ тіліндегі префиксоидтарға (сөзалды сыңарларға) ғалым Қ.Күдеринова «ақ», «сары», «қызыл», «қара», «көк», «сұр», «ала», «жол», «жер», «ит», «қол», «бас», «түйе», «қозы», «бөрі», «аю», «қоян», «қаз», «көп», «су», «әсіре», «шөл», «құм», «дала», «тас», «бір», «у» деген бірге жазылатын сөздерді атаған[32.31]. Қазақ тіліндегі сөзалды сыңарлар қатарына: ақбалшық, ақкөйлек(бидай қауызы), ақтоқал(бидай түрі), ақірімшік, алакөз, алакөлеңке, көкбақа, көкайыл, көкшағыр, қызылбалық, қызылкеңірдек, қызылбас, қараағаш, қараала, қараалма, сарыағаш, сарыарқа, сарыуайым, сарыуыз, түйеқұс, түйетабан, түйешағала, Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 100 қолағаш, қолшатыр, суағаш, суайдын, бірсөзді, бірсарынды, сұралақаз, сұржылан, көпсалалы, көпсөзділік, жолазық, жолсерік, жолсапар, жерағаш, жертөле, баскиім, басқосу, басбұзар, итқұйрық, итқұлақ, итемшек, итмұрын, қазтабан, қазтамақ, қазтаңдай, қозыбалақ, қоянқұлақ, сусуыр, елтаңба, елбасы, елтану, әнұран, әсіресөзділік, әсіресақтық,т.б. біріккен сөздерді жатқызған. Жинақтап айтқанда, құрастыруыштардың өздерінің ерекшелік сипатына қарай аффиксоид, стандарт, жинақтаушы деп бөлінеді екен. Ғалым бұл үшеуіне: «Мұндағы аффиксоид соңғы екеуінен мағынасының дерексіздігімен, дербес қолданысының сиректілігімен, талғап жалғануымен (жұрнаққа тән сипаттың болуы) ерекшеленсе, стандарт құрастыруыш соңғы топтан өзі кұрастырған БСдің жалпысына ортақ стандарт мағына үстеуімен, сандық жағынан көп БС бере алатындығымен өзгешеленеді. Ал толық мағыналы сөздің аффиксоидталуына көп мағыналылық, сөз мағынасының кеңеюі, жалпылануы себеп болады. Ортақ сыңардың екі сөзден артық ретте алдыңғы компонентен бірге тұлғалануы оны аффиксоидталу үрдісінде екенінен хабардар етеді»,- деген анықтама береді[31.55]. Жазу емлесi ғасырлар бойы бірте-бірте қалыптасқан жазу дәстүрi, жазу тәжiрибесi, жазу дағдысын қамтитын өте күрделi құрылым болып есептеледі. Әр тілдің өзіндік ерекшеліктері мен қоғам дамуына сай тілдің ішкі-сыртқа жағдайларға қарай дамуы, жаңа сөздермен толығуы сияқты мәселелер жазу емлесінде дер кезінде ескеріліп отыруы керек. Тіліміздегі сөздік құрамның молаюы, сөздіктерімізде қамтылатын атаулардың көбеюі біріккен сөздерге де қатысты болып табылады. Қорыта айтқанда, сөздердің бірге, бөлек жазылу мәселесін шешу, автордың өзі айтқандай, «БС, КС және сөз тіркесі тәрізді аса күрделі лингвистикалық ұғымдарының арасын айқындайтын теориялық мәселеге тәуелді»[31.106]. Қазақ жазуы үнемі өзгерiп, емлесi жаңару, толығу үстiнде. Соған қарамастан қазiргi қазақ орфографиясының өз шешімін күткен қиындықтары да бар. Сөздің сыртқы және ішкі тұрпатының ықшамдылығына деген тілдегі үнемділік заңының нәтижесінде біріккен сөздердің көбейе түсуі қалыпты жағдай болып табылады. Тілдің қоғаммен бірге дамуы барысында, яғни лексикалық қорының толыға түсуінде біріккен сөздердің үлесі арта түседі. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 101 Сондықтан, қазіргідей жаңа емле ережелерін негіздеп жатқан тұста, лексикалық қорымыздың толыға түсуі үшін өз үлесін қосып, бұрынғы қалыптасып қалған таптаурын көзқарастарды ысырып тастап, бірігуге сұранып тұрған күрделі сөздердің жолын ашып, сөздердің бірге не бөлек жазылуының теориялық мәселелерін негіздеген ғалым Қ.Күдеринова зерттеулерінің маңызы арта түседі деп есептейміз. Жаңа әліпби негізіндегі Қазақ тілі емлесінің ережелері Қазіргі таңда мемлекеттік тілге деген сұраныс артып, керегесін кеңге жайып, егеменді елімізбен қатар дамып келеді. Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай мінсіз болып келуін күнделікті өмірдің өзі талап етіп отырғаны баршаға аян. Жазу пайда болған кезден бастап сөздің мағынасын дәл жеткізу үшін жазу емлесі, оның ұстанымдары, жазу- сызуға қойылатын талаптарға ерекше мән беріліп келеді. Сондықтан ойдың дәл таңбалануы жазудың жетістігі болып есептеледі. Ал тілде өзге тіл сөздерінің өзгеріссіз еніп, өзге тіл заңдылықтарымен қолданылуы және осындай кірме сөздердің шамадан тыс көбейе түсуі тілдің қызметін ауырлата түседі. Бұл қиындықтан шығудың бір жолы әліпби өзгертуіміздің бір себебі болды. Сонымен қатар еліміздің әлемдік кеңістіктегі беделі артқан сайын латын жазуы да күнделікті өмірімізге батыл ене бастады. Латын әріптері - өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің біріне айналды. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты қазақ тілін жаңғыртуға үлкен серпін берген бағдарламалық мақаласы халық тарапынан қызу қолдау тапты[3]. Қазіргі жаһандану, жаңа технологиялар заманында өз ана тілімізбен қатар көп тіл білу, әлемдік кеңістікте кәсіби байланыс құралына айналған ағылшын тілін меңгеру, мемлекеттік тілді білуге ерекше маңыз беріліп отыр. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі де мемлекеттік тілді әлемдік талаптарға сай келтіру бағытындағы шаралардың бірі деп білеміз. Елбасының тапсырмасы бойынша қазақ жазуын латын әліпбиіне Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 102 көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Жұртшылықтың қатысуымен өткізілген талқылаулар нәтижесінде әліпби нұсқалары да жетілдіріліп, қазіргі нұсқасы бекітілді. Қазіргі таңда «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасын бүкіл ел болып талқылау ісі қайта жалғасты[28]. Емле ережелері ұлттық тіліміздің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуына, тіліміздің дыбыстық қорының мүмкіншілігін толық қамтуына ерекше назар аударылған. Жаңа емле жобасында қазақ тілінің бұрынғыдан келе жатқан ережелерінің негізі сақталған. Бұл жағдай емлені тез меңгеруге көмектеседі. Емледе бұрынғы жазу қағидалары, сөздерді біріктіріп жазу тәртібі, ғылым мен техниканың әртүрлі саласына қатысты теминдік мағынаға ие болған сөз тіркестерінің жазылуы, адам аттарының емлесі, кейбір жарыспалы тұлғалардың емлесі, өзге тілден келген сөздерді қазақтың сөйлеу тіліндегі айтылуынша жазу туралы, т.б. мәселелер айқын көрініс тапқанын байқауға болады[28]. Емле ережесіндегі көп талқыланған ережелердің бірі ретінде [ұу], [үу], [ый], [ій] дыбыс тіркестерінің орфограммасы туралы баптарды атап айтуға болады. Емледе қазақ жазуындағы ұу/үу, ый/ій қосар әріптерді бұрынғыдай бір ғана «у» мен «и» таңбалары арқылы жазуды ұсынған екен. Бұлай таңбалау жазуда әріп үнемділігіне де пайдалы болғандығы айтылып келеді. Бірақ осылай таңбалану сыры дұрыс түсіндірілмей, бұл жағдай дыбыс пен әріпті шатастырып айтуға жол бергенін білеміз. Кезінде белгiлi фонетика саласының ғалымы С.Мырзабеков: «Бұл екi әрiп тiлдің дыбыстық жүйесiн бұзып, жұрттың басын қатырып болды. Оларды iштей дыбыстарға ажырату қиындығы 1983 жылы емле ережесiне: «и», «у» әрiптерi бар сөздер буындалғанда, келесi буын дауысты әрiптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, жи-ын,- дейтiн тiлдiң табиғатына қайшы, зиянды заң қабылдауға мәжбүр еттi», - деген болатын[33.52]. Ғалым Ә.Жүнісбек өз мақалаларында осы «и», «у» әрiптерiне қатысты сөздерді айту-жазудағы ерекшеліктерді морфем талданым, буын талданым, тасымал талданым арқылы көрсетіп келеді[34.43]. Сондықтан емле ережесінде қосар [ұу], [үу], [ый], [ій] дыбыс тіркестерінің орфограммасы туралы нақты түсінік берілген [28.10]. Кезінде профессор Қ.Жұбанов қазақ әліпбиіне «и», «у» әріптерін Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 103 ұсына отырып, өзінің «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында: «ұу, үу, ый, ій-лердің әрқайсысында екі-екіден дыбыс бар деушілердің екінші әрі бар күшті дәлелі-бұл қосар әріпті ерте кезде бір дауысты, бір дауыссыздан құралған екі дыбыс болған деседі. Мұнысы дұрыс: «су» сөзі бұрын бірде» «сұу», бірде «сұғ» түрінде болуы рас. Бірақ бұрын сондай болушылығының өзі осы күні сондай екендігінде, немесе, осы күні қосар таңбамен жазудың дұрыстығына дәлел бола ала ма?» деп, олардың бұрын қос дыбыс болғандығына келісе тұрып, қазіргі кезде қос әріппен таңбалауға қарсылық білдірген еді[13.345]. Сондықтан А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов атап көрсеткендей, қосарлап таңбаланса да, даралап таңбаланса да айтылымында еш айырма жоқтығы, жазу-сызуға қойылатын жинақылық, ықшамдылық талабына сай келетіндігінен бұл дыбыс тіркестерін дара түрде таңбалануы дәстүрге айналғандығын негізге ала отырып, қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуімен байланысты шұбалаңқылыққа ұрынбау үшін ұу/үу, ый/ій қосар дыбыстардың бір ғана «у», «и» дара әріппен таңбалануының үлгісі ұсынылған[28.10]. Сонымен бірге, бұл қосар дыбыстардың бір ғана «и», «у» әріптерімен жазылуы, соған байланысты, ғалым Ә.Жүнісбек көрсеткендей, туындайтын қиындықтарды болдырмаудың алдын алу үшін мектеп оқулықтарында дұрыс талдау жасалып, жүйелі түсінік берілуі керек деп ойлаймыз. Қазақ жазуында «и» мен «у» - орыс тіліндегі сөздер құрамында келетін дауысты дыбыс, қазақ тіліне кірме дыбыстар деп есептеледі. