Уикипедия — Уикипедия
Мазмұнға өту
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Уикипедия
Wikipedia
URL
wikipedia.org
Коммерциялық
емес
Сайттың түрі
Желілік энциклопедия
Тіркелу
Міндетті емес
Тіл(дер)і
344 тілде
Сервердің орналасқан жері
АҚШ
Иесі
Уикимедиа қоры
Авторы
Джимми Уэйлс
және
Ларри Сэнгер
Ашылған уақыты
15 қаңтар
2001 жыл
Қазіргі статусы
белсенді
Уикипедия
ағылш.
Wikipedia
ХФӘ
/ˌwiːkiːˈpiːdi.ə/
, не
/ˌwɪkiːˈpiːdi.ə/
, немесе
/ˌwɪkɪˈpiːdi.ə/
) — Уики технологиясының негізінде жасалған оқырмандар мен авторлар үшін тегін және ашық, көптілді, онлайн
энциклопедия
. Энциклопедия
Уикимедиа қорының
www.wikipedia.org
доменінде орналасқан. Жобаның иесі және оның дамуына жауапты Уикимедиа қоры болып саналады. Жобаның атауы «уики» немесе wiki (сайт құру технологиясы) және энциклопедия сөздерінен құрылған. Қазіргі уақытта энциклопедияның 344 тілде тараулары бар. Барлық тілдердегі мақалалардың жалпы саны 66 миллионнан асты.
Уикипедия сайтына кірген кез келген тұтынушының ондағы материалдар мен тақырыптарды өзгертуге құқығы бар. Уикипедияны толықтырып, мақала жазуға қатысып отыратын тұрақты қатысушыларды «Уикипедияшылар» деп атайды.
Уикипедия тарихтағы ең ірі және ең көп оқылатын
анықтамалық
болып саналады.
Тарихы
Толық мақаласы:
Уикипедия тарихы
Уикипедиянің негізін
2001 жылдың
қаңтар айында
Джимми Уэйлс
бен
Ларри Сэнгер
қалаған еді. Көлемі мен қамтитын тақырыптар саны жөнінен Уикипедия әлем тарихындағы ең толық энциклопедия болып саналады және оның ең үлкен артықшылықтарының бірі - ондағы мақалалардың әлемнің түрлі тілдерінде болуы.
Уикипедиядағы мақалалардың мазмұны сенімсіз әрі олар нақты деректер емес. Сыншылар Уикипедия вандализмге біртабан жақын екенін айтуда және олардың пікірінше ондағы материалдар сенімсіз дереккөздерге сүйенген, жалған ақпараттар болуы мүмкін. Алайда ғылыми зерттеулер нәтижелері Уикипедияшылар тарапынан вандализмге әдетте жол берілмейтінін көрсетіп отыр.
Энциклопедиялық мағлұматнама функциясын атқарумен қатар, жиі жаңартылып отыратындықтан Уикипедия желілік ақпарат тасымалдау көзіне айналды.
Уики - (
ағылш.
Wiki
) арнайы құралдармен сайт құрылымын әр тұтынушыға өзгертуге мүмкіндік беретінт веб-сайт. «Уики» терминін тұңғыш рет
1995 жылы
сайттарды сипаттау үшін
Уорд Каннингем
қолданды, Wikiwikiweb деп аталатын ен алғашқы уики-жүйенің атауы гавай тілінен аударғанда «жылдам-жылдам желі» деген мағынаны білдіреді.
Уорд Каннингем және оның көмекшісі
Бо Леуф
өздерінің «The Wiki Way: Quick collaboration on the web» кітабында «Уики» концепциясын былай тұжырымдаған:
Уики кез келген қолданушыға сайтты өзгертуге және жаңа беттер құруға мүмкіндік береді және бұл үшін қарапайым веб-браузерді қолдануға болады.
Уики-жүйесі беттер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Уики сайты кездейсоқ қолданушыларға емес, керісінше сайт құру процесіне үздіксіз қатысып отыратын қолданушыларды жұмылдыруға арналған.
Уики-жүйесінің қасиеттері:
Бір мәтінді бірнеше рет өзгертуге мүмкіндік береді.
Ерекше тіл белгілері - «уики белгілер» деп аталады, мәтін құрылымын элементтер мен гиперссылкалармен, сондай-ақ басқа да түрлі құралдар арқылы көркемдеуге боладыі.
Өзгерістерді есепке алу - жаңа өзгертулер мен ескі өзгертулерді салыстыру, сонымен қатар ескі ақпаратты қайта орнына келтіруге мүмкіндік береді.
Көп авторлар - сайтқа қонақ болған кез келген тұтынушы ондағы мақалаларға өзгерістер енгізіп, толықтырып немесе қысқарта алады.
Тағы қараңыз
Портал «Интернет»
(274301) Уикипедия
астероиды
Уикипедия ескерткіші
Дереккөздер
Wikipedia is 20, and its reputation has never been higher
(9 қаңтар 2021).
Мақала саны 100 000 асатын
Уикипедия
бөлімдері
2 500 000+
Ағылшынша
en
Себуанша
ceb
Немісше
de
Французша
fr
Шведше
sv
1 000 000+
Нидерландша
nl
Орысша
ru
Испанша
es
Итальянша
it
Полякша
pl
Жапонша
ja
Вьетнамша
vi
Варайша
war
500 000+
Португалша
pt
Қытайша
zh
Украинша
uk
250 000+
Каталанша
ca
Түрікше
tr
Парсыша
fa
Серб-хорватша
sh
Норвегше (букмол)
no
Арабша
ar
Финше
fi
Индонезше
id
Румынша
ro
Чехше
cs
Мажарша
hu
Сербше
sr
Корейше
ko
Малайша
ms
100 000+
Минангкабау
min
Эсперанто
eo
Қазақша
kk
Баскша
eu
Датша
da
Словакша
sk
Болгарша
bg
Армянша
hy
Ивритше
he
Литваша
lt
Хорватша
hr
Словенше
sl
Эстонша
et
Өзбекше
uz
Галисияша
gl
Норвегше (нюнорск)
nn
Волапюк
vo
Латынша
la
Жеңілдетілген ағылшынша
simple
Грекше
el
Хиндише
hi
Шешенше
ce
Әзербайжанша
az
Бөлімдердің толық тізім
10000—50000
10000—100000
» бетінен алынған
Санаттар
Алфавит бойынша сайттар
Уикипедия
Уикипедия тарихы
2001 жылы құрылғандар
АҚШ сайттары
Уикипедия
Тақырып қосу