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында дауысты «и», «у» дыбысы жоқ. Сондықтан осы дыбыстарды айту-жазу заңдылықтарын шатастырмай қолдану жолдарына ерекше назар аударған жөн. Ережедегі «сый», «тый» сөздері қатарына «мый» деп жазуды қосқан жөн сияқты. Себебі қазіргі жазуымыздағы ұу/үу, ый/ій қосар әріптерді бір ғана «у» мен «и» таңбалары арқылы беруге болғанмен де, біздің ойымызша қанша айтса да, бұл дара әріптер қазақтың қазақы айтылымын қосар әріптей бере алмайтыны айдан анық. Бұл әріпті қазіргі жастар қосар дыбыс емес, орыстілділер секілді таза дара дыбыс ретінде айтуға дағдыланып бара жатыр. Ал емлеміз осыған жол беріп тұрғанына тереңірек назар аударған жөн сияқты. Сондықтан дара Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 104 әріптермен техникалық жағынан ұтып тұрғанымызбен де, қосар әріптердің беретін қазақы әуенінен ажырап, ұтылып тұрмыз. Кезінде дара таңбаламай, А.Байтұрсыновтың қосар әріппен жазуының сыры да осында жатқандай. Сонымен бірге «и» әрпін қазақтілді жастарымыз қосар дыбыстың таңбасы емес, қанша айтсақ та, таза дара дыбыс етіп айтуға бейімделген. Мысалы, «Әлия» деген сөзді біздің айтуымызға қарағанда, түрік ағайындар нағыз қазақы түрде дұрыс айтатындығын естіп, таң қалдым. Біздің айтуымызда орыс тіліндегі «и» дыбысы болып айтылады екен. Сондықтан бір әріптің өзі біраз нәрсені төңкеріп тастайтындығын ескеріп, осы әріпті оқытуға ерекше назар аударған жөн. Жаңа ережеде шетел сөздерін жазудың тиімді жолдары көрсетілген. Әліпбиден шығарылып тасталған әріптермен келген сөздерді жазудың ережелерін мұқият оқып, танысу керек. Емледе (§90) «Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады»,-деген ереже бар[28.28]. Бұл ереже тіліміздің табиғатына сай алынған, себебі біздің тілімізде екі бірдей дауыссыз дыбыс қатар тұрмайды. Мысалы: komısar, profesor, gramatıka, sımetrıa, amıak, anagram, kardıogram; metalýrgıa, elıps, elınızm, kolej, sılabýs, koloıd, bılıard, brýselóz, talı, kolokvıým, trıler, alofon, troleıbýs, alúzıa; kotej, atestat, popýrı, sparıń, korektor, aparatýra, aplıkasıa, ıpodrom, opozısıa, sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtasıa, hokeı, ındıvıdým. Бұл ережеге қосымша ескертуде «сөз мағынасы өзгеретін жағдайда сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк әріптері сақталып жазылады»,- деген анықтама бар екен: esse, mass-medıa, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto, nettо; tonna, vanna. Осы ереже бойынша араб тілінен енген «махаббат», «ләззат» деген сияқты сөздердегі геминацияланған дыбыстардың да бірін түсіріп жазуды заңдастыру керек. Емледе жіңішкелік белгісі (ь) бар сөздердің жазылуы туралы төмендегідей ереже бар: (§84) «Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады, жіңішкелік белгі (ь) ескерілмейді» [36.26]. Мысалы: аnsámbl (-diń, -i, -ge, -der), dúbl (-diń, -i, -ge, -der), asfált (-tiń, -i, -ke, -ter), púlt (-tiń, -i, -ke, -ter), batalón (-niń, -i, -ge, -der), medalón (-niń, -i, -ge, -der), kоról (-diń, -i, -ge, -der), gаstról (-diń, -i, -ge, Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 105 -der), álpınıs (-tiń, -i, -ke, -ter), álternatıv (-tiń, -i, -ke, -ter), kоbált (-tiń, -i, -ke, -ter), festıvál (-diń, -i, -ge, -der), álbatros (-tyń, -y, -qa, -tar), bálzam (- nyń, -y, -ǵa, -dar), pálma (-nyń, -sy, -ǵa, -lar); Бұл ережеге қосымша ескертуде «Мына сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады»,- деген анықтама бар екен: bron (-nyń, -y, -ǵa, -dar), monastyr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), gýash (-tyń, -y, -qa, -tar), týsh (-tyń, -y, -qa, -tar). Бұл жерде де жіңішкелік белгіні ескермесек те, оны жіңішке айтуды ескерген, бірақ сөзді бүтіндей жіңішке айту ескерілмеген сияқты. Мысалы, аnsámbl(ансамбль-анс(ә)мбл). Ал (§85) «Жіңішкелік белгісімен (ь) келген буын құрамында «e, ı» әріптері бар сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буын үндестігіне сәйкес жалғанады» [28.27]. Мысалы: akvarel (-diń, -i, -ge, -der), stil (-diń, -i, -ge, -der), lager (-diń, -i, -ge, -ler), artıkl (-diń, -i, -ge, -der), kegl (-diń, -i, -ge, -der), premer (-diń, -i, -ge, -ler), premera (-nyń, -ǵa, -lar), relef (-tiń, -i, -ke, -ter), barelef (-tiń, -i, -ke, -ter), brakoner (-diń, -i, -ge, -ler), barer (-diń, -i, -ge, -ler), shıfoner (-diń, -i, -ge, -ler), kelt (-tiń, -i, -ke, -ter), fılm (-niń, -i, -ge, -der), gelmınt (-tiń, -i, -ke, - ter), atele (-niń, -si, -ge, -ler), relef (-tiń, -i, -ke, -ter). Бұл ережеге қосымша ескертуде «Ономастикалық атаулар мен кейбір мағынасына нұқсан келетін сөздерде жіңішкелік белгісінің (ь) орнына ı әрпі жазылады»,- деген анықтама бар екен: Pıer; pıesa, lıe. Орыс тілінен енген сөздерге қатысты осындай ережелер емлемізде өте көп екенін байқаймыз.Осы ережелердің бәрін бір сөзбен, яғни «барлық кірме сөздер қазақ тілінің заңымен жазылады» деп қашан жазар екенбіз деген ой келеді. Емлені шетел сөздерін тіліміздің табиғатына жақындата жазуға бейімдеп құрастырғаны байқалады. Шетел сөздерінің айтылымындағы дыбыс тіркестері қазақ тілінің айтылымына қарай жақындатылғаны дұрыс болған. Мысалы, (§97). «Сөз соңындағы -нг әріп тіркесі ń әрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады»,-деген ереже бар[28.29]. Мысалы: parkıń (-niń, -ge, -i, - der), boýlıń (-niń, -ge, -i, -der), brıfıń (-niń, -ge, -i, -der), reıtıń (-niń, -ge, - i, -der). «Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында w әрпімен басталатын кейбір сөздер «ý» әрпімен жазылады»,-деген ереже бар[28.29]. Мысалы: ýаtsap, ýıkı, ýıkıpedıa, ýeb-saıt. Ал (§99). «-ог әріп тіркесімен Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 106 аяқталатын сөздерге қосымшалар жуан жалғанады», Мысалы: pedagog- tar, pedagog-y, dıalog-tar, dıalog-y, еkolog-tar, еkolog-y. Емле ережесінде (§92) «шеттілдік сөздердің соңындағы «а» әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: gazet (-tiń, -i, -ke, -ter), mınýt (-tyń, -y, -qa, -tar), sıfr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), kordınat (-tyń, -y, -qa, - tar), kapsýl (-dyń, -y, -ǵa, -dar), kardıogram (-nyń, -y, -ǵa, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады»,-деп жазылған[28.28]. Кейбір жағдайда сөз соңындағы «а» дыбысы қазақы айтылымда жуан-жіңішкелі «ы-і» (касса-кассы, клеёнка-кілөнкі, плёнка- пілөнкі) болып қолданылатынын да ескеру керек деп ойлаймыз. Бұрын қатар келген екі дауыстыны кіріктіріп айтып- жазатын болсақ, енді жаңа емлеміз бойынша біріккен сөздерде екі дауысты қатар жазыла беретін сияқты. Мысалы, ортаазиялық, қараағаш, қараалма, қараөзек, ешкіемер, батааяқ, т.б. Емле ережесінде кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі тарауындағы «ё» әрпі «о́» әрпімен таңбаланады, оларға қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады(manо́ vr (-diń, -i, -ge, -ler), brýselо́ z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler)», «ц» әрпі және «сц» әріп тіркесі «s» әрпі арқылы жазылады(sırk, sıfr, sılındr, sırkýl; desımetr, medısına, proporsıonal, abzas; Қатар келген «ц» әрпі «ts» тіркесі арқылы таңбаланады(pıtsa, Nıtsa), «-тч» дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі «т» әрпі түсіріліп жазылады( skoch, skech, mach), «щәрпі төл сөздерде «shsh» әріп тіркесімен, ал шеттілдік сөздерде «sһ» әрпімен таңбаланады(ashshy, tushshy, keshshe), «э» әрпі «е» әрпімен жазылады(element, elevator, epopeıa), «-оэ» әріп тіркесімен аяқталатын сөзде «э» әрпінің орнына «ı» жазылады(aloı, kanoı), «ю» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен(aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala) ал дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен таңбаланады(parashút, absalút, glúkoza), т.б. баптар қазақ тілінің табиғатына сай жазылған ережелер деп есептейміз [28.25]. Жаңа емледе адам аттарын жазуға да ерекше назар аударылған. Сондықтан адам аттарын жазуда бұрын орын алған кемшіліктер енді Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 107 қайталанбайтын болды. Күнделікті өмірде кез-келген адамға аты- жөнін жазып беруді өтіне қалсақ, олар бірден «паспорт бойынша жазайын ба, әлде дұрысын жазып берейін бе?» деп жауап қатады. Міне, қазіргі жазуымызда орын алған кемшілік барын осыдан басқа қандай мысалмен айтып беруге болар еді !?. Мұның себебі бұрынғы кезде, кешегі кеңес үкіметі кезінде, қазақ тілінде жоқ дыбыстарды әліпбиімізге алуымызға тура келгені баршаға белгілі жай. Сондықтан «в, ё, и, ц, ч, щ, ф, х, ь, ъ, э, ю, я» әріптері қазақ тілінің ішкі табиғатына сай келмеуінен өз тіліміздің заңдылығын бұзып, қазақша сөйлеп, жазып отырсақ та, көп сөздерді орыс тілінің емле-ережелеріне бойынша жазып, орыс тілі заңдылығы бойынша айтуға тура келді. Сол сияқты қазақтың «орал» деген сөзін «урал» немесе «арал» деп айтқанына еріп біздер өз сөздеріміз қайсы, өзгенің сөзі қайсы екенін ажырата алмай қалдық. Мысалға, қазақтың «Жанар», «Айнұр», «Өтеміс» деген сияқты аттарын «Жанара», «Айнура», «Утемис» деп айтуға үйреніп кеттік. Қазақтың үндесе айтылатын сөздерін «Ысмайыл-Смайл», «Ысқақ-Сқақ», «Ырысты-Рысты» деп тіліміздегі дыбыстар тіркесін, айтылым заңдылығын бұзып жүрміз. Қазақ тіліндегі - «қ», орыс тіліндегі - «х», араб сөздеріндегі «h» дыбыстарын таңбалайтын әріптерді жазуда бірінің орнына бірін қолдана беру кездеседі(қош-хош, қалық-халық, қабар-хабар, қайыр-хайыр, қақарман-қахарман-қаhарман, Гауқар-Гауhар-Гаухар). Бұл тіл заңдылығын бұзу болып табылады, яғни грамматикалық және орфоэпия- орфография заңдылығы бұзылды. Мұндай мысалдар өте көп. Енді әліпбиді ауыстыру барысында бұрынғы әліпби мен емледегі орын алған көптеген кемшіліктер латын әліпбиі мен жаңа емлеміз арқылы түзетілетін болады[35.154]. Сөздің айтылымын ескермей, жазылымы бойынша айтуға, көзіне көрсетіп қойған дыбысты дұрыс айтпай, тілді бұзып сөйлеуге бейімделіп бара жатқан жаһандану кезеңінде мектептерде емле Ережелерін оқытуға ерекше назар аударылуы керек. Емледе бұрынғы жазылуы әртүрлі болып келген орфограммалар бір ізге түсірілгені де анық байқалады. Қазіргі жаңа әліпби мен емлемізде тіл үндесімінің негіздері басшылыққа алынған, сондықтан латыннегізді ұлттық әліпбиіміздің болашағы зор деп сеніммен айтуға болады. Дегенмен, аралас буынды «ақірет», «қадір», «тауқімет», «құзірет» деген сияқты сөздерді жаңа емледе Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 108 үндестік заңына сай етіп, бірыңғай жуан жазу туралы ереже ұсыну керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар (§45). «Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы жалғанады және түсірілген -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосымшасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды: 6-ǵa, 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyl, 5-sanat, 3- kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı, 9-páter, ХХІ ǵasyr, III tom, IV taraý»,-деген ережедегі ай-жылды білдіретін реттік сан есімдерден кейін бұрынғыдай дефис қоймай жазу керек деген ұсыныс айтамыз. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде, әліпби құрамындағы дыбыстар мен жазу емлесіне қатысты мәселелерді өзара байланыста қарастырып, екі тізгінді тең ұстап, тіліміздің пайдасына ортақ ұтымды шешім қабылдау арқылы тіліміздің үндестік заңына сай жазылуын заңдастыруымызға толық еркіндік тиіп отыр. Жаңа емле қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сай жүйелі, ғылыми тұрғыда құрастырылғандығымен ерекшеленеді. Емле ережелері қазіргі жаһандану заманында бірнеше тілде сөйлеп жүрген жастарымыздың қазақ сөзінің үйлесімін бұзбай сөйлеуін, сөзіміздің әуезділігін, тіліміздің әсем ырғақпен айтылуын қамтамасыз ете алады. Әліпби мен емле қазақ тілінің үндесім заңына сай болуы арқылы мемлекеттік тілдің дамуына да ықпал ете алады. Сондықтан жаңа емлеміз қазақ тілінің табиғатына сай болуы арқылы қазақ тілін жаңғырта түсетініне сенеміз. Кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі Қазақ тілі емлесінің ережесінде кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі бұрынғы жазуымыздан өзгеше екеніне назар аудару керек. Бұрын шеттілдік сөздер өзгеріссіз жазылып келсе, енді қазақ әліпбиіне икемделіп жазылады: (§77). «Ё» әрпі «о́» әрпімен таңбаланады. Оларға қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады: манёвр-манөвр (manо́vr) , оған қосымшалар (-diń, -i, -ge, -ler) деп, бруселёз-бруселөз (brýselо́ z), ал оған қосымша (-diń, -i, -ge, -der)деп, актёр-актөр (aktór), ал оған қосымша (-diń, -i, -ge, -ler) деп, амёба-амөба (amóba), ал оған қосымша Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 109 (-nyń, -ny, -ǵa, -lar) деп, дирижёр-дирижөр (dırıjо́r), ал оған қосымша (-diń, -i, -ge, -ler) деп, режисёр-режисөр (rejısо́r), ал оған қосымша (- diń, -i, -ge, -ler)деп жалғанады [28.25]. (§78). «Ц» әрпі және «сц» әріп тіркесі «s» әрпі арқылы жазылады: сирк-sırk, сифр-sıfr, силиндр-sılındr, сиркул-sırkýl; десиметр-desımetr, медисина-medısına, пропорсионал-proporsıonal, абзас-abzas, кварс- kvars, конститусиа-konstıtýsıa, корпорасиа-korporasıa, сех-seh; сенари- senarı, сиофит-sıofıt, абсес-abses, абсиса-absısa, плебисит-plebısıt. Ескерту. Қатар келген «ц» әрпі «ts» тіркесі арқылы таңбаланады: питса-pıtsa, Нитса-Nıtsa[28.25]. (§79). «-тч» дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі «т» әрпі түсіріліп жазылады: скош-skoch, скеш-skech, маш-mach. (§80). «Щ» әрпі төл сөздерде «shsh» әріп тіркесімен, ал шеттілдік сөздерде «sһ» әрпімен таңбаланады: асшшы-ashshy, тұшшы-tushshy, кешше-keshshe; училише-ýchılıshe, прапоршик-praporshık[28.25]. (§81). «Э» әрпі «е» әрпімен жазылады: елемент-element, елеватор-elevator, епопеиа-epopeıa, поетика-poetıka, коефисент- koefısent. Ескерту. «-оэ» әріп тіркесімен аяқталатын сөзде «э» әрпінің орнына «ı» жазылады: алой-aloı, каной-kanoı[28.25]. Өзге тіл сөздерін тілімізге қарай бұрып жазуымыз құптарлық жай. Дегенмен тек өзге әріпті ғана бұрып жазып, ал сөздердің жазылуы аралас буынды күйінде қалған екен. Бұл үндестік заңына байланысты бірыңғай жазу заңдылығына келмей тұрғанын да аңғаруымыз керек. Орфоэпияда бұл олқылықты дұрыстап айтуымызға мән берілуі керек. (§82). «Ю» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен: aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala; kaıýta, ал дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен таңбаланады: parashút, absalút, glúkoza, debút, prodúser, lúks, salút, valúta, búdjet, búrokratıa, sújet, búleten; fúchers, kompúter, tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады. Ескерту. «и» (ı) әрпінен кейін тұрған «ю» орнына «у́» жазылады: qıý, kıý, dıý[28.25]. Демек, «ю» әрпі үш түрлі жазылады екен: 1). төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында және дауысты дыбыстан кейін «ıý» әріп тіркесімен(аю-айу, ою-ойу, Юрмала-Иурмала) жазылады. 2). Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 110 Дауыссыз дыбыстан, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ú» әрпімен (парашют-парашүт, абсолют-абсолүт, глюкоза- глүкоза, валюта-валүта, бюллетень-бүлетен,продюсер-продүсер, люкс-лүкс, компьютер-компүтер, тьютор-түтор,рюкзак-рүкзак, сюжет-сүжет)таңбаланады. 3). «и» (ı) әрпінен кейін тұрған «ю» орнына «у́» жазылады: қию-қиу, кию-киу,дию-диу. (§83). «Я» әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде сөз басында, дауысты дыбыстан кейін, айыру белгісі (ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін «ıa» әріп тіркесі арқылы: ıaǵnı, qoıan; Iаlta; soıa, ıdеıa; gıperıadro, sýbıadro; alıаns, konıak, ал дауыссыз дыбыстан кейін а́ арқылы таңбаланады: akýmýlа́ tor, mýláj, zarа́ d, kalkýlа́ tor. Қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес жалғанады. Ескерту. «И» (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жазылады: qıar, sıa, Túrkıa, jarıa[28.26]. (§84). Жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады, жіңішкелік белгі (ь) ескерілмейді: аnsámbl (-diń, -i, -ge, - der), dúbl (-diń, -i, -ge, -der), rúbl (-diń, -i, -ge, -der), parо́ l (-diń, -i, -ge, - der), asfált (-tiń, -i, -ke, -ter), púlt (-tiń, -i, -ke, -ter), ált (-tiń, -i, -ke, -ter), ós (-tiń, -i, -ke, -ter), vólt (-tiń, -i, -ke, -ter), búldog (-tyń, -y, -qa, -tar), batalón (-niń, -i, -ge, -der), medalón (-niń, -i, -ge, -der), kоról (-diń, -i, -ge, -der), gаstról (-diń, -i, -ge, -der), аlkogól (-diń, -i, -ge, -der), kúlt (-tiń, -i, - ke, -ter), gólf (-tiń, -i, -ke, -ter), vestıbúl (-diń, -i, -ge, -der), sırkúl (-diń, -i, -ge, -der), roıál (-diń, -i, -ge, -der), álpınıs (-tiń, -i, -ke, -ter), álternatıv (-tiń, -i, -ke, -ter), kоbált (-tiń, -i, -ke, -ter), festıvál (-diń, -i, -ge, -der), álbatros (- tyń, -y, -qa, -tar), álbom (-nyń, -y, -ǵa, -dar), álmanah (-tyń, -y, -qa, -tar), áltron (-nyń, -y, -ǵa, -dar), álfa (-nyń, -ǵa, -lar), váls (-tiń, -i, -ke, -ter), bálzam (-nyń, -y, -ǵa, -dar), pálma (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), оftálmolog (-tyń, - y, -qa, -tar), búldozer (-diń, -i, -ge, -ler), múltfılm (-niń, -i, -ge, -der), últrasáyle (-niń, -si, -ge, -ler), fólklor (-dyń, -y, -ǵa, -lar), vólfram (-nyń, -y, -ǵa, -dar). Ескерту. Мына сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмей- ді, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады: bron (-nyń, - y, -ǵa, -dar), monastyr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), gýash (-tyń, -y, -qa, -tar), týsh (- tyń, -y, -qa, -tar) [28.26]. Бұл ережеде жіңішкелік белгісі (ь) бар буынға жіңішке дауыстылардың әрпі жазылады, қосымшалар түбірдің соңғы буынына үндесіп жалғанады, жіңішкелік белгі (ь) ескерілмейтінін Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 111 білдіреді: ансамбль-ансәмбл -аnsámbl (-diń, -i, -ge, -der). Альбом- әлбом-álbom (-nyń, -y, -ǵa, -dar); Бұл жерде де жіңішкелік белгі орны жіңішке айтылғанмен бүкіл сөз аралас буынмен жазылады. Бұл жазылым, қанша өзгерткенімізбен, орыс тілінің айтылымын сақтап тұрғанын көрсетеді. Осы мәселелерге көңіл бөліп, орфоэпияда қазақы дұрыс айтылымын сақтау керек(әлібөм, әнсәмбіл). (§85). Жіңішкелік белгісімен (ь) келген буын құрамында «e, ı» әріптері бар сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қосымшалар түбірдің соңғы буын үндестігіне сәйкес жалғанады: akvarel (-diń, -i, - ge, -der), stil (-diń, -i, -ge, -der), lager (-diń, -i, -ge, -ler), artıkl (-diń, -i, -ge, -der), kegl (-diń, -i, -ge, -der), premer (-diń, -i, -ge, -ler), premera (-nyń, - ǵa, -lar), relef (-tiń, -i, -ke, -ter), barelef (-tiń, -i, -ke, -ter), brakoner (-diń, - i, -ge, -ler), barer (-diń, -i, -ge, -ler), shıfoner (-diń, -i, -ge, -ler), kelt (-tiń, - i, -ke, -ter), fılm (-niń, -i, -ge, -der), gelmınt (-tiń, -i, -ke, -ter), atele (-niń, - si, -ge, -ler), relef (-tiń, -i, -ke, -ter). Ескерту. Ономастикалық атаулар мен кейбір мағынасына нұқсан келетін сөздерде жіңішкелік белгісінің (ь) орнына «ı» әрпі жазылады: Pıer; pıesa, lıe[28.27]. Бұл ережеде жіңішкелік белгісімен (ь) келген буын құрамында «e», «ı» әріптері бар сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді(акварель-акварел, лазерь- лазер).Ал ономастикалық атаулар мен кейбір мағынасына нұқсан келетін сөздерде жіңішкелік белгісінің (ь) орнына «ı» әрпі жазылады екен(Пьер-Пиер, пьеса-пиеса). (§86). «Е» әрпінің алдында тұрған айыру белгісі (ъ) ескерілмейді, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сәйкес жалғанады: sýbekt, оbekt, ıneksıa, feldeger, adektıv[28.27]. Бұл ереже тіліміздің үндесімін сақтауға бейімделгенімен аралас буынды сөздер кедергі келтіріп тұр(оbekt, adektıv). (§87). Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқа тілдегі тұрпатына ұқсас жазылады және оларға қосымша буын үндестігіне сәйкес жалғанады: moderator (-dyń, -y, -ǵa, -lar), marker (-diń, -i, -ge, -ler), stepler (-diń, -i, -ge, -ler), vaýcher (-diń, -i, -ge, -ler), sýpervaızer (-diń, -i, - ge, -ler), aıfon (-nyń, -y, -ǵa, -dar), banknot (-tyń, -y, -qa, -tar), bankomat (- tyń, -y, -qa, -tar), planshet (-tiń, -i, -ke, -ter), onlaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), oflaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), dızaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), barmen (-niń, -i, -ge, -der), bıznesmen (-niń, -i, -ge, -der), resepshn (-niń, -i, -ge, -der), skrınshot Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 112 (-tyń, -y, -qa, -tar), blokbaster (-diń, -i, -ge, -ler), fýrshet (-tiń, -i, -ke, -ter) [28.27]. Бұл ереже де тіліміздің үндесімін сақтауды жақтайды. (88). «Дж» әріп тіркесі бар сөздерде «д» әрпі түсіріліп, қосымшалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń, -i, -ge, - ler), jınsy (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), jentіlmen (-niń, -i, -ge, -der). Ескерту. «- дж» әріп тіркесінің арасынан буын жігі өтетін және сөз мағынасы өзгеретін жағдайда «d» әрпі сақталып жазылады: búdjet, lodjy[28.27]. Бұл ереже тіліміздің заңдылығына бейімделген. (§89). Сөз соңындағы қайталанған қосар әріптің біреуі түсіріледі: klas (-tyń, -y, -qa, -tar), hol (-dyń, -y, -ǵa, -dar), bal (-dyń, -y, -ǵa,-dar) [28.28]. Бұл ереже де тіліміздің заңдылығына бейімделген, қос бірдей дауыссыздың қатар қолданылуы қазақ тіліне жат екенін танытады. Осы ережені толықтырып, араб-парсы тілдерінен келген сөздердегі қатар келген бірдей дауыссыздардың да біреуін түсіріп жазуды заңдастыру керек деп есептейміз. Мысалы, «махаббат», «ләззат» деген сөздердегі геминанттар (бб, зз) бізге қажеті жоқ, бір дыбыспен де айтамыз:ма-ха-бат, лә-зат. (§90). Сөз ортасындағы қайталама «сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу» дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады: patıson, komısar, resor, profesor, prosesor, asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen, ımıgrant, programıs, mamologıa, sımetrıa, amıak, anagram, kardıogram; metalýrgıa, elıps, elınızm, kolej, sılabýs, koloıd, bılıard, brýselóz, talı, kolokvıým, trıler, alofon, troleıbýs, alúzıa; kotej, atestat; efekt, efýzıa, afekt, afrıkat, koefısent; týnel, aneksıa, anotasıa, baner, tenıs, konotat; abrevıatýra, gıbon, korespondent, popýrı, sparıń, korektor, korozıa, presýpozısia, aparatýra, aplıkasıa, ıpodrom, opozısıa, oponent; aglútınatıv, sýgestıa; adıtıv; akaýnt, akord, akredıtasıa, hokeı, ındıvıdým. Ескерту. Сөз мағынасы өзгеретін жағдайда «сс, мм, лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк» әріптері сақталып жазылады: esse, mass- medıa, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto, nettо; tonna, vanna; súrrealızm, ırrasıonal, ırreal; trýppa; býdda, býddısm; ekker[28.28]. Бұл ереже тіліміздің заңдылығына бейімделген. «Сөз ортасындағы қайталама «сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу» дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылуы», «сөз мағынасы Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 113 өзгеретін жағдайда олардың әріптері сақталып жазылуы» қазақы жазу талабынан туындаған дұрыс шешім болып табылады. (§91). « -ий»-мен аяқталған сөздердің соңында бір ғана ı әрпі жазылады: kalı, alúmını, natrı, kafeterı, komentarı, realı[28.28]. (§92). Шеттілдік сөздердің соңындағы «а» әрпі сөз мағынасына әсер етпеген жағдайда түсіріліп жазылады. Қосымшалар соңғы буынға үйлесіп жалғанады: gazet (-tiń, -i, -ke, -ter), mınýt (-tyń, -y, -qa, -tar), sıfr (-dyń, -y, -ǵa, -lar), kordınat (-tyń, -y, -qa, -tar), kapsýl (-dyń, -y, -ǵa, -dar), kardıogram (-nyń, -y, -ǵa, -dar). Бірақ matematıka, pedagogıka, statıstıka, mehanıka болып жазылады[28.28]. Кейбір жағдайда сөз соңындағы «а» дыбысы қазақы айтылымда жуан-жіңішкелі «ы-і» (касса-кассы, клеёнка-кілөнкі, плёнка- пілөнкі) болып қолданылатынын да ескеру керек деп ойлаймыз. Сондай-ақ, емледе (§13) «айтуы бойынша игерілген түрде жазылады» деп мысалға келтірілген сөздер арасындағы «poshta-пошта» сөзі де «пошты» деп қазақы айтылуы тиіс. Кейбір жерлерде бұл сөздер «е» дыбысымен алмастырып айтады: (клеёнка-кілөнкі- кілөнке, плёнка - пілөнкі- пілөнке); (§93). Сөз аяғындағы «-cт», «-сть», «-зд» әріп тіркесінің соңғылары түсіріліп жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: jýrnalıs (-tiń, -i, -ke, -ter), komýnıs (-tiń, -i, -ke, -ter), manıfes (-tiń, -i, -ke, -ter), ensıklopedıs (-tiń, -i, -ke, -ter), Everes (-tiń, -i, -ke, -ter), sıez (-diń, -i, -ge, -der), vedomos (-tyń, -y, -qa, -tar), poves (-tiń, -i, -ke, - ter) [28.28]. Бұл сөздердің соңындағы дауыссыз дыбыстардың бірі түсуі, яғни апокопа құбылысы бойынша жазылғаны дұрыс деп есептейміз. Осылай айтылуы тіліміз заңдылығына сай келеді. (§94). «p», «h» әріптеріне аяқталған шеттілдік сөздерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, «p», «h» ұяңданбайды: arhetıp - arhetıpi, stereotıp - stereotıpi, ketchýp – ketchýpy, sheıh - sheıhy, shtrıh - shtrıhy. Сондай-ақ «h» әрпіне аяқталған сөзге қосымшалар жуан жалғанады: seh – sehty, - qa, -tar, sheıh – sheıhty, -qa, -tar, shtrıh – shtrıhty, -qa, -tar[28.29]. Бұл жағдайда ұяң айтылмауын морфонологиялық жағдай деп есептейміз. (§95). «-рг, -кс, -лк, -кл» әріп тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады: ocherk (-tiń, -i, -ke, -ter), lúks (-tiń, -i, -ke, -ter), polk (-tiń, -i, -ke, -ter), sıkl (-diń, -i, -ge, -der), hırýrg (-tiń, -i, -ke, Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 114 -ter), metalýrg (-tiń, -i, -ke, -ter) [28.29]. Бұл ереже сөздің дұрыс айтылуына сай келеді. (§96). «-кт, -ск, -нкт, -пт, -мп, -мб, -фт» әріп тіркесіне бітетін сөздерге қосымша «y, i» дәнекері арқылы, ал «-кт, -ск, -нкт» сияқты құрамында «к» әрпі барларына тек жіңішке, басқаларына соңғы буын үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады: faktige, faktisi; obektige, obektisi; dıskige, dıskisi; pýnktige, pýnktisі; akseptige, akseptisi; Olımpige, Olımpisi, rombyǵа, rombysy; shrıftige, shrıftisі[28.29]. (§97). Сөз соңындағы «-нг» әріп тіркесі «ń» әрпімен жазылады, қосымшалар үндестік заңына сәйкес жалғанады: parkıń (-niń, -ge, -i, - der), boýlıń (-niń, -ge, -i, -der), brıfıń (-niń, -ge, -i, -der), reıtıń (-niń, -ge, - i, -der) [28.29]. (§98). Ағылшын тіліндегі түпнұсқасында «w» әрпімен басталатын кейбір сөздер «ý» әрпімен жазылады: ýаtsap, ýıkı, ýıkıpedıa, ýeb-saıt[28.29]. (§99). «-ог» әріп тіркесімен аяқталатын сөздерге қосымшалар жуан жалғанады: pedagog-tar, pedagog-y, dıalog-tar, dıalog-y, еkolog-tar, еkolog-y[28.29]. Сонымен қазақ тілі емлесі ережесіндегі кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесіне 22 ереже, яғни 77-99 параграфтар арасындағы, берілген екен. Әрине, өзге сөздерді жазуға арналған ереже көп, бірақ тілдің жағдайын жеткізетін болғандықтан мұндай ережелер көптік етпейді. Осы ережелердің орфоэпиялық жағымен де байланысына ерекше мән беріп, тіліміздің үндесіміне сай айтылуына бейімдеу керек. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 115 Әліпбиде жоқ әріптердің емлесін төмендегідей кестеде көрсетуге болады: «Я» әрпінің жазылу емлесі я = йа ья = иа д/з*+я = ә и+я = а Яғни - иағни Коньяк - кониак Ак(к)умул(ә)тор қиар Қоян - қойан Альянс - алианс мул(ә)ж порсиа Аян - айан Судья - судиа зар(ә)д радиасиа Ялтан - Фортепьяно - Калькулятор - Әлиа Иалта фортепиано кәлкуләтор Идея - идейа Жәниа д/з* ---- дауыссыз дыбыстан кейін «я» келсе... «ә» болып жазылады. «Ю» әрпінің жазылу емлесі ю = йу ю=ү ью = ү Аю - айу Парашют - парашүт Компьютер - компүтер Ою - ойу Абсолют -абсолүт Тьютор - түтор Юра - Йура Глюкоза - глүкоза Валюта -валүта Салют - салүт «Ё» әрпінің жазылу емлесі: Ё= Ө Ё= O` Ұсыныс: Ё= ио (io) Манёвр- манөвр Mano`vr Ёлка – иолка, (iolka) Бруселёз - бруселөз Bry`selo`z Сөз соңындағы дауыссыз дыбыстар тіркесі Тч = ч -с(т), -с(ть), - з(д) нг = ң Скетч - скеч Журналис(т) Боулинг -боулиң Скотя - скоч Манифес(т) Брифинг - боифиң Матч - мач Ведомос(ть) Рейтинг - рейтиң Повес(ть) Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 116 Қосымшалардың жалғануы П, х +тәуелділік жалғауы Х+ жуан дыбыс жалғанады Архатип+і Шейх – шейх+ы Кейчуп + ы Штрих – штрих-ы Стеротип + і Жалпыхалықтық диктант туралы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» туралы мақаласында айтылған қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру бағытындағы шаралардың бірі ретінде латын әріптерімен жалпыхалықтық диктант жазу жоспарланған екен. Бұл диктанттың мәтінін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл- қазына» ғылыми-практикалық орталығы ұсынды. Республикамыздың барлық жерінде латын графикасындағы Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері бойынша 2018 жылдың 14 қарашасы күні жалпыхалықтық диктант жазылды. Диктант тақырыбы «Рухани жаңғыру» деп аталған екен. Диктантта 75 сөз латын әріптерімен болды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі филология факультетінен 98 студент, 10 оқытушы диктант жазуға қатысты. Диктант жазу нәтижесі бойынша барлық оқытушы «5» деген баға алса, ал студенттер арасында «5» деген баға-57, «4» деген баға - 18, «3» деген баға 23 болды. Барлық адамның да әліпбимен жақсы таныс екендігін жазу барысында байқалып тұрды. Барлығы да естіген сөздерін дер кезінде қағазға түсіріп, қатардан қалмай, ілесе жазып отырды. Диктант жұмыстарын тексеру барысында студенттердің жіберген қателеріне талдау жасалды. Көпшілік жағдайда «и, й» мен «і» әріптерін, «у» мен «ы» әріптерін шатастырып жазатындығы байқалды. Мұның себебі, біріншіден, «и, й» мен «і», «у» мен «ы» дыбыстарының таңбаларын ажырататын әріпүсті белгінің қойылуы Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 117 мен қойылмайтын тұсына мән бермеу, екіншіден, бұл дыбыстардың бір-бірімен жұптық жақындығы болмағанына қарамастан жұптастыра бірдей таңбалануы деп есептейміз. Ал, үшіншіден, бұрынғы қалыптасқан дағды бойынша, студент санасында, латынша «y`» мен кирилл «у» ұқсастығынан, оның үстін түртпей-ақ, «у» дыбысын таңбаладық деген оймен олар өздерінің қате жазып жатқанын байқай бермейтін сияқты. Сол сияқты жағдай «и, й» мен «і» дыбыстарын таңбалауда әріпті қате жазуға жол беретін секілді. «tarıhı» деген сөзді жазған кезде «h» орнына «х» әрпін салғандар да болды. Диктант жазуда байқалған тағы бір мәселе - әріптердің баспа түрі бар да, жазба түрінің берілмеуі. Студенттердің кейбірі, жазба түрін білмей, «g», «j», «q» әріптерін қолмен жазуда бір-біріне ұқсас таңбаласа, енді бірі бұл әріптерді, әсіресе «g» әрпін, баспа түрімен жазудың да қиындық жақтары бар екенін көрсетті. Жазба жұмыстарында «у» дыбысын «w» таңбасымен, «й» дыбысын «i» таңбасымен шатастырғандар да байқалды. Мұндай жағдайды диктант жазушының өзі байқап, қате жазылған әріпті сызып тастап, дұрысын салып отырғаны да көрініп тұрды. Ал «sh» арқылы берілген «ш» дыбысының таңбасын жазған кезде кейбір жағдайда олардың әртүрлі әріпүсті белгімен жазылғаны байқалды(«s`h`», «s`h», «sh`»). Жалпы алғанда, жұртшылық латын графикасын қолданудан қорықпайды. Бұл әліпбидің құрамындағы әріптердің қандай дыбыстарды таңбалайтындығын, олардың жазылу ерекшелігін меңгерген. Диктант барысында байқалғандай, көз машығы мен қол машығы жағынан қиындық жоқ, яғни студенттердің барлығы да жылдам жазуға, тез оқуға бейімделген. Сонымен қатар, жазба жұмысындағы, кей жағдайда, әріпүсті ноқаттың ұмыт қалуы, артық түртіліп кетуін, солғын көрінетіндей немесе, керісінше, шамадан тыс анық белгілеуін, т.б. жалпыға ортақ кемшілік деп есептейміз. Осы кемшіліктерге қарап, әліпбиімізді әлі де жетілдіре түскен жөн деп есептейміз. Әріпүсті бір ноқат көрінбей қалса, екіншісі көрінетін түрік ағайындардың қос ноқаты дұрыс сияқты. Жазу емлесін әлі де айтылымға, үндесімге жақындата түсуге бар мүмкіндікті қарастырған дұрыс деп ойлаймыз. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 118 Жастардың диктант жазуға қызығушылығы, барлығының да белсене қатысуы, бұл шараны көңілді қабылдауы олардың ана тіліне – сүйіспеншілігі, мемлекеттік тілімізге деген құрметі екендігін танытты. Филолог жастардың емле ережелерінің бекітіліп, жаңа әліпби бойынша жазуға деген сұраныстары күшті екені байқалып отыр. Латынға көшу тарихы мен оның қазіргі мәселелері Әліпби мен жазу мәселесіне қатысты өткен тарихты еске түсірер болсақ, бұдан бір ғасыр бұрын қазақтың жазуында Ахмет Байтұрсыновтың араб әріптерін тіліміздің табиғатына лайықтап жасаған төте жазуы қолданылған болса, Баку қаласында 1926 жылғы 26 ақпан - 5 наурыз аралығында өткен І-бүкілодақтық түркітанушылар құрылтайы бүкіл түркі халықтары өз жазуларын латынға көшіруіне себеп болған еді. Түркітанушылардың осы бас қосуында араб жазуына қарағанда латын әріптерінің қолданысқа мүмкіндігі мен артықшылығын жақтаушылар көп болып, елдің бәрі латын жазуын қолдаған болатын. Түркі халықтарының басын қосқан осы съезден соң қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаушы президенті Мұстафа Кемал: «Біз түркі халықтарынан бөлектенбейміз. Бізге бірге болу керек. Тіл мен жазу – түркілердің ортақ байлығы. Ортақ жазуға көшу арқылы біз ортақ мәдениет қалыптастырамыз» - деп мәлімдейді. Содан кейін Түркияның Министрлер кеңесі 1928 жылдың 28 маусымында «Алфавит жөніндегі комиссия» құрып, ол 8 және 12 шілдедегі өзінің отырысында латын графикасына негізделген жаңа түрік әліпбиін қабылдады[36]. Латын жазуының болашағын ерте сезген Мұстафа Кемал Ататүрік 1928 жылдың 1 қарашасында «Жаңа түрік әріптерінің қабылдануы мен қолдануы туралы» Заң шығарып, 1929 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің латын әліпбиін қолдануын қамтамасыз етеді. Сөйтіп «Әріп революциясы» деп аталып кеткен қазіргі түрік жазуын латын графикасына көшіру науқанында Мұстафа Кемал Ататүрктің бастауымен алғашқы болып түрік халықтары латын әліпбиіне көшкен еді. Көреген басшы ғасырлар бойы қолданып келген араб жазуын ауыстырып, түрік халқының өз Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 119 еркімен латын әліппесіне көшуін жүзеге асырды. Латынға көшу себебі туралы елбасы Мұстафа Кемал Ататүрк: «Біз латын әліппесін КСРО- дағы қалың түрік туыстарымыздан қол үзіп, көз жазып қалмау үшін қабылдағанбыз» деп түсіндірген екен[37.426]. Ал Кеңес билігіндегі елде 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумының «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулысы қабылданып, түркі халықтарының жазуын бірінен соң бірін латын әліпбиіне көшіре бастады. Кеңес еліндегі түрік халықтарының арасында алғашқы болып оқымысты С.Ағамалы-Оғлы құрастырған латын негізді әзербайжан әліпбиі көшіріліп, 1924 жылы 27 маусымда жаңа әліпбиі мемлекеттік мәртебеге ие болады. Ал қазақ білімпаздарының 1924 жылы 12-18 маусым аралығында Қазақ АКСР-нің Ағарту халық комиссариаты Орынбор қаласында қазақтың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Е. Омаров, М. Жолдыбаев, М. Мұрзин, А. Кенжин, М. Саматов, Н. Залиев сияқты сол тұстағы белгілі адамдары қатысуымен өткізген І съезінде А. Байтұрсыновтың «Төте жазу әліппесі» қазақтың оқыған зиялылары тарапынан кең қолдау тауып, араб әріптерінің қазақ тіліне лайықтанған әліпби үлгісі мен емлесі ресми түрде қабылданғанмен де, кейіннен жоғары жақтың шешімімен және Нәзір Төреқұлов, Мұхтар Мурзин, Телжан Шонанов сияқты қазақ оқығандарының бір тобының қолдауымен латын әліпбиі мәселесі көбірек қозғала бастайды. Қазақ жазуының алғашқы латын графикасына негізделген әліпбиінің жобасы сол кезде Шығыс халықтарының Орталық баспасы басқармасының төрағасы болып қызмет еткен, елге танылған, білімді азамат Нәзір Төреқұловтың Мәскеу қаласында 1924 жылы шыққан «Жаңа әліпби туралы» деген кітабында жарияланды. Қазақ жазуы 1929 жылы жарияланған «Жаңа алфавит туралы қаулы» бойынша «төте жазу» деп атаып кеткен араб әліпбиінен латын графикасына көшірілген болатын. Осы латын графикасындағы қазақ әліпбиінің алғашқы нұсқасында 9 дауысты, 2 жарты дауысты, 18 дауыссыз дыбысты таңбалайтын 29 әріп болды: 1.A <а> , 2.ә < ә>, 3. ь <ы > , 4.o < о>, 5.u <ұ >, 6. e <е >, 7.i < і>, 8.ө <ө >, 9.y < ү>, 10.p < п>, 11. t < т>, 12.b <б >, 13.d < д>, 14. g < г>, 15. ƣ < ғ>, 16.z < з>, 17. ç <ж> , Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 120 18.h< һ>, 19.m < м>, 20.n <н > , 21. ŋ < ң>, 22.v < у>, 23. k < к>, 24.q < қ>, 25.s < с>, 26.c < ш>, 27. l <л > , 28. r < р>, 29. < й> [14.131]. Сол кезде Кеңес билігіндегі, өз еркі жоқ түрік халықтары жоғары жақтың шешімі бойынша он-он бес жылдың ішінде араб, латын, кирилл әліппелерінің бірінен-біріне өтіп, үш түрлі әліпби ауыстыруына тура келген еді. Бұрынғы Кеңес билігінде болған елдер өздерінің тәуелсіздігін алған кезде түркі халықтары ұлттық тілдерінің мемлекеттік мәртебесін күшейтіп, өз әліпбиі мен жазуын жетілдіріп, дамытуды қолға алды. Алғашқы болып, 1991 жылы 25 желтоқсанда сол кездегі Әзербайжан Республикасының Президенті А.Муталибов «Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпына келтіру туралы» заң шығарып, мамандарға 1940 жылға дейін елде қолданылған латын графикалы әзірбайжан әліпбиін жетілдіріру туралы тапсырмалар берді. Сөйтіп әзербайжан халқы бұрынғысын жетілдіріп, түрік әліпбиіне жақындатып өздерінің латын негізді әліпбиін қабылдады. Ал 2001 жылдың жазында Әзірбайжан латын жазуына толықтай көшкендігін жария етті [38]. Әзербайжан тілінде «Ә» дыбысы өте жиі кездеседі. Сондықтан әзербайжан тілі үшін өзіндік ерекшелігін танытатын, дыбыстық жүйесін дәл айқындауда маңызды болғандықтан әліпби құрамына «Ә» таңбасын арнайы бұрынғысынша енгізген (nәnә – апа, mәnim – менің, әl – қол, т.б. ); Әзербайжан ғалымдарының айтуынша, олардың латын графикасына негізделген емлесінде ең көп өзгеріс жасалғаны кірме сөздердің жазылуы болған. Әзербайжан тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес, ұлттық әуезбен жазылуына ерекше мән берілген (aptek (аптека), valyuta (валюта), vağzal (вокзал), kompüter (компьютер), musiqi (музыка), mağaza (магазин), folklor (фольклор), fakültә (факультет), paraşüt (парашют), süjet (сюжет), т.б.); Латын негізді әзірбайжан әліпбиінде 32 әріп пен бір дәйекші болды. Латын графикалы әзербайжан әліпбиінде «Ә» дыбысының әрпі кирилл таңбасымен берілген. Қазақ тілінде «ұ», «ң» дыбыстары бар болса, әзербайжан, түрік тілінде бұл дыбыстар жоқ. Ал «ә», «қ» дыбыстары қазақ, әзербайжан тілінде бар болса, түрік тілінде бұл дыбыстар жоқ. Осындай ерекшелігіне байланысты қазіргі латын негізді түрік әліпбиінде 29 әріп, әзірбайжан әліпбиінде 32 әріп, қазақ әліпбиінде Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 121 34 әріп бар. Әзербайжанның «Тіл туралы» заңында мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары өткізетін барлық ресми рәсімдер мен іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі деген бабы бар. Бұл заң арқылы мемлекеттік тілге ерекше күш беріп, қолдау жасаған болып табылады. Латын әліпбиіне алдымен көшкеннен кейін Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан елдері өздерінің әліпбилеріне кейіннен кейбір өзгерістер енгізді. Түбі бір түркі халықтарының тілі ұқсас болумен қатар, олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Олардың ортақ түркі әліпбиін пайдалана отырып, осы ерекшеліктерін де сақтауы дұрыс болады. Сондықтан олардың әліпбиі шама келгенше бір- бірінен көп алшақ кетпеуі үшін ортақ түркі әліпбиімен қатар әліпби жасау барысында ортақ ғылыми ұстанымдары болып, мысалы, жіңішке дауысты дыбыстарды, мұрын жолды дауыссыз дыбыстарды, ызың, қатаң дыбыстарды танытатын қосымша белгілерді пайдалануда ортақ пікір болғаны жөн деп білеміз. Сонда әліпбиде умлаут, бревис, тильда, макрон, седиль сияқты диакритикалар да ортақ ұстаныммен қолданылатын болады. Түркі халықтарының жазуын жақындату мақсатында 1991 жылғы қазанның 18-20 күндері Стамбұлдағы Мармара Университеті жанындағы Түркітану институты ұйымдастырған «Қазіргі түрк әліпбиі» атты симпозиумында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан елдерінің тілші ғалымдарының қатысуымен Түркияның 29 таңбадан тұратын әліпбиіне өзге түркі халықтарының тілдеріндегі дыбыстары үшін қосымша бес қаріп енгізу арқылы 34 таңбалық (а, b, c, ç, d, e, f, g, ğ, h, i,ı, j, k, l, m,n,o, ö, p, r, s, ş, t, u, ü, v, y, z, ä, x, q, ñ, w) Түркі ортақ латын әліпбиі жасалды [7]. Бұдан кейін 1992 жылы, 29 қыркүйек-2 қазанда Бішкекте өткен Түрік Республикалары мен Түрік мемелекеттік құрылымдары Білім Министрлігі өкілдерінің 2-Халықаралық конференциясы, 1993 жылы, 8-10 наурызда бес тәуелсіз Түрік Республикасы қатысқан және Түрік іскер топтары мен Даму агенттігі (ТИКА) ұйымдастырған Анкарадағы «Әліпби мен емле мәселесі» атты Халықаралық конференция, 1993 жылы, 21-23 наурызда Анталияда өткен «Түрік мемлекеттерінің достық, бауырластық және ынтымақтастығы құрылтайы» атты ірі жиында Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 122 тағы да талқыланып, 34 әріпті әліпбиге өту қажеттілігі жайында шешім қабылданған еді[39]. Қазақтың белгілі ғалымы, академик Ә.Т.Қайдардың айтуынша, 1993 жылғы наурыздың 8-10 аралығында Түркия мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі ұйытқы болып, ең ірі алты түркі мемлекетінің (Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түрікменстан) басын қосқан Анкарадағы әйгілі конференцияда ғылыми негізде жасалған 34 әріптен тұратын латын әліпбиінің үлгісі қабылданып, «осы әліпби түркі халықтарының бәріне ортақ, оны әр ұлт өзінің тілдік ерекшеліктеріне орай қажетінше өзгерте алады» деген келісімге келген еді[37.438]. Конференцияда қабылданған қазіргі заман талабына сай түзілген латын негізді 34 әріптен тұратын ортақ түрік әліппесі: Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Әә, Ff, Gg, Hh, Xx, Ii, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Ww, Yy, Zz [4.426]. Осы Анкарада өткен ғылыми конференцияға қазақ делегациясын бастап барып, барша түркі халықтарына ортақ етіп жасалған латын әліпбиінің жобасына Қазақстан атынан қол қойған академик Ә.Т.Қайдар барлық түркі жұртына ортақ 34 әріптен тұратын латын әліпбиінің сол үлгі жобасын «Кемел елге кемел әліпби керек» деген тақырыппен «Ана тілі» газетіне жариялаған болатын[37.438]. Одан кейін көп ұзамай, осы ғылыми негіздерге сүйене отырып, әрі түркі халықтарына ортақ келісілген латын әліпбиінің жобасын басшылыққа алып, кирилл жазуынан қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесін алғаш көтерген, қазақ әліпбиінің үлгісін жасап, ғылыми ортаға ұсынған академик Ә.Т.Қайдар болатын[37.440]. Осы кезге дейін қазақ жұртшылығы латын графикасымен жасалған әліпбидің диграф, апостроф, акутта әріпүсті бір ноқат алынған түрлерімен танысып, әліпбидің осы үш түрлі нұсқасын талқылауға қатысқан болатын. Апостроф пен қосар таңбалар сөз тұрқын ұзартып, оқу мен жазуға икемді болмады. Ғылыми қауым өкілдері әліпби жасаушылардың қазақ тілі дыбыстарының ерекшелігін барынша ескеріп, мүмкіндігінше «бір әріп – бір дыбыс» ұстанымын сақтауға назар аударуын қалаған еді. Қазақ әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру барысында зерттеу жүргізушілердің бірі тіліміздің өзіндік ерекшеліктеріне, үндестік заңын сақтауға жете назар аударуды атап көрсетсе, ал кейбірі тілдің Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 123 үндестік заңынынан бұрын жазудағы әріптің үнемді жұмсалуы, орыс, ағылшын сөздеріне икемді болуы маңызды деп есептеп, латынмен жазу барысында орфоэпия мен орфография арасын ажырата қарап, сөзді жазылым талабына қарай нақтылап, ал айтылымын сөйлеу барысында ескеретінімізді алға тартады. Сондықтан «к-г» дыбыстарының қыркүйек, көкөніс, шекара сөздерінде қатаң түрде жазылып, ал ұяң түрдегі нұсқасы айтылым кезінде ескерілетіні заңдастырылып жатыр. Қазіргі кезде қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жасаған әліпбидің умлаут және акут арқылы жасалған кезекті жаңа нұсқасын талқылап, пікір айтып жатырмыз. Қазақ әліпбиінің умлаут нұсқасы: № Жазылуы дыбысталуы № Жазылуы дыбысталуы 1 Aa [а] 17 Ƞŋ ң 2 Ää [ә] 18 Oo [о] 3 Bb [б] 19 Öö [ө] 4 Vv [в] 20 Pp [п] 5 Gg [г] 21 Rr [р] 6 Ğğ [ғ] 22 Ss [с] 7 Dd [д] 23 Tt [т] 8 Ee [е] 24 Uu [у] 9 Jj [ж] 25 Ūū [ұ] 10 Zz [з] 26 Üü [ү] 11 Ii [и], [й] 27 Ff [ф] 12 Kk [к] 28 Hh [х], [h] 13 Qq [қ] 29 Şş [ш] 14 Ll [л] 30 Yy [ы] 15 Mm [м] 31 Iı і 16 Nn [н] Әліпбидің бұл екі нұсқасы да ұқсас, екеуінде де 31 таңба бар, айырмасы біреуі – акут, екіншісі умлаут арқылы берілген. Жіңішке «ә», «ө», «ү» дауыстылары умлаут арқылы (Ää, Öö, Üü), ал «ғ» дауыссыз дыбысы бревис диакритикасымен (Ğ ) таңбаланған. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 124 Сонымен қатар, «ң» дыбысы акут арқылы - «Ń», ал умлаут нұсқасында «Ŋ» таңбасымен берілген. Бұдан бұрынғы нұсқалардан тағы бір өзгешелігі «Ii» әрпімен «й, и» дыбыстары, «1ı»әрпімен «і» дыбысы таңбаланған. Ал «у» дыбысы «U» таңбасымен, «ұ», «ү» дыбыстары әріпүсті диакритикасы бар «Ū, Ü» таңбасымен, «ш» дыбысын әріпасты диакритикасы бар «Ş» седиль таңбасымен беру ұсынылған. Бұл нұсқада «Ш» дыбысының мәтін ішіндегі жиілігі жоғары, оны екі таңбамен беру мәтінді жасанды ұзартатыны, оны таңбалауға алынған (sh) қосар әрпі екі түрлі оқылып, шатасу тудыратыны ескерілген. Сондықтан «ш» дыбысының бір седиль таңбасымен (ş) берілуі қазақ тіліндегі «бір дыбыс – бір таңба» принципін сақтауға да мүмкіндік береді. «Ч» дыбысы қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді, осы дыбыспен айтылатын шеттілдік сөздердің саны да өте аз және қолданылу жиілігі төмен деп, «ч» таңбасын әліпбиден алып тастау ұсынылған[40.7]. Әліпбиде «ш» дыбысының «Ş» әрпімен берілуі қазақ-түрік әліпбиінің жақындаса түсуіне де пайдасы бар дұрыс шешім деп есептейміз. Бірақ «й, и» дыбыстарын «Ii» әрпімен, «і» дыбысын «1ı» әрпімен, «ы» дыбысын «Y y» әрпімен белгіленген. Бұл дыбыстардың таңбалануы түрік әліпбиінен өзгеше болып кеткеніне тағы да әртүрлі пікір айтылып отыр. Латын әліпбиіне көшу арқылы ортақ түрік әліпбиін жасауға мүмкіндігіміз де арта түседі дегенбіз. Олай болса, төмендегі кестеден әліпбиіміздегі өзгешелікті көруге болады: № Кирилл Қазақ Түрік Азербайжан 11 и, й Ii Yy Yy 30 ы Yy Iı Iı 31 і Iı Ii Ii Бұл жерде қазақ тіліндегі « ы, і» егіз төл дыбыстары өзара жуан-жіңішке болып, ұқсас таңбалануы керек, әрі таңбалары да туысқан түрік тілдер әліпбиімен жақындастырылғаны жөн. Сондықтан әліпбиге қатысты мәселелер туралы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының айтып жүрген ғылыми Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 125 ұсыныстарын қолдаймыз. Әліпбиде ый/ій қосар дыбыстары және орыс тіліндегі «и» дауыстысы үнемдеу әдісімен бір «Ii» әрпімен берілген. Көбіне жазу мен айтудағы ерекшелігін жете ескермеуден оқулықтарда жиі айтыс тудырып келген «й», «у» әріптерінің қызметі жаңа емледе нақтыланған: «й», «у» әріптері төл сөздерде дара дауыссыз, шеттілдік сөздерде дауысты дыбыс, айтылымдағы «ұу», «үу» және «ый», «ій» дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында жалаң әрпімен жазылатыны айтылған. Жаңа ережеде, мысалы, «ё» әрпі «ө» әрпімен таңбаланатындығы, қосымша соңғы буынның үндесіміне сәйкес «манёвр - манөврдің», «актёр- актөрдің» болып айтылымына жақындата жазылатыны айтылған. Демек, өзге тіл сөздерін қолдануда тіл дыбыстарының ұлттық тілде сөйлеушілердің тіліне бейімделіп айтылуы ескерілген. Зерттеуші ғалымдар өзге тілдегі сөздердің бейімделуін тілдегі кейбір дыбыстардың қазақ тілінің өзінің фонетикалық құбылыстарына сәйкес ұзақ жылғы қолдану, айту үдерісінің нәтижесінде өзіміздің артикуляторлық аппаратымызға «сіңісіп, икемделіп, тілдің артикуляциялық базасына өзгерістер» енгізгенін айтады [41]. Ғалым А.Алдаштың көрсетуінше, жаңа емледе айтылуы қазірге дейін қалыптасқан ауызша коммуникацияда орыс тілінің орфоэпиялық заңдылықтарына сәйкес терминдерінің айтылуы қазақ тілінің заңдылықтарына қарай дыбысталуына (ка-(кә-)> ко) өзгеретін болады (камитет-кОмитет, кампания- кОмпания, камбинат- кОмбинат, камедия- кОмедия, камиссия- кОмиссия, т.б.) [42.86]. Қазіргі жазу заманында тіл динамикасында жазудың қолданысы маңызды болғандықтан оның әсері күшейіп, ал жазба коммуникация дыбысталған сөзді фонологиялық електен өткізіп, сөзді қазақы айтылудың артикуляциялық табиғи ерекшелігіне бейімдей бастағанын байқатады. Бұл жағдай «жазылған сөзді (оптикалық сигнал) дыбыстық сөзге (акустикалық сигнал) көшіру» базалық норманың үлгісіне айналғанын да көрсетеді[43]. Сондықтан қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру арқылы қазақ тілінің жазуы мен әліпбиін тіліміздің дыбыстық жүйесіне сай келтіріп, тіліміздегі басы артық кірме сөздерден арылып, мемлекеттік тілдің мәртебесі әлемдік стандартқа сай келуіне мүмкіндік жасалады. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 126 халқымыздың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуіне қамқорлық жасап, арнайы бағдарлама бойынша келешек ұрпақтың үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) еркін игеруіне барлық жағдай жасап жатыр. Сондықтан латын әліпбиіне көшу ісі де мемлекеттік тілді дамытуға жасалып жатқан кезекті үлкен шаралардың бірі болып табылады. Латын қарпі - қазақ жазуының жаңғыруының негізі, сондықтан ұлттық әліпбиіміз бен жазу емлемізді ана тіліміздің табиғи дыбысталымына сай құрастырып, осы әліпби арқылы туысқан түрік халықтарымен жазуымызды да жақындата түсуіміз керек. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 127 Қорытынды Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Осы тұрғыда қарағанда, жазуымыздың латын графикасына көшірілуі мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге де қосар үлесі зор. Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміз керегесін кеңге жайып, егеменді елімізбен қатар дамып, мемлекеттік тілге деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай келуін күнделікті өмірдің өзі талап етіп отыр. Қазір шетелдермен әр түрлі саладағы байлданыстардың күшеюіне байланысты осы шараларды рәсімдеу құжаттарын жазуда латын әріптерінің қажеттілігі анық байқалады. Сондай-ақ Елбасының мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы сарабдал саясаты, оның шетелге барған сапарында БҰҰ мәжілісінде қазақ тілінде сөйлеуі қазір мемлекеттік қызметтегі адамдарға ерекше ықпал етті деп айта аламыз. Қазір шетелден келушілер саны көбейіп, Қазақстанға әлемнің назары ауып отырған тұста еліміздегі өзге ұлттармен қатар, шетел азаматтарының да мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы артып отыр. Сонымен бірге қазақ жазуының латын әріптеріне көшірілуі ел болашағы - жас ұрпақтың оқу-білім және ғылым жолындағы ізденістеріне де жол ашады. Қазіргі заман - жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас іс қағаздары, компьютер, интернет, агент т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі- дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Латын Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 128 әріптерімен жазу арқылы басқа тілді де меңгеру, оны жазу да бір- біріне жақындап, бір әріптен екінші әріпке ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, тілдің қолданысына да оң әсер етеді. Осындай жағдайда білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдете түсуге ықпал етеді. Сонымен бірге кез-келген әліпбиге қойылатын талаптар бар десек, оның ішінде алдымен негізгі үш-төртеуін айтуға болады: 1)әлеуметтік жағы(көпшілікке тиімді, қолдауына ие болуы), 2)графикалық (әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазуға оңтайлы болуы), 3)техникалық (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.), 4) лингвистикалық (тілді дәл жеткізуі) талаптарға сай болуы керек. Қазіргі таңда латын әліпбиі осы талаптар биігінен көрініп, үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіріп келген ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік туды. Дүниежүзі елдерінің 80 пайызы латын қарпін қолданады екен. Ендеше латын әліпбиінің болашағы да зор. Қазір латын негізді қазақ әліпбиі қабылданған соң, енді жаңадан ұсынылған қазақ тілі емлесінің Ережелері жобасын талқылау жұмыстары да мәреге жеткендей болды. Емле ережелері Жобасы талқыланып, пікірлер айтылды. Жалпы алғанда қазақ тілі әліпбиі мен емлесін латын графикасына көшіру жұмыстары тіл мамандарының үлкен белсенділікпен қатысуымен атқарылып келеді. Жаңа мазмұнды Қазақ емлесінің негізгі ережелерін дайындау барысында біртуар ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбановтың, латын графикасына ауысу идеясының көшбасында болған академик Ә.Қайдар, қазіргі қазақ жазуының ғылыми ортологиялық негізін қалаған көрнекті ғалым академик Р. Сыздықтың, сонымен қатар түркітектес халықтардың тәжірибесі жан-жақты ескерілген. Емле ережелері ұлттық тіліміздің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуына, тіліміздің дыбыстық қорының мүмкіншілігін толық қамтуына ерекше назар аударылған. Жаңа емле жобасында бұрынғы Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 129 ережелеріміздің негізі сақталып, сөздерді біріктіріп жазу тәртібі, ғылым мен техниканың әртүрлі саласына қатысты теминдік мағынаға ие болған сөз тіркестерінің жазылуы, адам аттарының емлесі, кейбір жарыспалы тұлғалардың емлесі, өзге тілден келген сөздерді қазақтың сөйлеу тіліндегі айтылуынша жазу туралы, т.б. мәселелер жетілдірілген. Осы орайда, жаңа емле ережелерін құрастыруда жазу тарихымызда құнды ғылыми ойларын қалдырған А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов, т.б. туматаланттар мен олардың соңынан осы салаға еңбектерімен өзіндік үлестерін қосқан М.Балақаев, І.Кеңесбаев, А.Аманжолов, Р.Сыздықова, Н.Оралбаева, Н.Уәли, Қ.Күдеринова, Г.Мамырбекова, сияқты т.б. ғалымдар зерттелуінің маңызы зор болды деп есептейміз. Жаңа емле қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сай жүйелі, ғылыми тұрғыда құрастырылғандығымен ерекшеленеді. Емледе бұрынғы жазылуы әртүрлі болып келген орфограммалар бір ізге түсірілгені анық байқалады. Латын әліпбиі – өркениеттің жазуы, оқу құралы, өмір талабы, тек дамудың кілті ғана емес, рухани жаңғырудың басты бір баспалдағы, әлемдік ақпарат кеңістігінің тура жолы, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Латын әріптері - әлемдік талаптарға сай жазу, латын әліпбиі өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Елбасымыз бастап, халықтың қолдауымен қазақ жазуына латын графикалы әліпби мен емле ережелерін дайындап, қолданысқа ұсынатын уақытқа келдік. Сондықтан латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз. Жаңа ғасырда жаңа әліпбиімізді меңгеріп, жазуымызды түзесек, тіліміздің де болашағы жарқын болады деп білеміз. Елімізде латын әліпбиі туралы алғаш сөз қозғалғаннан бері ғылыми ортада латын әліпбиінің мүмкіндіктері мен оны қазақ әліпбиіне көшіру мәселесі жөнінде түрлі дәрежедегі жиындар болып, көптеген ғылыми зерттеу мақалалар да, түрлі авторлардың құрастырған әліпбилері де жарияланып, ғылыми ортада талқыланып келеді. Латынға көшу қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызып, Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 130 мемлекеттік тіл дәрежесіндегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі орфографиямызды жетілдіру, сөзіміздің қазақ тілінің табиғи үндесіміне сай жазылуын қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Заман ағымына сай тіл де үнемі дамып, сөздік құрамы толыға түседі. Күнделікті өмірде танылған барлық заттар мен құбылыстар сол тілде сөз арқылы қолданыс табады. Егер осы сөздер өз ана тілінде, немесе ана тілдің заңдылығына бейімделіп қолданылмаса, онда кез-келген тілдің сөздік қоры жұтаң тартып, ол тілдің табиғи заңдылықтары бұзыла бастайды. Барлық уақытта да тілдің өзіндік заңдылықтарын ескеріп, үнемі жетілдіріліп отыруы керек. Сондықтан латын негізді жаңа әліпбиде сөзіміздің қазақ тілінің басты заңдылығы-үндестік заңына сай жазылуына назар аударылуы керек деп есептейміз. Сонымен бірге, басқа тілден сөз алмаған таза тіл жоқ, барлығында да өзге сөздер бар, бірақ өзге сөздерді өз сөздеріндей өзгеріске түсірген. Сондықтан қазақ тіліндегі кірме сөздер де тіліміздің заңдылықтарын бұзбай, қазақ тілінің заңдылығына бағынып енуі тиіс. Осы орайда, жаңа емле ережелері жан-жақты зерделеніп, тіліміздің табиғатына сай жүйелі құрастырылып жатқанын да жауапты мамандар атап көрсетіп отыр. Әліпбиден басы артық әріптердің шығарылып тасталғаны да тіліміздің төл заңдылықтарына сай айтып-жазуды қалыптастыру мақсатынан туындаған іс болып табылады. Бүкіл туысқан түркі халықтарының түркі ортақ латын әліпбиіне көшуі тіліміздің өзара туыстығын одан әрі жақындатып, болашақтағы байланысымызды одан әрі жақсарта түседі. Латын графикасы қазақ әліпбиі мен жазуының әлемдік талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 131 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1.Назарбаев Н.Ә. Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық.// Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006. 25 қазан. 2.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан халқына Жолдауы.- Астана,Ақорда.14.12. 2012 ж. 3. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»//Егемен Қазақстан газеті. №70 (29051). 12 сәуір, 2017 жыл. https://egemen.kz/ article/nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghdar-rukhani- zhanhghyru 26.04. 2017. 4. Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің нұсқасы. - Астана, Парламент. 11.09. 2017 ж.. 5.ҚР Президентінің арнайы сайты. Латын әліпбиіне көшу . - Астана, 9 қазан -Sputnik. 6. Назарбаев Н.Ә. ҚР Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру турлары» №569 Жарлығы. 26.10.2017 ж. 7.Назарбаев Н.Ә. ҚР Президенті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері». Қазақстан халқына Жолдауы.- Астана,Ақорда.10.01. 2018 ж. 8. Назарбаев Н.Ә. ҚР Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы. №637 Жарлығы. 19.02.2018 ж. Астана, Ақорда. 9.Жаңғырудың жаңа белесі// Айқын газеті-Aikyn.kz. 08.08.2017ж. 10. Латын әліпбиіне көшу мәселесі.// Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газет. 15.11.2017 ж. 1- б. 11. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. - Алматы: Қазақстан, 1988. - 400 б. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 132 12.Әліпби әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашады// Egemen.kz сайты. 23.08.2017 ж. 13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1999.-581 б. 14.Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы: Мем.тіл. дамыт. орталығы, 2010. - 380 б. 15. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б. 16.Бизақов С. Жазудағы бірізділікті қалай сақтаймыз?// Ана тілі газеті, №34(1292). 02.09.2015.-4 -б. 17.Жүнісбек Ә. Әліпби ауыстыруды жазу реформасына айналдыру керек. -Орал,2007.-32 б. 18.Жексенғалиев Б. Жат сөзге жармаса бермейік// Ана тілі газеті, №9(1121). 28.02.2013.-5-б. 19.Бизақов С. Емлені ескеруіміз керек.// Ана тілі газеті, №7(1121). 14.02.2013.-4 -б. 20. Күдеринова Қ.Ұлттық әліпби ұлттық дыбыстарымызға қиянат етпеуі керек// MINBER.KZ-Ұлттық Интернет газеті.08.09.2017 ж. 21.Досмұхамедов Х. Таңдамалы. - Алматы: Ана тілі, 1998. - 384 б. 22. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбаты// Ана тілі газеті, 11.05.2006. - 7-б. 23.Фазылжанова А. Латын әліпбиіне көшу Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінде қалай жүргізілді? // Ана тілі газеті, 24 қаңтар, 2013 ж. (anatili.Kazgazeta.kz сайты). 24.Ислям К.С. Латын тілінің шығу тарихы: оқулық. – Павлодар, 2007.– 80 б. 25.Садуақас Н.А. Латын графикасы және төл дыбыстарымыз//. Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Латын әліпбиі: тарихы мен мәселелері» Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 133 тақырыбын да өткен онлайн- конференция материалдары жинағы.(20.10.2017ж.). -Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе ӨМУ,2017.- 49-53 б. (ARSU.KZ сайты:ғылым мен иновациялар). 26.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.- Астана,Ақорда.17.01. 2014 ж. 27.Мұсабекқызы А. Жаңа емле: ой. пікір. ұсыныс.// Ана тілі газеті, №37(1451). 06-12.09.2018.-1-4 -б. 28.Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері. Жоба.- Астана: tilortalyk, 2018.- 30 б. 29.Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері . – Алматы: Рауан, 1996.-285 б. 30.Садуақас Н.А. Латын қарпі – өркениеттің жазуы, өмір талабы. // Гуманитарлық зерттеу мәселелері (ғылыми мақалалар жинағы) №26. – Ақтөбе, Қ.Жұбанов атын. АӨМУ, 2017. –16-21 б. 31.Күдеринова Қ. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы.-Алматы: комплекс, 2005.-144 б. 32. Күдеринова Қ. Бірге ме, бөлек пе? – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2017. – 84 б. 33.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. -Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б 34.Жүнісбек Ә. Жазу реформасы: кірме таңбалардың оқу- әдістемелік талданымы(тіл бұзар әріптер)//«Латынға көшу: тәжірибе, проблемалар, оларды шешу жолдары» халықаралық конференция материалдары жинағы (29.03.2018).- Ақтөбе: Облыстық тілдерді дамыту басқармасы, 2018.-42-46 б. 35. Садуақас Н.А.Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселелері// «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы» халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдары. -Атырау: «Инфорсервис» баспа орталығы,2018.-152-157 б. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 134 36. Латын графикасын негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. / Ред. алқа: Қ.Ш.Хұсайын, Ә.Нсанбаев, К.Н.Бұрханов, С.А.Қасқабасов, М.Қ.Әбусейітова, Н.Қ.Нұрланова, М.Айдаранов, С.Құнанбаева. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. - 410 б. - 138-139 бб. 37. Қайдар Әбдуәли. Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар, баяндамалар жинағы. 2-том. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.- 512.- б. 38. Алпатов В. Реформа алфавита: латиница или кириллица // Журнал. «Русский язык», №9, 2004. Режим доступа: https://www.ca- c.org/journal/2002/journal_rus/cac-02/15.alpru.shtml 39. Түркі ортақ латын әліпбиі. http://www.atalarmirasi.org/19- turki-ortaq-latyn-alipbii 40. Садуақас Н.А. Әліпбидің акут және умлаут нұсқалары туралы // Tilderdi oqytý: izdenis jáne ádisteme/Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме/Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы, Тілдерді оқыту орталығының ақпараттық-әдістемелік журналы. № 2. 27 маусым. - Ақтөбе, 2020. -100 б. - (6-8 б.). 41. Базарбаева З.М. Қазақ фонологиясының негіздері. -Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. - 120 б. 42. Алдаш А. Шеттілдік сөздердің латыннегізді әліпби бойынша орфографиялануы. // Латын әліпбиіне көшу: ғылыми-тәжірибелік негіздер, даму процесі және басты мәселелер. - Астана: «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ, 2018. - 280 б.(81-87 б.). 43. Уәли Н. Графика. Орфография. Орфоэпия. Монография. - Алматы, 2018. Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 135 МАЗМҰНЫ Алғы өз ...........................................................3 1.Латын әліпбиіне көшу мәселелері ............4 2.Латын әліпбиіне қатысты деректер ...........23 3. Жаңа әліпби негізіндегі емле .................42 4. Қорытынды ….............................................63 Пайдаланылған әдебиеттер ...........................66 Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ТАҢБАСЫНА КӨШІРУ 136 Садуақас Нұрбол Абдуллаұлы Миров Мұхтар Орынбасарұлы Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру (Оқу құралы) Mersin Akademi Yayınları - ISBN: 978-625-7292-03-0 Mer Ak Publishing House